Әбдібақыт Тіллабайұлы облыстың экономикасының дамуына ерекше үлес қосқан азамат. Қаланың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіп, жол да жақсарып, бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткен. Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейі жоғарылағаннан-ақ Әбдібақыт Тіллабайұлының атқарған жұмыстарының жемісін көруге болады. Бір сөзбен айтқанда әкім болып келгелі шағын шаһардың шырайы кіре бастады.
Ол 1961 жылдың 29-қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1983 жылы К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын агроном мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1983-1985 жылдары «Коммунизм» совхозының комсомол комитеті хатшысының орынбасары болған. 1985-1986 жылдары «Коммунизм» қой совхозы, тұқым шаруашылығы бойынша аға агрономы болып жұмыс істеген. 1986-1989 жылдары Қазақстан Ленин коммунистік жастар одағының (бұдан әрі — ЛКЖО) аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1992 жылы Шымкент облысы әкімшілігі аппараты, ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы болып шықты, жане сол жылы Облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалады. 1992-1994 жылдары «Шаруа» Оңтүстік Қазақстан агроөнеркәсіптік өндірістік-коммерциялық концерні, менеджмент және маркетинг бойынша вице-президенті болады. 1994-1995 жылдары Облыс әкімшілігі ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болды. 1995-1998 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі болып қызмет еткен.
1998-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болды. 2002-2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болды. 2005-2008 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Көш-қон басқармасының бастығы болады. 2008-2010 жылдары Көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаментінің директоры болды. 2010-2012 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ОҚО бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары болып қызмет етеді. 2012-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болып, 2014 жылдан қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімі.