Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢІП ШЫҒАМЫЗ

ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢІП ШЫҒАМЫЗ

На изображении может находиться: 1 человек

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған Үндеуін оқи отырып, Мемлекет басшысының төтенше жағдай мерзімін ұзартуда дұрыс шешімге келгенін байқадым. Қазіргі кезде коронавирустың екпіні әлі тоқтамай отырғаны бәрімізге белгілі. Егер дер кезінде дұрыс шешім қабылданбаса, осынша уақыт атқарған жұмыс зая кетер еді. Ел Президентінің сөзінше қазіргі уақытта ең бірінші адам өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда.

Қауіпті вирус басталған шақта дер кезінде төтенше жағдай жариялауы да індеттің елімізге жаппай тарап кетпеуіне тосқауыл бола білді. Және еліміздегі қатаң карантин шараларын халықаралық сарапшылар да оң бағалап отыр. Бұл жолы да еліміздің бір қатар өңіріндегі санитарлық ахуалын саралай келе төтенше жағдай мерзімін 11 мамырға дейін созуға шешім шығарды. Сондықтан мемлекет басшысы елдегі жағдайға әлі алаңдаулы. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыс ұшан-теңіз.

Ендігі қалған күндерде де халықтың әл-ауқаты басты назарда болатыны сөзсіз. Өйткені, үндеуде бірде-бір азамат қиын жағдайға қалмайтындығы, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықтың табысын сақтау үшін арнайы шаралардың қабылданып жатқаны айтылған. Сондықтан біз ел Президентіне сенеміз. Сенім бар жерде, қолдау бар жерде қандай қиындықтан да болса жеңіп шығатынымыз кәміл.

Латипша АСАНОВ,
Шымкент қаласы түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы

Пікір жазу