Абай Батырұлы Қалшабек – ақын, аудармашы. Хикметтік проза жазумен, орыс-батыс классиктерін аударумен айналысады.
Абай Батырұлы Қалшабек 1980 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат аулында дүниеге келген. 2003 жылы «Қайнар» университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты.
2001 жылы қараша айында өткен Республикалық жас ақын-жазушылардың кеңесіне қатысты. Өлеңдері облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», республикалық «Жас қазақ», «Жас алаш» газеттерінде, сондай-ақ «Аңсар», «Шапағат нұры», «Мұсылман», «Жалын», «Жұлдыз», «Тұмар» журналдарында бірнеше рет жарық көрді. Өлеңдері бірнеше ұжымдық жинақтарға енген.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің 2004 жылғы жас дарындарға арналған «Дарын» стипендиясының иегері.
2009 жылы Шымкентте өткен «Шымкент 2009» республикалық жас қаламгерлер форумына қатысып, грант иегері атанды.
Хикметтік проза жазумен, орыс-батыс классиктерін аударумен айналысады. Соңғы 10 жыл көлемінде «талайғы кәрі дүниеден» мағына іздеп шарқ ұрған, шындықты іздеу жолында «қанын дария, сүйегін көпір» қылған арлы кісі Лев Толстойдың өмірінің соңғы кезеңіндегі шығармашылығын зерттеп жүр.
Соңғы кезде ақиқатты аңсап іздеген, шындықты іздеу жолында «қанын дария, сүйегін көпір» қылған арлы кісі, «дүние сырын көп жұтқан кәрі кеуде» Лев Толстойдың ақиқаттың балын татпай тыншымасын ұқтырар тылсым сыры «Тәубе» («Исповедь») атты шығармасын, сондай-ақ өлімнің тәтті күйін шертетін «Соңғы тұрақ» («Много ли земли нужно человеку?!») атты әңгімесін аударып шықты.
Сондай-ақ В.Гюгоның «Имансыз адам » атты әңгімесін қазақ тіліне аударды. М.Ю. Лермонтов өлеңдері бойынша жасаған аудармасы «Жас алаш» газетінде жарияланып, бірқатар сыншылар тарапынан жоғары бағаланды.
Негізгі шығармашылық арнасы – поэзия.
Қазақ әдебиетінде үлгі тұтып, қадірлейтін тұлғалары – Абай, Махамбет, Мұқағали, орыс әдебиетінен – Л.Н.Толстой, М.Ю.Лермонтов, батыс әдебиетінен – И.В.Гөте.
2001 жылы қараша айында өткен Республикалық жас ақын-жазушылардың кеңесіне қатысты. Шығармалары «Оңтүстік орамдары», «Тәуелсіздік толғауы», «Еңбекшім елім» жинақтарына енді және «Әдебиеттану ғылымына кіріспе» атты теориялық еңбекте талданды. Өлеңдері облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», республикалық «Жас қазақ», «Жас алаш» газеттерінде, сондай-ақ «Аңсар», «Шапағат нұры», «Жалын», «Жұлдыз», «Тұмар», «Ақиқат», «Қазығұрт kz» журналдарында бірнеше рет жарық көрді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің 2004 жылғы жас дарындарға арналған стипендиясының иегері. 2008 жылы Астана қаласында өткен халқаралық «Шабыт» фестиваліне қатысты. 2009 жылы Шымкентте өткен «Шымкент 2009» республикалық жас қаламгерлер форумына қатысып, грант иегері атанды. Хикметтік проза жазумен, орыс-батыс классиктерін аударумен айналысады. Қазіргі таңда Л.Н. Толстойдың «Тәубе» («Исповедь») атты шығармасын, сондай-ақ «Адамға көп жер керек пе?!» («Много ли земли нужно человеку?!») атты әңгімесін аударды. Cондай-ақ Лев Толстойдың 1880 жылдан кейінгі шығармашылығын талдаған «Лев Толстойдың «Шын сыры» атты зерттеу мақаласы және Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» атты еңбегі бойынша жазылған «Ақиқат-шындықтың шыңы» атты зерттеу мақаласы «Ақиқат» журналында жарық көрді. Сондай-ақ В.Гюгоның «Жүрексіз адам » атты әңгімесін қазақ тіліне аударды. М.Ю. Лермонтов өлеңдері бойынша жасаған аудармасы «Жас алаш» газетінде жарияланып, бірқатар сыншылар тарапынан жоғары бағаланды.