Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті (страница 34)

Көкейтесті

ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте қала күні мерекесін атап өту басталып кетті. Іс-шара алдымен оқушылардың шеруімен басталды. Әл Фараби алаңында өткен ерекше шеруді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдіраxымов және елағалары мен шаһар тұрғындары тамашалады. Алаңға жинаған өнер мектебінің шәкірттері, музыка және хореография ұжымдары мен жас спортшылар мерекелік шерумен жүріп өтті. 1500-ден астам оқушы қатысып, сап түзеген ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТІҢ ДАМУЫ

Өңір басшысы облыста «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін 158 кооператив ашылғанын хабарлады. Ауыл шаруашылығы саласына бағытталған инвестиция көлемі 21,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артқан. Аймақ басшысы осы саладағы ілкімді істердің бірі — биыл Шымкент механикалық зауытының базасында модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталғанын айтты. Бүгінгі таңда 15 модульдік сүт қабылдау ...

Толығырақ »

ЖИЫН ӨТКІЗДІ…

Премьер-министр Оңтүстіктен Солтүстік аймаққа көшу мәселесіне де тоқталды. Бұл бағытта жүйелі  жұмыстардың атқарылу барысын сөз еткен Бақытжан  Сағынтаев көшіп барған азаматтарға жер беру, оларды тұрақты жұмыспен, баспанамен қамту қажеттігін атап өтті. Әсіресе, іскерлік қабілеті жоғары шаруалар мен кәсіпкерлерді жіберу қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев туризм және кәсіпкерлік салаларында атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Мемлекет басшысының ...

Толығырақ »

ӘЛЕУЕТТІ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША

Шымкенттегі «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен туризм және кәсіпкерлік салаларының даму мәселелері мен жұмыспен қамту, еңбек ресурстары бойынша жиын өтті. Отырысқа еліміздің бірқатар министрлері мен солтүстік облыстары әкімдерінің орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырған Үкімет басшысы Елбасының тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмысымен ...

Толығырақ »

ОҚО-ДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ

Жаңа жүйе қоланысқа енсе, қағаз түріндегі құжат айналымы азайып, науқастардың медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруін едәуір қысқартады. Сондай-ақ, облыс халқы республикада алғашқылардың бірі болып, электрондық денсаулық паспорттарына қол жеткізбек. Биыл облысымызда модульдік яғни құрамалы медициналық пункттерді сатып алу жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 20 модульдік медициналық пунктер ел игіліне берілмек. Осындай бір пункттің құны жергілікті бюджет үшін құрылыс салуға ...

Толығырақ »

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕТІН БОЛАДЫ

Алдағы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында бірыңғай Call-орталығымен планшет арқылы байланыспен жабдықталған 74 бірлік санитарлық автокөлік жұмысын бастайтын болады. Аталған жаңа жүйе әрбір медициналық көмек бригадасына науқасқа жету уақытында онлайн режимде пациент туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы қаладағы №4 облыстық перинаталды орталығында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бастаған жұмысшы топ алдында баяндама ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

Елбасы тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына барды. Онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының, сондай-ақ АӨК дамыту және «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаларының, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысады. Бақытжан Сағынтаевтың ОҚО-дағы жұмыс сапары Түркістан қаласынан бастау алды, онда Премьер-Министр өнімдері облыстың барлық аудандарына жеткізілетін ...

Толығырақ »

ШОБ-ТІ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді, онда өңірде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды. Кеңес барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыру, Шымкент қаласында халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын жаңғырту және салу, сумен қамту жүйесін қалпына келтіру, өсімдік шаруашылығын субсидиялау, отандық тауарларды экспорттау кезінде кездесетін ...

Толығырақ »

АВИАОТЫНДЫ ӨНДІРУДІ 1,5 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙТАДЫ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Шымкенттегі бірқатар нысандарды аралады. Үкімет басшысы алдымен «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де болып, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту және қайта құрастыру  жобасының іске асу барысымен танысты. Нысандарды аралау кезінде Премьер-министр пайдалануға берілген шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысынның жұмысын көріп шықты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ...

Толығырақ »

ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындарды аралап көрді. Жұмысшы топ шыны бұйымдар шығаратын «Еврокристалл» зауыты болып, өндірістік процесспен және дайын өнім түрлерімен танысты. Айта кетейік, кәсіпорында түрлі қалыпта, сыйымдылығы 200 мл-ден 3 литрге дейінгі түссіз және жасыл түсті бөтелкелер мен құтылар әзірленеді. Осынау өнімдерге Қазақстанның барлық аймағы мен Қырғызстаннан тапсырыстар келіп түсуде. Жылына 200 млн ...

Толығырақ »

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгін «Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовпен кездесті. Кездесу барысында екі жақты әріптестікке қатысты бірнеше мәселе талқыланды. Өңір басшысы уран өндіретін кәсіпорынның облыс үшін аса маңызды екенін атап өтіп, компания өкілдерін кәсіби мерекелері – атом өндірісі қызметкерлерінің күнімен құттықтады. «Қазатомпром» компаниясы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына едәуір үлес қосуда. Өндірісте соңғы үлгідегі жаңа технологиялар қолданылуда. ...

Толығырақ »

КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірдегі іскер азаматтармен кездесті. Жиынға Шымкент қаласындағы «Оңтүстік», «Тассай», «Бадам» индустриалды аймақтарында орналасқан 60-тан астам шағын және орта бизнес өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары Б.Жамалов, тиісті сала басқармаларының басшылары, «Оңтүстік» индустриалды аймағы дирекциясының өкілдері қатысты. Басқосуда өңір басшысы кәсіпкерлерге қолдан жасалатын кедергілер жойылып, бюрократияға жол берілмеу керектігін айтты. «Өңірдің ...

Толығырақ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браунмен кездесті. Екіжақты кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Өз кезегінде өңір басшысы Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру бойынша облыста шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және жаңадан жұмысын бастаған бизнес субъектілерінің бастамаларына қаржылық қолдау көрсету шаралары бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп ...

Толығырақ »

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАЙДЫ

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында ауыл жастарының форумы өтті. Жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, Қазақстан өзбектері «Достлик» қауымдыстығының төрағасы И.Хашимжанов, облыстық білім басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшылары мен ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Мақтаарал ауданында мемлекеттік қызметтердің сапасын және электронды түрде көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру жөнінде мәжіліс өтті. Жиынға қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық қызмет ұсынушы бөлімдердің басшылары, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты. Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» басқармасының бас маманы, топ жетекшісі Нұржан Сарғалдақов баяндама жасап, жиынға қатысушыларды ...

Толығырақ »

20 ДӘРІГЕР ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА БОЛДЫ

Оңтүстікқазақстандық 20 дәрігер Кенгидо провинциясының вице-мері мен денсаулық сақтау министрінің қабылдауында болды. Онда қос тарап провинция медицина саласының жетістіктері мен медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы жайлы сөз қозғаған. Баспасөз конференциясында сөз алған Шардара аудандық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова медициналық сақтандыру жүйесін ендіруде елу жылдық тәжірибе бар Оңтүстік Кореяның жүйесін өңірімізде жүзеге асыруға болатынын айтты. Арыс аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері ...

Толығырақ »

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ

ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Кореяның үздік клиникаларында тәжірибе алмасып қайтқан бірқатар аудандық ауруханалардың бас дәрілерлері брифинг берді. Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық орталық ауруханаларының бас дәрігерлерінен құралған 20 маман  облыс әкімінің қолдауымен, денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен Оңтүстік Корея республикасына барып, тәжірибе алмасып қайтты. Спикерлердің айтуынша, жұмыс сапардың басты мақсаты дүниедегі алдыңғы қатарлы медицинасы дамыған елдердің бірі саналатын Оңтүстік Корея мемлекетінің ...

Толығырақ »

1153 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары биылғы жылдың сегіз айында 1153 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 391 алтын медаль болса, 384-і күміс, ал 378 қола медаль. Оның арасында 51-і Азия чемпионы, ал 9 әлем чемпионы. Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникацилар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев мәлімдеді. Сонымен қатар, өңірдегі бұқаралық спорттың дамуы туралы баяндаған басқарма ...

Толығырақ »

116 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында осы жылы облыстық құрылыс және аудан, қала әкімдіктері тапсырыс беруші болып табылатын 209 инвестициялық жоба іске асырылуда. Аталған нысандардың 116-сы жыл соңына дейін тапсыру жоспарланса, 93 нысан келер жылға өтпелі. Осыған сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен штаб отырысы өткізілді. Жиында облыс аумағындағы әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалау-сметалық құжаттамалардың ...

Толығырақ »

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСТЫ

Өзбекстан мен Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығы алғашқы нәтижелерін бере бастады. Таяуда ғана Мемлекет басшысының Ташкентке жасаған ресми сапарында да жаңа келісімдерге қол жеткізілді. Енді екі ел арасындағы байланыстардың тереңдеуінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық техника яғни газ плитасын шағаратын цех іске қосылды. «Бадам» индустириалды аймағындағы жаңа кәсіпорынды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті ...

Толығырақ »

ЕНГІЗУГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде қойылған 105 озық технологияларды өндіріске енгізуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы обыс әкімі Жансейіт Түймебаев халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды өңірде қолдану мәселелері бойынша өткен жиында мәлім етті. Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорындарда озық технологиялар қарастырылған 27 жобаны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, «Шымкентмай» АҚ-ы каталитикалық деаэроциондық қондырғыны өндіріс ...

Толығырақ »

«САМҒАУ – 2017» КИНОФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мамыр айында бастау алған жас режиссерлар байқауы ақтық мәреге жетіп, үздіктердің арасынан өз жеңімпаздарын анықтады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттай отырып, Оңтүстіктің дарынды жастарын қолдап, ой салар туындыларды жарыққа шығару мақсатында өткен фестивальге 100-ден аса шығарма ұсынылып, ақтық мәреге 17 туынды жолдама алған болатын. ...

Толығырақ »

«ЯСАУИТАНУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

«Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай ҚР Мəдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркі əлемінің жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану» Халықаралық байқауы өтті. Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында өткізілген шараға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен үздік 42 оқушы қатысып білімдерін сарапқа салды. Білім және өнер ...

Толығырақ »

ЖАҢА 12 ТРАКТОРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Мақтарал ауданы Қазыбек би ауылдық округіндегі «Береке-мақта» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі биыл толағай табыстарға кенеліп отыр. Олай деуге негіз де жоқ емес. Биылдың өзінде кооператив 5740 гектарға мақта егіп, әр гектарынан 24-25 центнерден өнім алуда. Мақтаның алғашқы қол терім жұмыстарын қыздырып жатқан кооперативте бүгінде 100-ге жуық адам мезгілдік жұмыстарға жұмылдырылыпты. Терімшілерге мақтаның әр келісіне 25 теңгеден төленуде. «Қол терім жұмыстарын жүргізген ...

Толығырақ »

АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ

Оңтүстік Қазақстан облысында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Африка елдерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды. Шымкент қаласының «Көрме» орталығында 10-шы қазанға дейін өтетін шара екі ел арасындағы туризмді дамыту, инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашу, іскерлік қатынастарды жақсарту мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Көрменің ашылу салтанатына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Африка елі қонақтарына қош келдіңіздер дей отырып, олардың алып келген өнімдерін ...

Толығырақ »