Түркістан облысының тұрғыны ақшасын қаржы пирамидасына салып жіберіп, осы ісін жасыру үшін «ұрлық болды деп» жалған ақпарат берген. Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел арызданып, үйінен белгісіз тұлғалар ірі көлемде ақша ұрлағанын жеткізді. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, үй ұрылары оның пәтеріне кіріп, сандықтан миллион теңгесін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған жайт Сайрам АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша ...
Толығырақ »Облыс жаңалықтары
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ РЕТТЕЛУДЕ
Түркістан облысы ПД көші — қон және әкімшілік полиция қызметкерлері су басқан кезде жоғалған Мақтаарал ауданы тұрғындарының құжаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, деп жазады ТО Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған © DIDARBEK.kz. Осы мақсатта Мақтаарал АПБ-нің көші-қон қызметінің қызметкерлері 500-ден астам тұрғын эвакуацияланған мектептердің біріне барды. Полиция қызметкерлерімен тексеру барысында бірнеше құжат жоғалту жайттарын анықтады, оның ішінде ...
Толығырақ »ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ
Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы нөсер жауынның салдарынан орын алған төтенше жағдай туралы ақпарат. 2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағатта Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үй аулаларына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінде (2 үй, 1 емхана, 1 ...
Толығырақ »БӘЙДІБЕК АУДАНЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ
2020 жылғы 13 мамыр күні 20:00 сағат шамасында Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекеніндегі жауын-шашын салдарынан Тұтарық каналы 4 жерінен бұзылып, ауылды су басқан, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оқиға орнына аудан әкімі Е.Шәріпбеков пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері барып, ауылға кірген суды өзен арнасына бұрып, түсірді. Тұрғындардың дені Ақбастау ауылындағы ...
Толығырақ »ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА
13.05.2020ж. сағат 21.45 шамаларында, Төлеби ауданы, Киелітас а/о, Сұлтан-Рабат ауылы, Сауран көшесінде және Достық елдімекені Жылқыбаев көшесінде аудан аумағында жауған нөсерлі жаңбырдың суы жалпы жиыны 77 тұрғын үйдің ауласына кіргені туралы хабарлама түскен. Тұрғындар Ленгер қаласындағы N8 колледжге жайғастырылып, тиісті заттармен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Көксәйек а/о, N9 колледжде эвакуациялық бөлімше әзірленген. Оқиға орнында жергілікті әкімдік пен ТЖД қызметкерлері жұмыс ...
Толығырақ »ҮШІНШІ РЕТ ӨНІМ АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛЫП КЕТТІ
Жетісай ауданының шаруа қожалықтары жылыжайдан үшінші рет өнім алу жұмыстарын бастап кетті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Жетісай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан бойынша 21 гектар аумаққа жылыжай салынған. Бұның 15 гектары жергілікті нарыққа бақша дақылдарын өсіріп отырса, қалған 6 гектары шаруаларға дайын көшет өндіріп береді. Сондай жылы жайдың бірі Асықата кентінде орналасқан тамшылатып суғару ...
Толығырақ »120 ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ
Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан орталық қоймада 608 тонна азық-түлік жиналған. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға бүгінде оның 126 тоннасы үлестірілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қоймаға күнделікті Қазақстанның әр өңірінен гуманитарлық көмектер келуде. Қазіргі таңда қоймада 200 тоннаға жуық ұн, 22 тонна ет, 70 тоннадай көкөніс, сондай-ақ, көрпе-төсек пен киім-кешектер бар. Бұдан бөлек, ...
Толығырақ »114 НАУҚАС ЖАЗЫЛДЫ
13 мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында тағы 2 науқас коронавирус инфекциясынан жазылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атакент кентінің 1992 жылғы тұрғыны жүк көлігінің жүргізушісі. 26-шы сәуір күні Қазан қаласынан оралған. Айтуынша, Қазан қаласынан Атакентке дейін жалғыз өзі келген. Дәл сол күні дереу Атакенттегі обсервациялық орталыққа жатқызылып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдама қорытындылары оның COVID-19 ...
Толығырақ »180 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 16 жүк көлігімен 180 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Ал кеше Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, 8 жүк көлігіне тиелген 98 тонна азық-түлік, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа тұрмыстық заттар жөнелтілген болатын. Көмек керуені жолға шығар алдында ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ақжол тілеп, қайырымдылық көмекке атсалысқан ...
Толығырақ »ҮШІНШІ ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын инфекциясын ерте анықтау мақсатында үшінші вирусологиялық зертхана ашылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Облыстық физиопульмонология орталығында» COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында вирусологиялық зертхана ашылды. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Германияда өндірілген Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып коронавирус індетін анықтауға болады. Зертханаға өңірдегі ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛҒА 260 ТОННАЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ
«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында Алматы облысынан Мақтаарал ауданына 15 жүк көлігіне тиелген 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары келіп жетті. Көмек керуеніндегі азық-түлік пен гигиеналық заттар облыстық штабтың Атакенттегі орталықтандырылған қоймасына, құрылыс материалдары Мырзакент кентіндегі құрылыс базасына түсірілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Көмек керуенін Алматы облыстық жастар ісі жөніндегі ...
Толығырақ »ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕРІКТІЛЕР
2020 жылы 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба су қоймасындағы дамбаның бір бөлігін су шайып кетуінің салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы шекара маңына жақын бірнеше ауыл су астында қалып, өңірде төтенше жағдай жарияланды. Алғашқы күндері 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланса, нақты 5 елді мекен (Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары) толығымен су астында қалған болатын. Техногендік ...
Толығырақ »КАРАНТИН РЕЖИМІ СОЗЫЛАДЫ
Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды. Бұл ретте бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифингте мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атап айтқанда, көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Тұрғындарға қалааралық, ауданаралық және елдімекендер арасында қатынауға қойылған шектеу күшінде қалады. Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жұмысын ...
Толығырақ »БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР КӨРСЕТІЛДІ
Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Бүгін, Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» КММ-нің ұжымы су басқан аймақтағы тұрғындар уақытша орналасқан эвакуациялық орталықтарға арнайы келді. Тосыннан болған апаттан әбігерге түсіп, күйзеліске ұшыраған тұрғындарды рухани қолдау және балаларға қуаныш сыйлау мақсатында Атакент кентіндегі N5 Мақтаарал мектеп — гимназиясында орналасқан бүлдіршіндерге анимациялық фильмдер көрсетті. Түркістан облысында ...
Толығырақ »МҮГЕДЕКТІКТІК АНЫҚТАМА МЕРЗІМДЕРІ ҰЗАРТЫЛДЫ
Түркістан облысы бойынша қайта куәландырудан өтуі тиіс 1690 азаматтың мүгедектік анықтамаларының мерзімі орталықтандырылған база бойынша тамыз айына дейін ұзартылды. Барлық жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау шаралары да 3 ай бойы көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдер бұрын тағайындалған мүгедектік топ пен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша төленеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл шара адамдардың көп шоғырлануы мен ...
Толығырақ »МЕЙІРБИКЕЛЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАУДА
12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні. Биыл ақ желекті абзал жандар айтулы күнді карантин режимінде өткізуде. Риясыз құрметке лайық жандарды науқастар құттықтап келіп жатыр, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы Жетісай аудандық орталық ауруханасының медбикесі Баянсұлу Майлыбаева отбасын көрмегелі бір айдың жүзі болған. 30 жыл өмірін медицина саласына арнаған маман инфекциялық госпитальде тәулік бойы ...
Толығырақ »152 ОҚУШЫ ШИПАЖАЙҒА АТТАНДЫ
Бүгін Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарының дәрігерлік есепте тұрған және көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушысы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды. Бұл игілікті іске Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болып отыр, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оқушыларды шипажайға апару ісі Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта ...
Толығырақ »АТАКЕНТТІК ЖОМАРТ ЖАН
Мақтаарал ауданында 2 мамыр күні орын алған төтенше жағдай кезінде топан су астында қалған ауыл тұрғындарына алғаш болып қол ұшын созған азаматтың кім екенін білесіз бе? Ол – атакенттік жеке кәсіпкер Нұржан Тоқжігітов. Қашанда елге қайырымдылығымен танылып жүрген Нұржан Ермаханбетұлы топан судан дүрлігіп, Атакент кентіндегі №5 Мақтаарал мектеп-гимназиясына эвакуацияланған 540 тұрғынды бір тәулік бойы таңғы, түскі, кешкі ас-ауқатпен қамтамасыз етті. ...
Толығырақ »ДҮНГЕН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨМЕГІ КЕЛДІ
Бүгін Мақтаарал ауданына Жамбыл облысы, Қордай ауданынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл қайырымдылық керуенін Қордай ауданы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 5 млн. теңгенің гуманитарлық көмегі төтенше жағдай жөніндегі штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Оны еріктілер мен жауапты азаматтар қабылдап алды. ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН БАҚ – 2020
Құрметті БАҚ өкілдері! «ТҮРКІСТАН БАҚ – 2020» байқауының басталғанын хабарлаймыз. Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Мақсаты — талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылғы 1 шілдесінен кешіктірілмей өтеді. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы 2020 жылғы 15 мамырдан ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Түркістан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен Түркістан облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылу күні кейінге шегерілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), ашылғаннан кейін де қызметтерді жаңа форматта көрсете бастайды. ХҚКО электрондық қызметтерді көрсетпейді, тек қана дәстүрлі қызметтер (қағаз жүзіндегі қызметтер /яғни/ жеке куәліктермен төлқұжаттарды ауыстыру, беру, жер учаскелерін рәсімдеу және жылжымайтын ...
Толығырақ »ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН БЕРІК
Таяуда ғана әлеуметтік желілерде танымал фотограф Мақсат Шағырбайдың ит құшақтаған құтқарушыны түсірген суреті тез тарап,қызу талқыға түскен болатын. Оның аты-жөнін,қайда қызмет ететінін сұрап,қызығушылық танытқандар да аз болған жоқ. Бүгін бір топ әріптестеріміз құтқарушыны топан су астында қалған Фирдауси ауылында кездейсоқ қызмет бабында кездестіріп қалыпты. Оның аты-жөні Берік Төлегенов. Ол бүгінде Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінде құтқарушы болып қызмет етеді. Берік ...
Толығырақ »ҚҰРЫЛЫСҚА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАР ТАРТЫЛУДА
Мақтааралдағы құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылуда, деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қазірдің өзінде Мырзакенттің шығыс бетіндегі 50 гектар аймақта 40-тан астам құрылыс компаниясы келіп, үйлердің іргетасын қалау жұмыстарына кірісіп кеткен. Бұдан бөлек, мұнда 1200 орындық мектеп, 250 орындық балабақша да салынбақ. Құрылысқа ...
Толығырақ »АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОЙМАСЫНА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ОРНАТЫЛДЫ
Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі облыстық орталықтандырылған қоймаға бейнебақылау қондырғылары орнатылды. Бұл өз кезегінде азық-түліктің ысырапсыз таралуы мен себепсіз үлестіруіне тосқауыл болмақ. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы филалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев мәлім етті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қоймада орнатылған 4 бейнекамера екі жүк қабылдау есігі мен ішкі шыға беріс жағына орналастырылуда. ...
Толығырақ »КАРАНТИН ҚҰРЫЛЫСҚА КЕДЕРГІ ЕМЕС
«Еліміздегі төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Алайда коронавирус инфекциясының қаупі сейілмегендіктен, карантин талаптары әлі де сақталады. Сондықтан сақтық шаралары жалғаса береді. Әсіресе құрылыс саласында. Карантин құрылысқа кедергі емес», -деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев лездемелік мәжіліс отырысында. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан қаласында бірқатар ғимараттар құрылысы аяқталуға таяды. Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласын жаңғырту ...
Толығырақ »