Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 63)

Әлеумет

ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына Рахмет Әбдікәрімұлы Бектаев тағайындалды. Р.Ә.Бектаев 1965 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, заңгер. Еңбек жолын 1986 жылы №18 «Шымкентселстрой» тресті №1 темір-бетон зауытында жұмысшысы ретінде бастаған. 1986-1989 жылдары «Югстройконструкция» өндірістік бірлестігінде 2-разрядты формовщик, «Главмоспромстрой материалы №1 құрылыс материалдары және конструкциялары Бескудников комбинаты» Мәскеу қаласында 4-разрядты формовщик, 1990-1991 ...

Толығырақ »

ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар. Одан бөлек аудандарда 7 күндізгі қатынау бөлімі жұмыс жасайды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлім етті. «Айта кетерлігі, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек. Оның қазіргі әлеуметтік төлемдерден басты айырмашылығы, ол тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға ...

Толығырақ »

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Комиссия қызметінің мақсаты – құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылатынын айтқан аймақ басшысы мәжілісте облыстық ішкі істер департаменті және жергілікті полиция қызметі бастықтарының 9 айлық есебі тыңдалатынын жеткізді. Бірінші болып сөз алған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов тоғыз ...

Толығырақ »

ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ ТАБЫС ТІЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласы әкімі қызметін атқарған Ғ.Әбдірахымовты қабылдап, абыроймен атқарған қызметі үшін жылы лебізін білдірді. Аймақ басшысы бар күш-жігерін, қаланың экономикасын дамытуға арнап, білікті ұйымдастырушы ретінде көзге түскен Ғабидолла Рахматұллаұлына облыс әкімдігінің атынан алғыс айтып, жаңа қызметтегі еңбегіне сәттілік тіледі. «Өздеріңіз білесіздер, Шымкент қаласы Елбасының назарында болып, оның дамуына әрдайым көңіл аударып келеді. Мемлекет басшысының міндеттеген ...

Толығырақ »

Шахановтың шынайы болмысы басқа…

«ШЫҢҒЫСХАНҒА ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫҢ?» Мені Мұхаңмен алғаш таныстырған, әрі «Жалын» журналына қызметке тұруыма себепкер болған – белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі. Қалдыбек екеуміз Мұхаңның кабинетінде отырмыз. Қалдыбек мені Мұхаңа таныстыруда. Анау-мынау деп мені мақтай келе «Жалғыз ғана кемшілігі бар. Ол – сізге жерлес, отырарлық болғаны» деді. Ол кез Мұхаңның «шыңғысханшылармен» жағаласып жатқан кезі болытын. Соған орай Қалдыбек «Мұхаңа сіздің қожа екеніңізді білдірмейік. ...

Толығырақ »

Қажымұқанға жасалған қастандық

Өмірдің тар жол, тайғақ кешуін бір кісідей бастан өткерген көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Абай Тұрсынов Ленинград қаласының жоғары оқу орындарында ұзақ жыл ұстаздық етіп, бертінде Алматыға көшіп келген зейнеткер. Абай Тұрсыновтың айтуынша, Қажымұқанмен жақсы қарым-қатынаста болған ата-анасы бір жолы әйгілі балуанды төніп келген ажалдан аман сақтап қалыпты. Оған өзі тікелей куә болған. Сол туралы Әбекең былайша сыр шертеді: ...

Толығырақ »

БЮДЖЕТКЕ 1,4 МЛРД. ТЕҢГЕ ТҮСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылға шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 4983 бірлік квота бөлінген. Квота негізінде 88 кәсіпорын мен ұйымда 3307 шетел азаматтарына рұқсат берілді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлім етті. Бұдан бөлек, басқарма басшысының мәлімдеуінше, 2017 жылы Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерімен ...

Толығырақ »

РОБОТ ТЕХНИКАСЫН ҚҰРАСТЫРАТЫН МЕКТЕП – 02

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында робот жасау техникасының мектебі ашылып, оған балалар 5-7 жастан қабылданады. Курс 4 айға созылады. Оқу ақысы – айына 15 мың теңге. Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм бағдарламасы өкілдерінің айтуынша, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік гранттар шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде бастауыш кәсіпкерлерге беріледі. Бұған қоса, әйелдерге, мүгедектер ...

Толығырақ »

РОБОТ ТЕХНИКАСЫН ҚҰРАСТЫРАТЫН МЕКТЕП – 01

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында робот жасау техникасының мектебі ашылды. Бұл игі шараны «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мемлекеттік грантын жеңіп алған Астана қаласындағы Н.Назарбаев университетінің түлектері қолға алып отыр. Роботтарды құрастырудың алғашқы жобасы Астанада сәтті жүзеге асырылған соң жастар кибермашиналарды құрастыру негізін шымкенттік балаларға үйретуге шешім қабылдапты. 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленген түлектер бұл ...

Толығырақ »

«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА

Оңтүстік Қазақсатан облысының әкімдігінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың жай-күйі талқыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен штаб отырысына жауапты сала мамандары мен бірқатар аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Жиын барысында сөз алған облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашев құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың ағымдағы жай-күйін баяндады. Басқарма басшысы алдынғы штаб отырыстарында айтылған кемшіліктерді жою жұмыстары баяу іске ...

Толығырақ »

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Аграрлы аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысы озық технологияларды қолдануда көш бастап тұр. Мәселен, жаңа бастамамен облыста алғаш рет 59 гектар жерге жаңғақ, 7 гектарға бадамша егілді. Ал, тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың га жетті. Бұл республикалық үлестің 72 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ, өңірде жалпы жылыжайлар көлемі 1 294 гектардан асса, биылдың өзінде 171 га ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖҮРГЕН БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметке маман таңдауда дамыған елдердің тәжірибесі кеңінен қолданылатын болады. Бұл ретте әлемдік тәжірибеде кең қолданылатын «Таланттарды басқару» әдісінің берері мол. Бүгін бұл туралы бір топ мемлекеттік қызметкерлермен кездескен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер өңір басшысына біліктілікті жетілдіру, әлеуметтік жағдайды көтеру, ынталандыру мәселері бойынша өз ұсыныстарын айтып, емін-еркін пікір алмасты. ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев селекторлық режимде өткен аппараттық жиында азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және тауар өндірушілер мен диқандарға өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік базар ашуды аудан, қала әкімдеріне тапсырды. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында өңірде бір ай көлемінде әлеуметтік базарлар ашуымыз қажет. Ол үшін Шымкенттен 1-1,5 гектар жер қаралып, талапқа сай жасақталуын, ал ...

Толығырақ »

ҚАЙТА САЙЛАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі деңгейдегі мәслихаттағы бос орындарға сайлау өтті. Өңірдегі жеті сайлау округіне келген дауыс берушілер өз таңдауын жасады. Сайлауды әзірлеу және өткізу барысында комиссиясының атына ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлім етті. Комиссия төрағасының айтуынша, сайлау Конституциялық заң талаптарына сай өткізілген. Нәтижесінде № ...

Толығырақ »

ЕНДІ БІР ЖЕРДЕН АЛАТЫН БОЛАДЫ

Иә, саялы Сарыағаш ауданының тұрғындары барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметті бұдан былай бір жерден алатын болады. Өйткені, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ның алғашқы біріккен аудандық офисі ашылды. Сарыағаш қаласында орналасқан фронт-офисте жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік корпорация ұсынатын барлық қызметтер көрсетіледі. Екінші қабаттағы бэк-офистерде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеуге қатысты, жер қатынастары мен жылжымайтын мүлікті ...

Толығырақ »

ҚОСМАМБЕТОВ 70 ЖАСТА

Биыл қоғам қайраткері Төлебек Қосмамбетов 70 жасқа толып отыр. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мерейтой иесімен кездесіті. Кездесу барысында өңір басшысы қайраткердің өмір жолына тоқталып, ыстық лебізін білдірді. «Сіз киелі Оңтүстік өңірінде өсіп-өніп, бойыңыздағы бар күш-жігеріңізді, салиқалы ой мен біліміңізді, өміріңізді мемлекетіміздің дамуына, өркендеуіне жұмсап келесіз. Өмір жолыңызды қарапайым жұмысшыдан бастап, мемлекеттік қызметте бірқатар белестерді ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – 02

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына облысымыздағы бірқатар этно мәдени бірлестіктердің де басшылары қолдау хатын жолдады. Аталған хатта  облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы З.Бочоришвили, корей этономәдени орталығының төрайымы Р.Пак, татар-башқұрт бірлестігінің басшысы А.Мухамедова, грек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Д.Сидиропуло, иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Н.Капар-Пур, күрді этномәдени бірлестігінің басшысы А.Надиров, ұйғыр этно бірлестігінің жетекшісі Г.Темирова, тәжік этномәдени орталығының басшысы Ю.Султанов, неміс этно бірлестігінің жетекшісі И.Бахман, ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – 01

Өткен аптада Елбасы Н.Назарбаев қоғамда қызу талқыға түскен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең кезеңімен және жүйелі түрде көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Елбасының бұл тарихи әрі саяси шешімі оңтүстікқазақстандықтардың да ерекше қолдауына ие болып отыр. Осынау тағлымды шешімді қолдау мақсатында бір топ оңтүстікқазақстандық зиялылар Елбасының атына арнайы хаттар жолдауда. Солардың бірін – Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ...

Толығырақ »

ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

  Қазақстанның киелі жерлерінің картасы жобасы аясында ОҚО-да 104 киелі орынның тізімі жасақталған болатын. Оның 17-і республикалық маңызы бар тізімге енгізілген. «Домалақ ана» кесенесі солардың бірі және бірегейі саналады. Кесене Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Домалақ ана, яғни Нұрила Әли Сыманқызы – халқымыздың абыз аналарының бірі саналады. 1456 жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді ұстаны ...

Толығырақ »

«ДОМАЛАҚ АНА» КЕСЕНЕСІ ЖАНЫНАН

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы «Домалақ ана» кесенесі жанынан жаңа қонақ үй кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, лентасын қиды. Салтанатты шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. «Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанның киелі жерлерінің картасын әзірлеу тапсырылған болатын. Аталған жоба аясында өңіріміздегі бірқатар қасиетті жерлерді жаңғырту, қайта қалпына ...

Толығырақ »

ЕҢ БАСТЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ БІРІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев барша отандастарды қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшуімен құттықтады. Бұл туралы әкім Астана мен Алматы қаласынан келген белді тарихшы, ғалымдар мен қоғамтанушылар қатысқан басқосуда айтты. «Кеше Елбасымыз қабылдаған латын әліпбиіне көшу туралы Жарлығын Қазақстан Республикасындағы ең үлкен оқиғаның бірі деп айтуға болады. Мұндай әліпбимен қазір дүниенің 90 пайызы деп айтуға болады пайдаланады. Осындай қауымдастықтың ...

Толығырақ »

ТАТЬЯНА БУРМИСТРОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Биыл Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистрова 60 жасқа толып отыр. Бүгін осы мерекелі датаға орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әншімен арнайы кездесіп, мерейлі мерейтойымен құттықтады. Дәстүрлі әнші өнерге сарп еткен 31 жылында қазақ халқының төл туындылары мен термелерін нақышына келтіре орындап қана қоймай, ел арасында жоғары деңгейде насихаттап келеді. «Мен сіздің қазақ әніне, қазақтың ...

Толығырақ »

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ – 02

Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы және Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына дайындық бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәбит Исабай баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1127 іс-шара өткізіліп, оған 720 мыңға жуық адам қатысқан. Мәселен «Туған жер» бағыты аясында 66 жоба, 121 іс-шара жүзеге асырылуда. ...

Толығырақ »

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ – 01

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалалық мақаласының жарияланғанына 6 айдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында қандай жетістіктер бар? Нендей кемшіліктер назардан тыс қалып отыр? Бүгін бұл сауалдарға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен өткен жиында жан-жақты жауап ізделді. Мәжіліске барлық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен баспасөз хатшылары қатысты. Жиынды ашып, жүргізіп отырған ...

Толығырақ »

ЖЫЛЫ ЛЕБІЗ

Күні кеше көршілес, бауырлас Қызғызстан халқы өздерінің жаңа басшыларын сайлап алды. Сооронбай Жээнбеков сайлаушылардың 52,55% дауысын жинап, жеңіске жетті. Көрші мемлекеттегі саяси оқиға біздің елге тікелей байланысты. Әрі түбі бір түркі тілдес халықтар қатарындағы туыстас екі мемлекеттің әрі қарайғы дамуына Қырғызстандағы өткен сайлаудың да әсері зор. Осы мақсатта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты ...

Толығырақ »