Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТОҚАЕВТЫҢ ТАҢДАУЫ ТАМАРАҒА ТҮСТІ

ТОҚАЕВТЫҢ ТАҢДАУЫ ТАМАРАҒА ТҮСТІ

Бұрынғы Президент: «Босымбекқызы! Боссың!»
Қазіргі Президент: «Тамара! Тағайындалдың!»

Расында да, Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен босатқан Тамара Дүйсенова қайта «тірілді». Ол Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды деп хабарлайды akorda.kz сайтына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталының тілшісі. Т.Б.Дүйсенованы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындау туралы №327-ші Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Еңбек жолын информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған Тамара Босымбекқызы, кейіннен Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының орынбасары, екі рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, бірнеше мәрте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметтерін атқарды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу