Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 100)

Қала тынысы

ҮШ МЫҢНАН АСТЫ…

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңнан асты. Дәл қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 37 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Ақмола облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Алматы қаласында – 10, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 12, Қызылорда облысында – 3, Қарағанды облысында — 3. Бұл туралы ...

Толығырақ »

КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылып, Республика бойынша көмекке аса мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден үлестіріліп жатқаны баршаға белгілі. Осы көмекке Шымкент қаласы бойынша 21 864 отбасы қол жеткізді. Алдағы уақытта тағы да 19 766 отбасы 50 мың теңгемен қамтылатын болады. Қазіргі таңда тiзiм бойынша қаражат бөлу процессі жүрiп жатыр. Айта кетсек, күні кеше 11 ...

Толығырақ »

ИНТЕНСИВТІ ТЕРАПИЯДАН ПАЛАТАҒА АУЫСТЫ

Шымкент қаласында жұқпалы аурулар ауруханасындағы жан-сақтау бөлімінде жатқан COVID-19 бар науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Коронавирус инфекциясына шалдыққан 1984 жылғы азаматтың денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған еді. Екі күн жасанды демалу аппаратымен демалған науқастың жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер науқастың енді қарқынды терапияны қажет етпейтіндігін алға тартты. Айта кетейік, елімізде барлығы 43 пациент реанимациядан мамандандырылған ...

Толығырақ »

САЯЖАЙҒА БАРА АЛАДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. — Шымкенттіктер қала аумағындағы саяжайларына күн сайын таңғы сағат 6-00-ден кешкі 21:00-ге дейін бара алады. Бірақ азаматтардың атына тіркелген саяжай учаскесінің бар екенін растайтын құжаты болуы тиіс. Бұл ретте саяжайлар кіру блокпостарының ведомствосына кіретін аумақта болуы қажет. Егер саяжай қала аумағынан тыс болса, онда кіруге рұқсат берілмейді, ...

Толығырақ »

ЖЕҢІЛДЕТУ ЖАҒЫН ҚАРАСТЫРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен жұмыс барысында кездесу өткізді. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің қызметімен танысқан қала басшысы кәсіпкерлерге несие беруді оңтайландыру барысын саралады. Корпорация жұмысымен танысқан М.Әйтенов штат кестесін қайта құрылымдау және инвестициялар департаментінің жұмысын жаңғыртуды жауаптыларға жүктеді. Бүгінде аталған департаменттің қарауындағы 353 инвестициялық жоба бар. Осыған орай, қаланың инвестициялық тартымдылығын ...

Толығырақ »

266 814 АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

2020 жылғы 28 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 266 814 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 263 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 266 814 азаматтың ішінде 254 032 өтініштер бойынша, ал, 12 ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов 2020 жылғы 1 мамырдан бастап қалада кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталатынын атап өтті. — Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Президент тапсырмасымен елімізде карантин режимін ...

Толығырақ »

ЖУРНАЛИСТЕР ДЕ «ЖАЛЫННЫҢ» ІШІНДЕ ЖҮР

Шымкентте пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін сақтау қатаң бақылауға алынған. Жергілікті билік пен жауапты мекемелерден бөлек карантин тәртібінің сақталуын шаһарда Арнайы мониторингтік топ та назарға алған. Топ жетекшісі Әсет Әссандиді «Магнум» сауда желісінде азық-түлік бағасына қоғамдық бақылау жүргізу кезінде жолықтырып, әңгімелескен болатынбыз. – Әсет аға, карантин кезінде төтенше жағдай тәртібінің сақталуын қадағалауда мониторингтік топтың белсенділігін байқап жүрміз. Алдымен, топтың ...

Толығырақ »

1-МАМЫРДАН БАСТАП…

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, «Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік коммиссияның» келісімімен Шымкент қаласында 1-мамырдан мынадай өзгерістер енгізіледі.

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛДІ

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 сәуір күні қалада коронавирус инфекциясынан тағы алты адам емделіп шықты. 1962 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны 5 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясымен жатқызылған. Науқастан «COVID-19»-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Қалған бес ем алушының барлығы 11 мен 58 жас аралығындағы қала тұрғындары. Алты азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық ...

Толығырақ »

4 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(27.04.2020 жылғы сағат 14:00-дағы мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1991, 1987, 1978, 1973 жылы туған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

30 жылдан ауласында балалар алаңшасы болмаған Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің аулаларына балалар алаңшасын салу қолға алынды. Тіпті есік алдындағы аяқ бүгіп отыратын орындықтар да қирап кеткен. Енді міне есіктің алды жайнап тұр. Бүлдіршіндер тұрмақ қариялардың қуанышында шек жоқ. Айтар алғысымыз шексіз, деді қала әкімімен жүздескен «Қарасу» шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйдің төрайымы Людмила Розанова. Әл-Фараби ауданының аумағында салынып жатқан балалар алаңшасының ...

Толығырақ »

ЖОЛ ТӨСЕЛЕДІ

«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Бұл туралы бүгін орамды аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. – Жыл басында халық алдындағы есепті жиында жол мәселесіне ерекше айтылған еді. Біз уәдемізді орындаймыз, деді қала басшысы. Жалпы бұл орам қала құрамына енген 41 елді мекеннің бірі. – Бастапқыда орамда ...

Толығырақ »

ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢІП ШЫҒАМЫЗ

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған Үндеуін оқи отырып, Мемлекет басшысының төтенше жағдай мерзімін ұзартуда дұрыс шешімге келгенін байқадым. Қазіргі кезде коронавирустың екпіні әлі тоқтамай отырғаны бәрімізге белгілі. Егер дер кезінде дұрыс шешім қабылданбаса, осынша уақыт атқарған жұмыс зая кетер еді. Ел Президентінің сөзінше қазіргі уақытта ең бірінші адам өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда. Қауіпті вирус басталған шақта дер ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

Короновирус инфекциясының таралуына байланысты орын алған алған пандемия әлем экономикасына ауыр соққы болды. Әсіресе, Қазақстан сияқты дамушы елдер үшін бұл дағдарыс қиын болып тұр. Өйткені, індетпен бірге мұнай бағасының құлдырауы өндіріс көлемінің құлдырауына, сәйкесінше бюджетке түсімдердің азаюына және жұмыс орындарының қысқаруына әкеп соқтырады. Сондай-ақ, карантин режимі шағын және орта бизнеске үлкен қиындықтар туындатуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі ...

Толығырақ »

ОТАНШЫЛ ХАЛЫҚ ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСЕТТІ

  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бүгін жасаған мәлімдемесінде карантин мерзімі 11 мамырға дейін созылатыны белгілі болды. Президентіміз қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін осындай күрделі, бірақ аса қажет шешім қабылдады. Кейбір аймақтарда індет шарықтау шегінен өткен сияқты. Бірақ бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр. «Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл сөздің артында үлкен қамқорлық жатыр. ...

Толығырақ »

БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

Әлемді алаңдатқан COVID-19 пандемиясының қаупі Қазақстанға да өз залалын тигізіп жатыр. Дегенмен билік тарапынан дер кезінде қабылданған жедел шаралар өз нәтижесін беруде. Өзге мемлекеттермен салыстырғанда біздің дәрігерлер мен жауапты сала мамандары індеттің таралу деңгейін бәсеңдетуге үлес қосуда. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бүгінгі үндеуінде атап өткендей, пандемия өзінің шарықтау шегіне әлі жете қойған жоқ, бұл ретте әлі де карантин талаптарын сақтағанымыз абзал. ...

Толығырақ »

ЕШКІМДІ ҚИЫНДЫҚТА ҚАЛДЫРМАЙДЫ

Дария ҚОЖАМЖАРОВА, ОҚМУ ректоры: Бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаев ел тұрғындарына арнап үндеу жариялады. Мемлекет басшысы еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдады. Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат назарда болатындығын, Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтындығын тағы да баса айтты. Елдің елдігін, халықтың бірлігін қажет ететін ...

Толығырақ »

СЕНІМДІ НЫҒАЙТТЫ

Гүлжан СҮГІРБАЕВА, ОҚМПУ ректоры м.а, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент: Пандемия төрткүл дүниені дүрбелеңге салып, экономикалық тоқырауға тап болған қазіргідей кезеңде мемлекеттік қолдауды ерекше сезініп отырмыз. Ел Президентінің қалыптасқан жағдайға байланысты шұғыл әрі дер шағында қабылдаған шешімдері барлығымыздың бойымызда ертеңгі күнімізге деген сенімді күшейте түсті. Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде әлеуметтік қолдаулардың жалғасатынын айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы шын мәнінде «халық үніне құлақ асатын ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫН СЕЗІНУДЕ

Манасбай Бекбауов, «Агросервис «БМБ» шаруа қожалығының төрағасы: — Үндеуде Президент әрқайсымызды толғандырған сауалға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканың әл-ауқатын көтеру бойынша нақты қадамдар жасалып жатқанын айта келе, бұқараның алмағайып шақта бір алақандай жұмылып, ынтымақта болуы керектігін айтты. Президент тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын ...

Толығырақ »

УАҚЫТЫНДА КІРІСТІ

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, қоғам қайраткері: Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшті. Әрине, бұл кезең бізге оңай тимегені анық. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін 11 мамырға дейін жалғасатынын мәлімдеді. Бұл оң шешім деп білейік, дұрыс боларына сенейік! Осы уақытқа дейін, індеттің Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін көп шаралар жасалып, бұл вирустың жаппай таралуының алдын алды. Сонымен қатар, ...

Толығырақ »

ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Кез-келген қоғам мен мелекеттің экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуын кері тартатын құбылыс ол- сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің бәсекеге қабілетілігін төмендетіп, демократиялық дамуды тежейді. Азаматтардың қоғамға деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты. Бұл бағытты жүзеге асыру бойынша елімізде құқықтық реформалар жасалып, ҚР Сыбайлас ...

Толығырақ »

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС БАҒЫТТАРЫ

Құрметті оқырмандар мен ата-аналар! Міне, еліміз қашықтықтан оқыту форматында білім беруде үшінші аптаны да артқа тастады. Шымкент қаласындағы білім саласында осы аралықта атқарылған жұмыстары туралы Сіздерге баяндауды жөн көрдім. Апта қорытындысы бойынша қала оқушыларының қашықтықтан білім алу мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткіші: 1. Телеарналарда – 17 350 (7,8%) оқушы. 2. Интернет платформаларда – 204 687 (92,2%) оқушы. («Daryn.online», «Bilimland.kz» интернет платформалары). Екі ...

Толығырақ »

АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖИЫНТЫҒЫН ҮЛЕСТІРДІ

Осылайша, кәсіпкер ауызашарды ерекше форматта ұйымдастырды. «Raimbek & company» ЖШС-нің директоры Бауыржан Анарбеков дәстүрлі ауызашардың орнына коронавирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған 500 отбасына азық-түлік пакеттерін үлестірді. «Биыл ораза айы қиын уақытқа түсті. Мен Елбасының үндеуі мен қала әкімінің үндеуіне қолдау көрсетіп, бүгінде мұқтаж жандарға көмектесуді жөн көрдім. Дәстүр бойынша, ораза кезінде көпшілік адам ауыз ашар жасайды. Мен ойлаймын, неге ...

Толығырақ »

5 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырған азаматтар 1990 ж., 1977 ж., 1985 ж., 1980 ж., 1982 жылғы қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар ...

Толығырақ »