Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БАҚЫТЖАН АЛДИЯР

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БАҚЫТЖАН АЛДИЯР

Бақытжан Алдияр – ақын. Халықтық, қазақы ұлттық көркемдік уыздың қайнарларынан бастау алатын Бақытжандық тіл, Алдиярлық діл – ақынның айрықшылығы.

Мархабат Байғұт: «Ең алдымен, Бақытжан – бәріміздің үнемі бір бүйіріміз бұрып тұратын кәдімгі нағыз қазақы ауылдың жыршысы. Оның ауылға деген сағынышы, махаббаты, балғын балалығына деген аңсары «Ауылға жазған арзулар» топтамасындағы жырларының әрбір шумағынан айқын сезіліп тұрады», – деп Бақытжан ақынның шығармашылығы туралы пікір білдірген.

Шығармалары төрт ұжымдық жинақта жарияланған. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.

Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Турбат ауылында дүниеге келген. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетін бітірген. Шығармалары төрт ұжымдық жинақта жарияланған. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.

Көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, республикалық М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың және республикалық «Серпер» жастар сыйлығының иегері.

«Сорос – Қазақстан» халықаралық қоры әдеби сыйлығының жүлдегері, Республикалық М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың, «Түркістан», «Серпер» жастар сыйлықтарының жүлдегері.

«ТұранӘлемБанкі» АҚ ұйымдастырған жазба ақындардың мүшайрасында екінші орын,  Түркияның бүкілдүниежүзілік түркі жастары әдебиетін қолдау қоры сыйлығының иегері.Қазақ поэзиясының бүгінгі лирикалық жанрында ерекше үлгісі бар,өлеңдерінде аңызды тірілте отырып, ұлттық рухты, ұлттық тектілікті сақтау,әрбір оқырманға  елдің,жердің қасиеттілігін дәріптей отырып өзіндік ой пікірін қалыптастыруына ықпал ету Бақытжан Алдиярдың өзіндік ерекшелігі. Ұлттық идеологияны ауыз әдебиетінен, салт-дәстүрден іздегеніміз дұрыс деген пікірді қалыптастыруға барын салып жүрген ақын, Оңтүстік өлкесінің, Республиканың мәдени, әдеби саласында болып жатқан игі жаңалықтардың жаршысы әрі қолдаушысы.

Шымкент

Пікір жазу