Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЕЛ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

ЕЛ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

«Біз қашан ел боламыз?»
– Жуық арада!

Ол үшін:
1) Зейнеткерлікке шығу жасын бұрынғы қалпына: яғни, ерлер үшін – 60 жасқа, әйелдер үшін – 55 жасқа, көпбалалы әйелдер үшін – 50 жасқа дейін түсіруді;
2) Айлық есептік көрсеткішін 100 АҚШ долларынан (42 мың 500 теңгеден) төмендетпеуді;
3) Ең төменгі жалақы деңгейін 10 АЕК (425 мың теңге) деңгейіне дейін көтеруді;
4) Көпбалалы аналарға 10 АЕК (425 мың теңге) көлемінде жәрдемақы тағайындауды;
5) Көпбалалы аналардың әр баласына 18 жасқа толғанша 1 АЕК (42 мың 500 теңге) көлемінде жәрдемақы төлеп отыруды;
6) Ақысыз білім алу және ақысыз медициналық қызмет көрсету аясын кеңейтуді;
7) Ел заңнамасында Мемлекеттік тіліміз туралы ғана айтып, ресми тіл деген түсінікті алып тастауды;
8) Зейнет жасына жеткен кез-келген мемлекеттік құрылым басшысын зейнеткерлікке шығарып салуды;
9) Мемлекеттік тілімізді меңгермеген азаматтарды мемлекеттік қызметке жолатпауды;
10) Шетелге сатылып жатқан мұнайдан, ураннан, өзге де кен байлықтарынан түскен қаражаттың 10 пайызын Қазақстан халқына үйлестіріп, әр азаматқа тұрақты бөліп беріп отыруды;
11) Жасы 70-тен, 80-нен, 90-нан, 100-ден асқан зейнеткерлерге тиісінше 70 АЕК (2 миллион 975 мың теңге), 80 АЕК (3 миллион 400 мың теңге), 90 АЕК (3 миллион 825 мың теңге), 100 АЕК (4 миллион 250 мың теңге) көлемінде бірреттік жәрдемақы мен ай сайын 7 АЕК (297 мың 500 теңге), 8 АЕК (340 мың теңге), 9 АЕК (382 мың 500 теңге), 10 АЕК (425 мың теңге) көлемінде зейнетақысына қосымша төлеуді;
12) Жалғызбасты аналарға, еңбек ардагерлеріне, ауыр және аса ауыр жұмыстарды атқарған азаматтарға 10 АЕК (425 мың теңге) көлемінде жәрдемақы тағайындауды
ҚОЛҒА АЛЫП, ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ІСКЕ АСЫРУ ҚАЖЕТ!..

Бұл бағдарламаны орындау үшін қомақты қаражатты алыстан іздеудің қажеті жоқ! Парамен ұсталған жемқорлардың сот шешімімен төлейтін айыппұлдарының өзі жетіп артылады.
Жемқорлардың жемсауы босап, ел қалтасы қалыңдасын!..

© Әсет Әссанди,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Пікір жазу