Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды. Бұл ретте бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифингте мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атап айтқанда, көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Тұрғындарға қалааралық, ауданаралық және елдімекендер арасында қатынауға қойылған шектеу күшінде қалады. Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жұмысын ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР КӨРСЕТІЛДІ
Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Бүгін, Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» КММ-нің ұжымы су басқан аймақтағы тұрғындар уақытша орналасқан эвакуациялық орталықтарға арнайы келді. Тосыннан болған апаттан әбігерге түсіп, күйзеліске ұшыраған тұрғындарды рухани қолдау және балаларға қуаныш сыйлау мақсатында Атакент кентіндегі N5 Мақтаарал мектеп — гимназиясында орналасқан бүлдіршіндерге анимациялық фильмдер көрсетті. Түркістан облысында ...
Толығырақ »МҮГЕДЕКТІКТІК АНЫҚТАМА МЕРЗІМДЕРІ ҰЗАРТЫЛДЫ
Түркістан облысы бойынша қайта куәландырудан өтуі тиіс 1690 азаматтың мүгедектік анықтамаларының мерзімі орталықтандырылған база бойынша тамыз айына дейін ұзартылды. Барлық жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау шаралары да 3 ай бойы көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдер бұрын тағайындалған мүгедектік топ пен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша төленеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл шара адамдардың көп шоғырлануы мен ...
Толығырақ »МЕЙІРБИКЕЛЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАУДА
12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні. Биыл ақ желекті абзал жандар айтулы күнді карантин режимінде өткізуде. Риясыз құрметке лайық жандарды науқастар құттықтап келіп жатыр, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы Жетісай аудандық орталық ауруханасының медбикесі Баянсұлу Майлыбаева отбасын көрмегелі бір айдың жүзі болған. 30 жыл өмірін медицина саласына арнаған маман инфекциялық госпитальде тәулік бойы ...
Толығырақ »152 ОҚУШЫ ШИПАЖАЙҒА АТТАНДЫ
Бүгін Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарының дәрігерлік есепте тұрған және көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды. Бұл игілікті іске Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болып отыр, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оқушыларды шипажайға апару ісі Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта ...
Толығырақ »АТАКЕНТТІК ЖОМАРТ ЖАН
Мақтаарал ауданында 2 мамыр күні орын алған төтенше жағдай кезінде топан су астында қалған ауыл тұрғындарына алғаш болып қол ұшын созған азаматтың кім екенін білесіз бе? Ол – атакенттік жеке кәсіпкер Нұржан Тоқжігітов. Қашанда елге қайырымдылығымен танылып жүрген Нұржан Ермаханбетұлы топан судан дүрлігіп, Атакент кентіндегі №5 Мақтаарал мектеп-гимназиясына эвакуацияланған 540 тұрғынды бір тәулік бойы таңғы, түскі, кешкі ас-ауқатпен қамтамасыз етті. ...
Толығырақ »ДҮНГЕН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨМЕГІ КЕЛДІ
Бүгін Мақтаарал ауданына Жамбыл облысы, Қордай ауданынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл қайырымдылық керуенін Қордай ауданы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 5 млн. теңгенің гуманитарлық көмегі төтенше жағдай жөніндегі штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Оны еріктілер мен жауапты азаматтар қабылдап алды. ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН БАҚ – 2020
Құрметті БАҚ өкілдері! «ТҮРКІСТАН БАҚ – 2020» байқауының басталғанын хабарлаймыз. Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Мақсаты — талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылғы 1 шілдесінен кешіктірілмей өтеді. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы 2020 жылғы 15 мамырдан ...
Толығырақ »КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
16 наурыз күні Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың шешімімен жарияланған төтенше жағдай режимі бүгін, яғни 11 мамырдан бастап күшін жойды. Алайда, бұл баяғы, баз қалпы өмірімізге толықтай қайта ораламыз деген сөз емес. Себебі, төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимі сақталады. Яғни, барлық шектеулер бір сәтте алынады деуге ерте. ⠀ 4 мамырдан бастап біршама карантин шарттары алынып, саяжайға бару, есік алды балалар ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Түркістан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен Түркістан облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылу күні кейінге шегерілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), ашылғаннан кейін де қызметтерді жаңа форматта көрсете бастайды. ХҚКО электрондық қызметтерді көрсетпейді, тек қана дәстүрлі қызметтер (қағаз жүзіндегі қызметтер /яғни/ жеке куәліктермен төлқұжаттарды ауыстыру, беру, жер учаскелерін рәсімдеу және жылжымайтын ...
Толығырақ »ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПКЕ АЙНАЛҒАН ШАРУАШЫЛЫҚ
Соңғы уақыттарда Кентау қаласының сауда орындарында қияр бағасы арзандап келеді. Бүгінде келісі 350-300 теңге аралығына дейін түсті. Бағаның тұрақталуына қалаға қарасты ауылдардағы қияр өсіретін жылыжайдың іске қосылуы айрықша септігін тигізіп отыр. Жергілікті халық үшін игілігі мол агрожобалар шетел технологиясымен салынған. Сондай жылыжайдың иесі Зиядолла Романов. Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны. Отбасылық кәсіпке айналған шаруақожалықты осыдан 5 жыл бұрын ...
Толығырақ »ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН БЕРІК
Таяуда ғана әлеуметтік желілерде танымал фотограф Мақсат Шағырбайдың ит құшақтаған құтқарушыны түсірген суреті тез тарап,қызу талқыға түскен болатын. Оның аты-жөнін,қайда қызмет ететінін сұрап,қызығушылық танытқандар да аз болған жоқ. Бүгін бір топ әріптестеріміз құтқарушыны топан су астында қалған Фирдауси ауылында кездейсоқ қызмет бабында кездестіріп қалыпты. Оның аты-жөні Берік Төлегенов. Ол бүгінде Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінде құтқарушы болып қызмет етеді. Берік ...
Толығырақ »ҚҰРЫЛЫСҚА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР ТАРТЫЛУДА
Мақтааралдағы құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылуда, деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қазірдің өзінде Мырзакенттің шығыс бетіндегі 50 гектар аймақта 40-тан астам құрылыс компаниясы келіп, үйлердің іргетасын қалау жұмыстарына кірісіп кеткен. Бұдан бөлек, мұнда 1200 орындық мектеп, 250 орындық балабақша да салынбақ. Құрылысқа ...
Толығырақ »ЕРЛІККЕ ҮНДЕЙТІН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында майдан даласында мерт болған жауынгерлер ерлігін есте сақтау бүгінгі ұрпақ парызы. Ордабасы ауданы Қайнар елді мекенінде «Ордабасы құс» ЖШС-нің басшысы Мұрат Тағаевтың демеушілігімен боздақтарға арналған ескерткіш тақта тұрғызылды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Ахметқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қайнар ауылынан соғысқа аттанған 141 майдангердің есімі енді олардың туған-туыстарының, ауылдастарының көз ...
Толығырақ »АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОЙМАСЫНА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ
Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі облыстық орталықтандырылған қоймаға бейнебақылау қондырғылары орнатылды. Бұл өз кезегінде азық-түліктің ысырапсыз таралуы мен себепсіз үлестіруіне тосқауыл болмақ. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев мәлім етті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қоймада орнатылған 4 бейнекамера екі жүк қабылдау есігі мен ішкі шыға беріс жағына орналастырылуда. ...
Толығырақ »КАРАНТИН ҚҰРЫЛЫСҚА КЕДЕРГІ ЕМЕС
«Еліміздегі төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Алайда коронавирус инфекциясының қаупі сейілмегендіктен, карантин талаптары әлі де сақталады. Сондықтан сақтық шаралары жалғаса береді. Әсіресе құрылыс саласында. Карантин құрылысқа кедергі емес», -деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев лездемелік мәжіліс отырысында. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан қаласында бірқатар ғимараттар құрылысы аяқталуға таяды. Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласын жаңғырту ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК ТҮСУІ ЖАЛҒАСУДА
Бүгінде «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинау ісін жүзеге асыруда. Ол үшін арнайы есеп — шот ашылып, барлық БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде бүгінгі таңда қорға 117 млн. теңгеден астам қаражат түскен. Бұл қаржылар Мақтаарал ауданындағы тұрғын үй салу, егін мен мал шығындарын ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІС ӨТТІ
Түркістанда облыс басшысы Ө.Шөкееввтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Апталықта Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысы жайлы айтылды. Жаңадан іргесі қаланған ықшам ауданда тәулік бойы құрылыс жұмыстары жүруде. Құрылыс алаңына 600-ге жуық жұмысшы тартылған. Жартысынан астамы Жетісай мен Мақтаарал ауданының тұрғындары. Ауданда су алған үйлердің, мал басы мен егістік ...
Толығырақ »ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕНДЕР
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тумасы Көмек Байжанов майдан даласында ерлік көрсетіп, «Отан соғысы» орденінің 1 ші және 11 дәрежесімен наградталған жерлесіміз. Ерекшелеп айтып отырғанымыз, майдан өтінде жүріп «Отан соғысы» орденінің екі бірдей дәрежесін кеудесіне таққан майдангер санаулы. Жеңіспен қоса ерекше ерлігімен көзге түсіп, Отан қорғаған батырларымыз бүгінде ел есінде. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. ...
Толығырақ »ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ СОҒЫС АРДАГЕРІ ТҰРАДЫ
Жетісай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен көзі тірі бар-жоғы екі азамат қана қалған. Солардың бірі Нәлібай Мамадалиев пен Попков Пётр Кузмич. Мереке қарсаңында қос қарияның шаңырағына барып қайтқан аудандық ардагерлер мен әжелер алқасының төрайымы соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтап қайтты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Алдымен құттықтаушы топ Нәлібай Мамадалиевтің шаңырағына барды. 98 жастағы соғыс ардагері ...
Толығырақ »САРЫАҒАШТА ЖОҒАЛҒАН 4 ЖАСАР ҚЫЗ ТАБЫЛДЫ
Түркістан облысы полицейлері жоғалған 4 жасар қызды тауып, анасына қайтарды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 10.05.2020 жылы таңғы сағат 10:00 шамасында Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғындардан кішкентай қыздың көше бойында жылап тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Тез арада полицейлер айтқан мекен-жайға келіп, бір топ адамдар арасында адасып кетіп, жылап тұрған кішкентай қызды байқайды. Содан қыз балаға келіп, ...
Толығырақ »АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басудан зардап шеккен ауылдарына келді. Атап айтқанда, министр Е.Тұрғымбаев тұрғындар қиын жағдайға тап болған Өргебас және Фердоуси ауылдарында жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгінгі күні Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарының полиция және ТЖД ...
Толығырақ »500 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР
Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт Састөбе кенті мен Балықты ауылдық округінде жұмыс сапармен болып, округтер аумағындағы кәсіпкерлік пен әлеуметтік нысандардың бүгінгі жай-күйімен танысты. Бірінші кезекте аудан басшысы ауданымыздағы ең ірі кәсіпорын саналатын Састөбе кентіндегі «Састөбе ТЕХННОЛОДЖЕС» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Састөбе кентімен қатар, көрші жатқан ауылдық округтердің біршама тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында бүгінгі таңда 5 жүз адам екі кезеңмен жұмыс істейді. ...
Толығырақ »ПОЛИЦЕЙЛЕР АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРЫНА КӨМЕКТЕСТІ
Түркістан облысы полицейлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына көмектесіп, қайырымдылық жасады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысының полицейлері жауапкершілігі мол жұмыстарынан уақыт тауып, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап тұрады. Осы игі шараны жалғастырған Мақтааралдық полицейлер әдеттегідей бір кой сойып, оны үш бөлікке бөліп, жанына бірінші кезекте қажетті азық-түлік ...
Толығырақ »КЕСЕНЕ МАҢЫНАН ТЕРЕҢ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫЛАДЫ
Үкаша ата кесенесі маңында терең ұңғымалы құдық қазылды, деп жазады «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қарасты Үкаша ата кесенесі маңында терең ұңғымалы құдық қазылды. Қасиетті жер аумағын көгалдандыру және толық мөлшерде сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған іске жеке кәсіпкер Беркінбаев Оңғарбек Мейірбекұлы демеушілік танытты. ...
Толығырақ »