Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАС БУЫН ЕРІКТІЛЕР ЕЛМЕН БІРГЕ

ЖАС БУЫН ЕРІКТІЛЕР ЕЛМЕН БІРГЕ

 Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында орын алған су апатында жедел түрде әр өңірден еріктілерден құралған үйсіз — жайсыз қалған тұрғындарға жәрдемдесу мақсатында «Біргеміз Мақтарал» еріктілер штабы құрылған болатын. Қазіргі таңда жағдай тұрақталып, зардап шеккен ауыл тұрғындары қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуде. Төтенше жағдай орын алған күннен бастап, күн-түн демей еңбектенді.

Осындай сын сағатта жұмыла еңбектенген волонтер жастар Штаб басшылығының алғыс хаттарымен марапатталуда.

Солардың ішінде, айта кетерлігі, Мақтаарал ауданы С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы және «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Асылбек Қалманбек жаста болса, Мақтаралдағы жағдайды және еріктілер жұмысын көпшіліктің назарына ұсынатын видеорепортаждар жасап, еңбекқорлығымен ерекше көзге түскен болатын. Осы орайда Амалбек Даркенұлы “Біргеміз, Мақтаарал!” волонтерлар штабы атынан Асылбектің білікті маман болып қалыптасуы үшін ноутбук құрылғысын сыйға тартты.
Таза ниетті еріктілер еңбегі елеусіз қалмайды!


(Азат Дидарбектің фоторепортажы)

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу