2018 жылдың басынан бері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бастамасы бойынша Астана қаласы, Маңғыстау облысы әкімі аппараттарында, Әділет министрлігінде және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жалақы төлеудің жаңа жүйесі пилоттық апробиясы іске қосылды. Онда қазіргі таңда факторлы-балдық шкала бойынша жалақы төленуде.

Жаңа жүйе екі бөліктен тұратын болады. Ол – факторлы-балдық шкала негізіндегі кепілдендірілген лауазымдық жалақы және бонустар.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Брифинг барысында мемқызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі талқыланды.
Ә.Ә.
Азат Дидарбектің фоторепортажы