Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУЫЛДАН БАСТАҒАН…

АУЫЛДАН БАСТАҒАН…

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады» деген еді.

Расында да, әр адамның «шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені» бар. Ол қасиетті мекен – туған жері. Қазақ «Өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» дегенді тегін айтпаса керек-ті.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де – «Тал ек. Гүл ек. Туған жерді түлет!» дейтін ұстанымды берік ұстанған жан. Қазақтың көрнекті жазушысы Шерхан Мұртаза «Түлкібас – тұлпарлар туған жер, сұңқарлар қонған жер» деп асқақтатқан киелі өңірде елге белгілі талай азаматтар түлеп ұшты. Соның бірі – Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Өркен Есейұлы. Халық қалаулысы кіндік қаны тамған туған жерінің әлеуметтік жағдайына бейжай қарай алмайды. Өркен Есейұлының елге атқарған игілікті істерін ауылдағы ағайын да әрдайым тамсана әңгімелеп отырғаны.

Гүлзина БЕКТАС,
«Айқын» газетінің тілшісі

Пікір жазу