Бүгін Жетісай аудан ындаҚазақстан Республикасы Конституциясының 23 жылдығына орай «Айбарлы елді асқақтатар – Ата заң» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Салтанатты шараға Жетісай және Мақтаарал аудандарының мемлекеттік, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекелік жиында сөз алған Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтап, құқық қорғау саласында аянбай тер төгіп жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, осы шарада таяуда өткен «Қауын фест» фестивалінде «Үздік карвинг өнері», «Ең шырын сусын» номинациялары бойынша бірқатар кәсіпкерлік нысандарының басшылары ақшалай сыйлық пен марапатқа ие болды.
«Биыл Ата заңның қабылданғанына 23 жыл толды. Елдің ел болып қалыптасуы мен даму үрдісінде Конституциямыздың алар орны ерекше. Жалпыға бірдей міндеттелген Конституция заңдарын Тәуелсіз еліміздің барша азаматы білуі және бағынуы, қастерлеуі тиіс. Өйткені, заң – мемлекеттік тұғыры», — деді Жамантай Қанайұлы.
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.