Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » ЕШКІМДІ ҚИЫНДЫҚТА ҚАЛДЫРМАЙДЫ

ЕШКІМДІ ҚИЫНДЫҚТА ҚАЛДЫРМАЙДЫ

Дария ҚОЖАМЖАРОВА, ОҚМУ ректоры:

Бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаев ел тұрғындарына арнап үндеу жариялады. Мемлекет басшысы еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдады.

Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат назарда болатындығын, Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтындығын тағы да баса айтты. Елдің елдігін, халықтың бірлігін қажет ететін сын сағатта, мемлекет тарапынан қолдау тауып отырған үндеудің басым бағыттары еліміздің экономикасын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын көтерудің жолдары және жұмыссыздық санатындағы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, халықтың тобын мемлекеттің ішкі резервтер механизмі арқылы 4 миллион 250 мың теңге алғандығын хабарлады.

Қатаң төтенше жағдайдың жариялануы әрбір қазақстандықты келген індеттен алдын-алу шараларының дұрыс ұйымдастырылғанын халықаралық экспертте мойындап отыр. Олай болса, мемлекет тарапынан дер кезінде қабылданған кешенді іс-шаралар мен үкіметтің тез арада ұйымдастыруы басты назарда. Сөз соңында мемлекет басшы 21 ғасырды жайлап тұрған пандемияның кезінде, елді бірге болуға шақырды.

Біз М.Әуезов атындағы ОҚМУ бұл үндеуді бір кісідей қолдаймыз! Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару — бәрімізге ортақ міндет екендігін айтқымыз келеді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Біз біргеміз!

Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы

Пікір жазу