Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖОМАРТ ЖАН

ЖОМАРТ ЖАН

Өзбекстанның тумасы, миллиардер Алишер Усманов Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевке Сырдарияда болған апатқа байланысты жанашырлық хатын жолдады.
«Құрметті Шавкат Миромонович! Балалығым мен жастық шағым өткен туған жерімдегі аға-інілерім және әпке-қарындастарыммен бірге қазіргі эпидемиологиялық қиыншылыққа серік болады екенмін, Сардоба су қоймасындағы апат туралы хабарды, сондай-ақ оны азаматтар үнжырғасы түспей батылдықпен қарсы алғанын жүрегіммен сезіндім.
Қасиетті Рамазан айында Алланың өзі мені Отаныма шақырды, өйткені бұл күндерде біз ерекше қамқорлық пен мұқтаж жандарға көмектесуіміз керек. Біз қуанышты сәттерде де, қайғы-қасірет кезінде де бір-бірімізге иық тірейміз. Мен халқымыздың тағдырына бейжай қарай алмаймын, сондықтан мен су тасқынынан зардап шеккендердің тұрмысын қайта қалпына келтіруге және жақсартуға, шығынның салдарын тез арада шешуге 10 миллион доллар бөліп отырмын.

Мен халықтың дұғаларына қосылып, олардың басына түскен күтпеген сынақтардан тез арада құтқаруын Алладан сұраймын» деген хат желіде кең тарады. Осыған орай, біз де өз ойымызбен бөліскенді жөн көрдік.
Арамызда аса бай-дәулетті, атағы әлемге әйгілі азаматтар өте көп. Ал Отанын шынайы сүйетін азаматтар саусақпен санарлық қана. Ел басына күн туғанда жанашырлық танытып, қиналған жандарға демеу болатын, халықтың қайғы-қасіретін бөлісе аталатын заматтар аз болса да бар екені көңіліңе жылулық сыйлайды. Дәл қазір Өзбекстанда жасамаса да, отансүйгіштік қасиеті бойынан кетпеген Алишер Усманов бүгін тағы да халықтың жанынан табылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы жағдайға да бейжай қарамағаны қазақ пен өзбек халықтарының бір-біріне жанашыр, бауырлас халық екенін тағы бір дәлелдеді десек артық болмас.

© Айгүл Тешебаева.

Пікір жазу