Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҚАЙРАТ МОЛДАСЕЙІТОВ

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҚАЙРАТ МОЛДАСЕЙІТОВ

Молдасейітов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген.  Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда.

Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам.
Еңбек жолын 1992 жылы «Күнгей» ЖШС-тың директор қызметінен бастады. Одан кейін 1995-2000 жылдар аралығында Ақтөбе қаласының «Трансмарс» ЖШС-де және 2002-2004 жылдары Шымкент қаласының «КИТ Со» ЖШС-де директордың орынбасары болса, ал 2004-2009 жылдар аралығында «КИТ Со» ЖШС мен «Отау құрылыс» ЖШС-де басшылық етті.

2007-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан обласының Мәслихат депутаты. Содан 2009-2012 жылдары Түркістан қаласының әкімі және 2012-2013 жылдар аралығында Шымкент қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Ал қазіргі таңда «Отау Групп» компаниясының Президенті және Оңтүстік Қазақстан облысы Мәслихатының 6 шақырым депутаты қызметін атқаруда. Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласындағы Мажарстанның құрметті консулы лауазымына тағайындалды.

Кәсіпкерлікпен айналысып жүрген сәтінде іскерлікпен көзге түскен  ол, билік саласына келгенде іскерлікпен қоса, қамқорлық қасиеті де жоғары екенін көрсетті. Атап айтсақ, Түркістан қаласында басшылық кезінде өз қаражаты есебінен 100 баланы қабылдайтын «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» және мүгедектерге арналған 16 пәтерлі тұрғын үй салып берді. Одан бөлек, Шымкент қаласына әкім болып келген кезінде «Нұрсәт» шағынауданынан ЖИТС (СПИД) індетін жұқтырған балаларға арнап «Ақпараттық оңалту орталығынының» құрылысын бастап, 2014 жылдың желтоқсан айында оны пайдалануға берді.  Аталмыш компания облыс пен қаланың саяси-мәдени тыныс-тіршілігіне де белсене араласады. Түрлі спорттық сайыстарға, мәдени-іс шараларға материалдық және қаржылай көмектерін тұрақты түрде үлестіріп келеді.
Қайрат Молдасейтов туып-өскен жеріне деген ыстық ықыласын да байқатты. Мәселен, балалардың білімі жетілсін деп, өз ауылына 110 орынды балабақша салды. Шымкент қаласының көркейіп, әрмен қарай гүлдеуіне  2010 жылы «Ордабасы» алаңындағы фонтан құрылысына 31 500 000 тг көлемінде қаражат бөліп, өз үлесін қосты.   2013 жылы өз қаражаты есебінен Қаракемер ауылдық мешітін салдырды. Сонымен қатар, мәдениет үйі мен аурухананы жөндетті. 2016 жылы бокс, күрес, футбол және би секциялары бар зәулім спорт кешенінің құрылысын аяқтап, жергілікті ауыл тұрғындар игілігіне берді. Өңіріміздегі «Мектепке жол» бағдарламасын қолдап, 30 балаға мектепке керекті оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз етті. 2016 жылдың шілде айында Шымкент қаласы, БАМ мөлтекауданында орналасқан «Айқап» мешітінің Бас Имамы Анафияев Алимжан Бекболұлының өтініші бойынша,  1 700 000 тг көлемінде қаржы бөліп, мешіттің ішкі ауласына 1000 шаршы метрге тас төсеуіш жайғызып, 200 жол жиектері орнатылып, 7 дана L2 науасы сатып алып берді.

Сондай-ақ, 18-20 мамыр 2017 жылы Еңбек Қазал Ту ордені мен медальдар иегері, Жамбыл облыстық Халық депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланған Молдасейтов Құсайынды еске алып, спортқа тәрбиелеу мақсатында қаражат бөліп, Қаракемер ауылында 2003-2006 жылы туылған жас өспірімдер арасында бокстан өтетін Халықаралық турнир ұйымдастырды. Турнирге Алматы облысы Лепсі ауданы, Қаратау, Бетқайнар, Отар, Қарасай өңірлері мен Бішкек қалаларынан оқушылар қатысты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға демеушілік көрсету мақсатында,  280 000 000 тг қаржы бөліп, 2017 жылы 1 маусым «110 орындық арнаулы коррекциялық қос бөбекжай-балабақша» ғимаратының құрылысын бастады, аталмыш орталық 1 жыл көлемінде пайдалануға беріледі деп жоспарланды. Ол мұндай игі істерді  әдетке айналдырған.

Өз кезегінде ол кісінің әдеби кітаптарды оқуға жаны құмар екенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, спортпен қалыпты шұғылданады. Әсіресе, үлкен теннис пен жүзу спортымен көп айналысады.

2013 жылдан бері Қайрат Құсейінұлы басшылық ететін «Отау Групп» компаниясы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанда қолданылып жатқан құрылыс материалдарының  80%-ы отандық материалдар болуы керек» деген тапсырмасын жүйелі әрі белсенді түрде орындап келеді. Атап айтсақ, австриялық технологияны қолданып есік-терезе профилин жасайтын «ASPAN» Profile technology, полиэтилинді құбырлар өндіретін «Юг Пласт» компаниялары мен асфальтбетон шығаратын «Биік Белес», металконструкциялар жасайтын «Otau Metal constraction”, газаблок шығаратын «Алтын Тастақ» және бетонның барлық түрлерін өндіретін «Отау Бетон» зауыттары жұмыс істеуде. Қазіргі таңда «Отау Групп» компаниясында 1000-нан астам қызметкер жұмыс жасауда.

Осындай ардақты ұлының еңбегін Үкімет те елеусіз қалдырмады. Қайрат Құсейінұлы мәдени және гуманитарлық саласындағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медальымен марапатталған, Қордай ауданы мен Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» атағын алған.
Іскерлікпен қоса, бойында адамдық пен қамқорлық қасиеті бар Қайрат Молдасейтовтың алдағы күндерде әлі талай күрмеуі шешілмеген мәселелерді шешуі анық.

Шымкент

Пікір жазу