Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті (страница 5)

Көкейтесті

ДАРИҒА МЕН МӘУЛЕН, АИДА МЕН ДӘУРЕН…

Мамыр айының 4-ші жұлдызы ауыс-түйістерге бай болды. Мамырдың 2-ші жұлдызында Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы ҚР Президентінің Жарлығы жарияланғаны белгілі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы «Д.Н.Назарбаева туралы» № 315 Жарлығы негізінде ҚР ...

Толығырақ »

Б.ТӘЖІБАЕВ: ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРУГЕ ЕМЕС, БІРІКТІРУГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕЙІК!

Қазақта «Тас түскен жеріне ауыр» деген мақал бар. Мән беріп қарасаңыз, мағынасы өте терең. Биыл 1 мамырда Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының іргесі сөгіліп, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жақсы білесіздер. Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы топ Өзбекстанға аттанды. Ол жақта Су шаруашылығы министрлігімен ашық келісссөздер жүргізуде. Сонымен бірге барлық құрылымдар күндіз-түні тынымсыз жұмыстар жүргізуде. Дәл қазіргі ...

Толығырақ »

АҚ КІЛЕМНІҢ ТАЛҒАТ ДЕГЕН АТАСЫ

Талғат Ысқақов бауырымыз талай биіктерді бағындырып келе жатқан, әрдайым үздіктердің қатарында көрініп жүрген абзал азаматтарымыздың бірі. Қазақ кілемдерін қайта жаңғыртып, әлемге таныта білген бүгінгі күннің кәсіпкері. Абыройын асқақтатып, мерейін өсіріп жүрген – өзінің ерен еңбегі. Өте елгезек, бауырмал жан. Айтпақшы, Талғат-бауырымызды демалыс күндеріне сәйкес келген туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Алла ісіңізге абырой беріп, мәртебеңізді биіктете берсін! Әр қадамыңыз берекелі ...

Толығырақ »

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ҚАЙДА КЕТТІ?

Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты. Естіген жұрттың бір бөлігіне бұл жаңалық қуаныш сыйласа, бірі – абдырап қалды, тағы бірі – өкініштерін жасыра алмады. Ендігі қадам – Дариға Назарбаеваны ҚР Парламенті Сенатының төрайымы қызметінен босату. Көп ұзамай, бұл мәселе де шешімін табайын деп тұрған сияқты. Сонда Дариға Назарбаева қайда кетті деген ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЧЕЛЛЕНДЖ! ҚОЛДАЙСЫЗДАР МА?

Мен – қазақпын, Қазақстан Республикасының азаматымын. Осы жерде дүниеге келдім, осы жерде өлемін. Сондықтан мемлекеттік тіл – менің тілім! Мен Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерімен мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттімін. Елдегі барлық ақпаратты, жаңалықты, хабарламаны мен алдымен мемлекеттік тілде жариялаймын. Ғасырлар бойы осы тілде сөйлеп, бұл тілді бізге аманаттап кеткен ата-бабаларымыздың әруақтарын құрметтеп, өз тілімді өзге тілдерден бұрын сайратамын. Мен – ...

Толығырақ »

ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ!

Жетісай ауданын су басады деген қауіптің жоқ екендігін тағыда қайталап айтамыз. Коллекторға жақын орналасқан елді-мекендердің аздап су деңгейі көтерілген. Қазір жағдай тұрақты. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев коллектор бойына жақын орналасқан » Қоғалы», » Жылы Су» елді мекендерінде болып тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сосын, Мақтаарал ауданына тиісті видеоларды Жетісай ауданы мен шатастырмауларыңызды және Жетісайды су басып жатыр деп әлеуметтік желілерге таратпауларыңызды ...

Толығырақ »

АЙТЫЛМАСА, СӨЗ АТАСЫ ӨЛЕДІ!

2019 жылдың тамызынан бері Сәкен Қалқаманов – Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді. Өте жақсы атқарып келеді. Керемет десе де, боларлықтай. Бірақ, біздің тілімізде емес. Сонда қалың қазақ тұратын өңірдің басшыларының бірі халық тілінде сөйлемей ме? Жоқ, ол халықтың да, балықтың да тілін өте жақсы біледі. Сөйлегісі келсе, сөйлеп те қояды. Бұл жерде бір нәрсені ғана түсінбей отырмыз – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАСАҒАН МӘЛІМДЕМЕСІ

2020 жылды 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр. Өзбекстан республикасының Су шаруашылығы министрі Хамраевтың берген ресми мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда «Сордаба» қоймасынан су жіберу жұмыстары толық тоқтатылған. Дегенмен түнімен аққан сарқырама су «ЦГК» каналына жиналды. Аталған каналдың ...

Толығырақ »

БІР ТУДЫҢ АСТЫНДАМЫЗ!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Ізгілік елшісі жобасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен Шымкентте қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Алия перделер жеке ателье демеушілігімен, «Жастар қуаты» еріктілер тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе «Біргеміз» акциясы аясында шетелдік студенттерге азық-түліктер мен бетперделер таратты. Төтенше жағдайға байланысты ақылы түрде білім алып жатқан шәкірттердің жалдамалы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: 5 НАУҚАС ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан азаматтардың қатары күн санап артуда. 1 мамырдағы ақпарат бойынша Түркістан облысында 5 азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны 43-ке жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жетісай ауданы, Асық ата кентінің 1971 жылғы, 1980 жылғы, 1970 жылғы, 1990 жылғы азаматтары және Жетісай қаласының ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДАН ЖЕТКЕН ЖЕДЕЛХАТ

Әлеуметтік желілерде Өзбекстан Республикасындағы су қоймасының бір бөлігі бұзылуына байланысты „Жетісай ауданын су басу қаупі бар екен” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аудан тұрғындарын үрейленбеуге және негізсіз әңгіме таратпауға шақырады. Сол себепті қауіптенуге ешқандай негіз жоқ екендігін ескертеміз. Және Жетісайды су басады деген ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз. © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫ

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы мезгілсіз дүниеден озды. Мұқан Кеңесбекұлы бүкіл саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ақ халатты абзал жан. Өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлесін қосқан білікті дәрігер, көреген басшы болды. Өз ғұмырында қаншама адамға қол ұшын созып, қамқорлық жасап келді. Мұқан Егізбаев 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туылған. Білімі ...

Толығырақ »

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта, иманы жолдас болсын! Мұқан Кеңесбекұлы өз қызметін абыроймен атқарып, білікті басшы, іскер ұйымдастырушы ретінде еліміздің өсіп өркендеуіне зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы өзі қызмет еткен денсаулық саласының заман талабына сай дамуына көп еңбек сіңірді. Артында қалған туған-туыстарына сабырлық, денсаулық тілейміз! © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНАН АЙЫҚТЫ

30 сәуірдегі мәліметке сай, Түркістан облысында 9 науқас дерттен айығып үйлеріне оралған. Олардың 7-і бір отбасы мүшелері, Түркістан облысы, Арыс ауданының тұрғындары екені белгілі болды. Аты-жөндерін жариялағысы келмегенімен, дәрігерлерге деген шексіз алғыстарын білдіруді өтінген. Алдағы уақытта уақытша үй карантинінде дәрігерлердің қадағалауында болады. Жалпы, «Арыс аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері Ерғали Әлімбаевтың ұсынысымен карантин жарияланған «Наурыз» мөлтек ауданы мен оған жаппарлас елді ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте тағы екі науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққандар 1973 және 1970 жылғы қала тұрғындары. Дертінен сауыққан азаматшалар 11 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған қос науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 30 сәуір ...

Толығырақ »

22 390 ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНҒАН

Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау үшін communal-komek.kz интернет платформасы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда аталған портал арқылы Шымкентте 22 390 өтінімнің 14 773-інің жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, 7 255 азаматтың өтініші мақұлданған. Тиісінше 7 518 азаматтың жеке (абоненттік) есепшоттары сәйкес келмегендіктен өтініштері қанағаттандырылмаған. 15 000 теңге көлеміндегі ...

Толығырақ »

ЧАТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  Түркістан облысында жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантиндік режим кезінде облыс аумағында жүріп- тұруға рұқсатнама беретін ботты чат іске қосылды. Яғни, «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «Smart Turkistan Bot» чаты арқылы тіркеліп, рұқсат алған компаниялар мен оның қызметкерлері және автокөліктері қала аумағында кедергісіз жүре алатын болады. Қала аумағында жүріп- тұруға рұқсат алу үшін аталған чатта мекеменің БИН номерлері мен қызметкерлердің ЖСН ...

Толығырақ »

3 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 1966, 1969, 1980 жылғы туған қала тұрғындары. Оның екеуі — әйел, біреуі — ер азамат. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында ...

Толығырақ »

200 ПЛАНШЕТ ТАРТУ ЕТІЛДІ

Елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, Шымкент қалалық білім басқармасы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Яғни, білім беру, әдістемелік семинар кеңестер, тіпті білім басшысын тағайындаудың өзі электронды форматта қашықтан өтуде. Бұл жайында қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева баспасөз мәслихатында мәлімдеген еді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларымен апта сайын қашықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылып, кері байланыс сатысында жиналыс өткізу ...

Толығырақ »

БЛОК-БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Төтенше жағдай режимін сақтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің 1206 қызметкері және 120 арнайы автокөлік құралдары жұмылдырылған. Жалпы Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет, қаланың көше қиылыстарында жалпы 20 бекет жұмыс істеп тұр. Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, осы күнге дейін блок-бекеттерден жалпы 86 772 автокөлік (63 330 азамат) тексерілген. Оның ішінде қаладан шыққан 17 154 автокөлік (22 971 азамат), қалаға кірген ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІ ЖЕҢІЛДЕДІ

Түркістан облысында бүгіннен бастап барлық санитарлық нормалар мен санитарлық талаптарды сақтай отыра, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту нысандары, сән салондары, шаштараз нысандарына жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Азаматтар қызмет көрсету орындарына алдын ала жазылу арқылы бес адамнан аспайтындай ретпенбарулары қажет. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов онлайн-конференцияда мәлімдеді. Сондай-ақ, тұрмыстық жөндеу орталықтары (оның ішінде кеңсе техникасы, мобильді құрылғылар) жеткізу ...

Толығырақ »

ОСЫ БІЗГЕ КЕРЕК ПЕ ЕДІ?

Елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді. оның ішінде Маңғыстау облысында – 1, Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Қарағанды облысында – 3, Шымкент қаласында – 5, Алматы облысында – 8, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 3. Бұл туралы DIDARBEK.kz порталының тілшісі www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Осы сағатта: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 616 адам, Алматы ...

Толығырақ »

ҰСЫНУЛАР ОНЛАЙН ҚАРАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынуларды онлайн форматта қарау тәжірибесін жалғастыруда (ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде). Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы А.Жұмағали мен Полиция департаментінің бастығы Е.Жұмаханбетовтың қатысуымен жиын өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер бойынша бірқатар ұсынулар қаралды. Кездесу ...

Толығырақ »

ЖАНАТТЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСЫ

Білім саласындағы жемқорлықтың алдын-алуға бар күш-жігерін салып жатқан Жанат Тәжиева тағы бір жаңашылдығын байқатты, деп хабарлайды DIDARBEK.kz порталының тілшісі Шымкент қаласының білім басқармасына сілтеме жасай отырып. Бүгінде электронды заманда жаңа ғасырдың жаңа қазақтары ретінде жаңа жобаларға көшіп отырған жайымыз бар. Ол қандай электронды жоба ? Қандай форматта? Электронды жаңа жобаның жай-жапсарымен бүгін Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.Тәжиева БАҚ өкілдерімен ...

Толығырақ »