Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » КАЛА ӘКІМІ НЕ АЙТТЫ?

КАЛА ӘКІМІ НЕ АЙТТЫ?

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдеріне онлайн-брифинг беріп, оның барысында карантиннің ұзартылуына байланысты бірқатар мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталының тілшісі.

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов журналистермен болған баспасөз конференциясында айтып өтті. Бір ғана мемлекеттік ұйымдардың күшімен вирусты еңсеруге болмайтынын айтқан әкім қоғам болып қарапайым санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет екенін айтты.
«Қалада инфекцияның таралуын тоқтату Сіздер мен Бізге тікелей байланысты! Елімізде төтенше жағдай тоқтатылғаны, карантиндік шектеулер алынады деген сөз емес. Соңғы күндері тұрғындардың карантинге салғырт қарауынан вирустың таралуы күрт артты. 25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған азаматтар саны 606-ға жеткен. Оның ішінде 218 науқас емделіп шықса, 6 адам өкінішке орай қайтыс болды. Қалада 18-24 мамыр аралығында күніне орташа 31-50 адамнан тіркелді. Ал өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтады, тәуліктегі өсімі 6,3%-ды құрады», – деді М.Әйтенов.
Оның айтуынша, Covid-19 вирусының 22-сі сырттан келгендер болса, 359-ы науқастармен қатынаста болғандар, ал 225-і жергілікті жерден шыққан. Барлығы қалада 260 карантиндік ошақтар тіркелген. Бүгінгі күнге 132–і бақылауда.
Соңғы күндердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулерді жеңілдету уақытша тоқтатылғанын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы қалада санитарлық тексеру жұмыстары күшейтіліп 4 136 нысанда мониторинг жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Тексеру қорытындысы бойынша 127 әкімшілік шара көрілген.
Айта кетейік, бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 18 мамырда шектеулер алынуы жоспарланған, қоғамдық тамақтандыру орындары, діни нысандар, балабақшалар, фитнес орталықтар, білім үйірмелері ашылмады.

ШЫМКЕНТТЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ УАҚЫТЫНДА ЕКІ МИЛЛИОННАН АСТАМ МАСКА ШЫҒАРЫЛҒАН

Шымкент қаласында елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап, бүгінгі күнге дейін 2 миллионнан астам көп қолданылатын маскалар, 88 тонна дезинфекциялық заттар, 166 мыңнан астам спрей шығарылған. Бұл жөнінде қала әкімі М.Әйтенов брифинг барысында айтып өтті. Мегаполисте инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан бірнеше маңызды шаралар қабылданғанын айтқан қала басшысы қалада жұқпалы аурулар ауруханасында коронавируске арналған төсек орындар 300-ден 450-ге ұлғайтылғанын және 320 төсек орындық провизорлық стационар мен 1 416 карантиндік орындар ашылғанын хабарлады.
«Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында, лабораториялық тесттен өткізу шаралары күшейтілді. Қаладағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қосымша 3 лабораториялық зерттеу орындары ашылды. Нәтижесінде, күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді. Сонымен қатар, жаңадан 2 лаборатория ашылып, тестілеуді 3 есеге дейін ұлғайтатын боламыз. Сәуір-мамыр айларында жоспарлы тестілеуден өтетін 23 мың адамның 19 845 яғни, 86% ПЦР тесттен өткізілді», – деді әкім.
Жалпы қалада, індетпен күресу мақсатында 30 мыңнан астам медицина мамандары мен полиция және әскер қызметкерлері еңбек етуде.

284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ

Төтенше жағдай кезінде уақытша табысынан айырылған және әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, табысынан айырылған 283 897 адамға 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Бұдан бөлек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Nur Otan» партиясы арқылы «Біргеміз» қоғамдық қорымен 41 630 азаматқа 50 мың теңгеден әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көмек көрсетілді. Сонымен бірге, аз қамтылған 20 мың отбасыға 50 данадан 1 млн. маска таратылды. Республикалық бюджет есебінен азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 74 мыңнан астам адамға – 994,7 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Ал әлеуметтік осал топтағы азаматтарға коммуналдық шығыстарын өтеуге бюджеттен 1,5 млрд.теңге қаржы бөлінген.

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРҒА АРНАЛҒАН ГОСПИТАЛЬ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Еліміздің үшінші мегаполисінде осы жылдың 1-ші маусымында 200 орындық жұқпалы ауруларға арналған госпиталь пайдалануға беріледі. Бұл туралы инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған қала әкімі М.Әйтенов мәлімдеді.
«Шымкентте қала әкімдігі резервінен коронавируске қарсы шараларға 1,2 млрд. теңге қаржы бағытталған. Оның ішінде, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 501 млн. теңге бөлінді. Одан бөлек, 5,8 млрд. теңгеге қалада жаңадан 200 орындық жұқпалы ауруларға арналған госпиталь құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-ші маусымында пайдалануға береміз», – деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар, қауіптілігі жоғары ұйымдарда қызмет ететін медицина қызметкерлерін қаржылай қолдау шаралары да жүргізілуде. Мәселен, 1, 2, 3-ші тәуекел топтағы 2 764 медицина қызметкерлеріне наурыз-сәуір айларында 799 млн. теңге жалақыларына үстеме ақы төленді. Одан бөлек, демеушілердің есебінен 752 қызметкерге 42 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетілген. Ал, науқастармен жақын байланыста болған медицина қызметкерлерін оқшаулау мақсатында тегін 6 қонақ үй және жұмысына тасымалдауға 120 автобус ұйымдастырылды.

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА БЮДЖЕТТЕН 19,4 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2020 жылғы бюджеттен 19,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары. Бұл жөнінде қала әкімінің қатысуымен өткен брифинг барысында мәлім болды. Аталған қаржының 4,2 млрд. теңгесі ауылшаруашылық субсидияларына және 5,2 млрд.теңгесі пайыздық мөлшерлемелерді ішінара субсидиялауға, ал 823 млн.теңге кредиттерді ішінара кепілдендіруге бағытталып отыр. Сонымен қатар, инновациялық жобаларға грант беруге 205 млн.теңге, жеңілдетілген несие бөлуге 816 млн.теңге, кәсіпкерлік қызметті қолдауға 40 млн.теңге бөлініп отыр. Қала аумағында індетке қарсы шаралармен қатар, әлеуметтік — экономикалық жағдай да бақылауда болғанын айтқан қала экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілгенін мәлім етті.
«Жоспарда бағаны тұрақтандыру, жергілікті тауар өндірушілерді қорғау, 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша 29 іс-шара қарастырылды. Сонымен бірге, Президенттің тапсырмасымен шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық жеңілдіктер берілді, 3 жылға тексеруден босатылды. Жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлеуден босатылды», – деді М.Әйтенов.

© Өз тілшімізден

Пікір жазу