Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ӨЗІ ДЕ, ҚЫЗЫ ДА – ПАРАҚОР АТАНДЫ!

ӨЗІ ДЕ, ҚЫЗЫ ДА – ПАРАҚОР АТАНДЫ!

Алпыстың асқарына көтерілген Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Айтмұхаметәлі Бердашев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты мен Түркістан облысы әкімінің еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Грамотасын алғанына бес жыл толар-толмас уақытында қызы Ұлжан екеуі ірі көлемде пара алғаны үшін сот үкімімен айыпты болып танылды.
Возможно, это изображение 1 человек, помост и текст
Тергеу барысында және сот процесінде сотталушы әкесі мен қызы тағылған айыпты толық мойындап, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Түркістан қалалық сотының үкімімен (судья Жанәбіл Ақынов) мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салына отырып, әкесіне 25 миллион, қызына – 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғаны белгілі болды. Айыппұлды өз еріктерімен толық төлеп құтылуға екеуіне де екі ай мерзім беріліп отыр.
Возможно, это изображение книга и текст
Үкім заң күшіне енген жоқ.
© Әсет Әссанди,
«ЕЛ НАМЫСЫ»
Арнайы мониторингтік тобының
Түркістан облысы бойынша жетекшісі.

Пікір жазу