Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚАТЕЛІК ПЕ, ӘБЕСТІК ПЕ, ҚАСАҚАНА МА?

ҚАТЕЛІК ПЕ, ӘБЕСТІК ПЕ, ҚАСАҚАНА МА?

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ және ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Бүгін таңертең сағат 9-00 шамасында Түркістан қаласы бойынша дауыс зорайтқыштар арқылы дабыл қағылды. Алғашында күнделікті коронавирусқа қарсы сақтық шаралары туралы деп қабыладық. Бірақ бұл жолғы хабарландыру өте қатқыл, үрейлі шықты. Атақты диктор Левитанның дауысы саңқ-саңқ етеді.
«ВНИМАНИЕ! ВНИМАНИЕ! ВОЗДУШНАЯ ТРЕВОГА! ПРОСИМ ВАС СОБРАТЬ ПРОДУКТЫ И УКРЫТЬСЯ В БЕЗОПАСНОМ МЕСТЕ…»
Алғашында аңтарылып қалғанымыз рас. Бірақ дауыс Левитандікі болғандықтан «біреу әдейі немесе шатасып қойып жіберген шығар» деген болжамға келдік. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасына хабарласқанымызда: «Жүйеге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр еді. Күнделікті хабарланыруды қосып отыратын мамандарымыз шатасып, қойып жіберіпті. Алаңдауға еш негіз жоқ» деген жауап алдық. Мейлі, солай-ақ болсын. Бірақ жауапты маман өзінің нені қосқанын түсінбей ме? Егер шатасқан болса, бірден өшіруі керек еді ғой?
Егер «күнделікті коронавирусқа қарсы сақтық шаралары туралы хабарландырудың орысшасын шатасып, қойып жіберіпті десе», құлаққа кірер еді. Ал 75 жыл бұрын соғыс кезінде жазылған Левитанның дауысын біреу ютубтан көшіріп, әдейі салмаса, өзі кеп түсіп кетпейтін шығар?
Таң атпай, түркістандықтарды жылы төсегінен тік тұрғызған дабылдың қағылғанына, міне 3 сағат болды. Бірақ әлі ешкім, не қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан, не қалалық әкімдіктен «бұл жалған ақпарат еді. Мамандарымыз қателісіп қойып жіберіпті. Кешірім өтінеміз. Алаңдамаңыздар!» деп әкімдіктің ресми сайтында, не әлеуметтік желіде жазба қалдырған жоқ.
Онсыз да қауіпті індеттен қажып, табиғи апатқа алаңдап отырған елмен осылай ойнауға, халықпен қалжыңдасуға бола ма?

© Жандос Жұмабеков.

Пікір жазу