Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Арнайы, Жоғарғы, Премьер және Аймақтық лигалардың үздіктері мен аудан-қалалардағы жас «Жайдарманшыларға» арналған 3 күндік (24-26 тамыз) семинар-тренинг лагері өткізілді.
Лагерь бағдарламасына «Самғау – 2018» кинофестивалінде байқауға түскен фильмдердің көрсетілімі, республикалық жайдарман ойындары жұлдыздарының жас командаларға арнап өткізген семинар-тренингтер, сондай-ақ, осы жылғы лагерьдің ерекшелігі – бағдарламаға «Тимбилдинг» енді. «Тимбилдинг» – бұл әлеуметтік-психологиялық тренинг, оның негізгі мақсаты – жайдарманшылар ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады.
Асхат Әссанди