Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 4)

Облыс жаңалықтары

ОРДАБАСЫДАҒЫ ЫҚЫЛАСТЕМІР АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында халықтың спортпен тұрақты түрде шұғылдануына қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүйелі жалғасуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Ордабасы ауданы, Бөржар ауыл округіне қарасты Ықыластемір ауылында спорт ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков қатысып, тұрғындарға ізгі тілектерін жеткізді. Салтанатты шарада ...

Толығырақ »

БАСТЫ МАҚСАТ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ!

Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Галымжан Алматов баспасөз мәслихатын өткізді. Ғалымжан Бауыржанұлы журналистерге Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасап, 2025 жылға арналған жоспарлар мен міндеттемелерді таныстырды. 2024 жылы Түркістан облысында 498 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілген. Оның қатарында 193 балабақша, 304 мектеп, 1 колледж бар. Нәтижесінде 32 балабақша, 49 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өткен. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАННЫҢ ҰСТАНЫМЫ — ТАТУЛЫҚ ПЕН КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ

Бүгін Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен шаһардағы зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен «Түркістанның ұстанымы — татулық пен конфессияаралық келісім» тақырыбында кездесу өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиын барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов қоғамдық келісім мен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Көктемгі су тасқынына дайындық аясында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен «Көктем-2025» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Дабыл-1001» сигналы бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқару штабы құрылып, барлық азаматтық қорғау күштері мен басқару органдары жоғары дайындыққа жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында су тасқыны қаупі бар аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау, төтенше жағдайлардың алдын ...

Толығырақ »

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді 10-13 ақпан аралығында өтетін бокстан Сидней олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнирге шақырамыз! – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өтетін орны — Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені Чемпиондар бәсекесін бірге тамашалап, жанкүйер болуға асығыңыздар! © Didarbek.kz

Толығырақ »

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР

Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2025 жылғы 28 — 30 қаңтар аралығында «Туризм және спорт» бағыты бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XX республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Байқауға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық ...

Толығырақ »

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ШЕКСІЗ ШИПАЖАЙ

Түркістан облысының Сайрам ауданында орналасқан «Sairam Thermal Resort» шипажайы ем алушыларға жоғары білікті медициналық көмек, ыңғайлы тұрғын жайлар, дәмді және пайдалы тағамдар, жылдам қызмет көрсету және бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлі қызмет көрсетуімен ерекшеленеді. Мемлекет және қоғам қайраткері Қалық Абдуллаев негізін қалап кеткен шипажайда озық үлгідегі ең заманауи жабдықтар қойылған. Шипажай қонақтары емдік ванналар қабылдап, асқазан, ішек жолдары, буын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУДА

Түркістан қаласы туризмді дамыту бағытында қарқынды дамып келеді. Соңғы екі жылда салаға 88,8 млрд теңге инвестиция тартылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 61,9 млрд теңгені құрады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2024 жылы Түркістанға келуші туристер мен зияратшылардың саны 1,1 миллион адамға жетіп, оның 23,2 мыңы шетелдік қонақтар болды. Қалада 3 048 төсек-орны бар ...

Толығырақ »

ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЖАСАУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНЫП, ШАРАЛАР БЕКІТІЛДІ

Жалпы, зиянкестерге қарсы жұмыстың маңыздылығын өткен жылдың нәтижесі шегелей түсті. Шегірткелер шаруашылыққа қауіп төндірсе, шіркейлерден адамдар зиян шекті. Бұл бағытта нақты алгоритмге сәйкес, ұйымдасқан, ғылыми тұжырымға сүйене отырып жүйелі әрі жедел әрекет жасау қажеттілігі облыс әкімінің басшылығымен талқыланып, шаралар бекітілді. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына дайындықты пысықтау үшін жауапты басқарма басшыларының, аудан әкімдері ...

Толығырақ »

ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласында жалпы қар тазалау және жаңбыр суларын тазарту жұмыстарына таңғы 6:00-ден бастап арнайы 23 техника жұмылдырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның 9 данасы — КДМ, 4 дана — Беларус трактор, 7 дана — тратуар тазалайтын қызыл трактор, 3 — дана водавоз техникалары. Тазалық жұмыстары алдымен маңызы бар үлкен көшелер мен нысандарда, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 508 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы көпқабатты «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі 508 пәтердің кілті табысталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған дейін жыл басынан бері 482 пәтер пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде – 16549 тұрғын кезекте тұр. Одан бөлек, қаладағы тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 944 пәтерлі ...

Толығырақ »

«ЭРУДИТ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ және аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық “Эрудит” интеллектуалды ойыны өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сайрам Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы, Сайрам аудан әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр Бақтыбайұлы, аудан мәслихатының ...

Толығырақ »

ӨЗІ ДЕ, ҚЫЗЫ ДА – ПАРАҚОР АТАНДЫ!

Алпыстың асқарына көтерілген Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Айтмұхаметәлі Бердашев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты мен Түркістан облысы әкімінің еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Грамотасын алғанына бес жыл толар-толмас уақытында қызы Ұлжан екеуі ірі көлемде пара алғаны үшін сот үкімімен айыпты болып танылды. Тергеу барысында және сот ...

Толығырақ »

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК

Білім сапасы қоғамның болашағын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі және мемлекеттің даму стратегиясының негізі болып табылады. Оның деңгейі білім беру жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ экономиканың, мәдениеттің және әлеуметтік құрылымның даму мүмкіндіктерін анықтайды. Білім сапасын арттыру үшін әр түрлі ұйымдар мен мекемелердің ынтымақтастығы, яғни әлеуметтік серіктестік, өте маңызды рөл атқарады. Біздің міндетіміз – студенттерімізді заманауи еңбек нарығының талаптарына сай даярлау, сондықтан ЖОО-лар, қосымша ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛЕРЕЯ

Түркістан облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті еліміздің мақтанышы болған педагогтердің есімін ұлықтап, олардың еңбегін ерекше атап өту мақсатында арнайы стенд әзірледі. Бұл стендте «Қазақстанның Еңбек Ері» және «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген ұстаздардың суреттері мен есімдері көрнекі түрде көрсетілген. Аталған бастама білім саласындағы майталман мамандардың еңбегін бағалап, жас буынға үлгі етуге бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ...

Толығырақ »

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ҚАТЫСТЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Aудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен жиын өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынның күн тәртібінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы қаралып, бұл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Аудан басшысы жауаптыларға аурухана, білім ошақтары, мәдени нысандар мен әлеуметтік орталықтардың жылу жүйесіне жүріп жатқан техникалық тексеру жұмыстарын аяқтап, орын алған ...

Толығырақ »

ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН ДОДАСЫНДА ТАЛАЙДЫ ТАМСАНДЫРЫП, ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

13 қыркүйек күні Ақтөбе облысында «Еркелей аққан ор өзені» дәстүрлі XVI республикалық ән байқауында Түркістан облысының намысын қорғаған Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, әнші Айдос Әлқуат ән орындау шеберлігімен талайды тамсандырып, жүлделі III орынды иеленді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау ІІ кезең ...

Толығырақ »

ШЕКАРА МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Aудан басшысы Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі мәжілісінің кезектегі отырысы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күн тәртібіндегі «мемлекеттік шекара сызығына жақын аймақтарда заңсыз кәсіпшілік қызметті жүргізу , осы орайда: аң аулау, балық аумау бойынша түсіндіру жұмыстары» мәселесі бойынша ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы ...

Толығырақ »

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезектегі отырысы аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік — құқықтық көмек көрсету туралы»аудандық жұмыспен қамту ...

Толығырақ »

ҚҰРМЕТТІ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, қала әкімдігі қала және ауылдар тұрғындарынан жылыту маусымына дайындалып, көмір пайдаланатын тұрғындарға алдын ала сатып алуларын сұрайды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда, қаламызда орналасқан «Coal Sistem Trade» ЖШС-не (бұрынғы ТопБаза) (17000 тонна), ИП Сайлауова (3 500 тонна) көмір сату нүктелерінде жеткілікті мөлшерде көмір қоры жеткізілген. Қыстың ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ГАЛА-КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Қазығұрт ауданының мәдени күндері өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шара Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде өткен «Түркістаным-Тұраным, жер киесі-Қазығұртым» атты мерекелік гала-концертпен қорытындыланды. Гала-концертте эстрада жұлдыздары «Бақай» тобы, қазығұрттық күміс көмей, жез таңдай әншілер, мың бұралған бишілер мен басқа да өнерпаздар өз таланттарын көрсетті. ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ СПОРТЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласында өткізіліп жатқан Қазығұрт ауданының мәдени күндерінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Этноауыл кешеніне жиналған көпшілік асық ату, садақ ату, қол күресі, қошқар көтеру, арқан тарту және күрес түрлерінен жарысқа түсіп, күш сынасты. Көрермен болып келген жұрт сайысқа қатысушылардың ...

Толығырақ »

«ШЕКСІЗ БАУЫРЛАСТЫҚ-III» АТТЫ КӨПҰЛТТЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ОТЫРАРДА БОЛДЫ

«Шексіз бауырластық – III» көпұлтты оқу-жаттығуы шеңберінде Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Түркістан облысының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқу-жаттығуына қатысушылар АРЫСТАНБАБ кесенесіне және Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығын аралады. Шетелдік қонақтарға киелі Отырар тарихынан сыр шертетін жәдігерлер таныстырылып, қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды. Өз кезегінде ...

Толығырақ »

ҚОҒАМ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

2024 жылы 15 қыркүйекте өткен Қоғам ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қоғам ауылдық округінің әкімі болып Жамалханов Шоқан Жамалханұлы сайланды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Қоғам ауыл округіне арнайы барған аудан басшысы Кайрат Жолдыбайұлы жаңадан сайланған ауыл әкімін қоғамдықтарға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Аудан әкімі халықпен ...

Толығырақ »

АУДАНЫМЫЗДАН АЛҒАШ РЕТ ТӘЖІКСТАН ЕЛІНЕ ЕТ ЭКСПОРТТАЛДЫ

Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа ауылында орналасқан «Қайып ата» ЖШС-нен Тәжікстан еліне бүгін бірінші рет ет экспортталды. Бұған дейін «Қайып ата» ЖШС мен Тәжікстан елі арасында 110 тонна ет экспорттау туралы келісімшарт түзілген болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сайрам Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін 110 тоннаның 16 тоннасы жіберілді. Жалпы келісімшарт бойынша жұмыстар қыркүйек айынан басталды. Бұл кәсіпорын ...

Толығырақ »