Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ АТАНАМЫН

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ АТАНАМЫН

«Қазақ күресінен Қазақстан Барысы атанамын» — деген түркістандық Әбдіғани Бибарыстың арманы асқақ. +100 келі салмақта белдесіп жүрген балуанның сондай-ақ самбо күресінен ересектер арасында Әлем және Азия чемпионы боламын деген жоспары бар. Бұлай деуінің өзіндік себебі де жоқ емес. Түркістанның мақтанышы 2020 жылы Атырау қаласында Самбо күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанған.
«Мен күреске 10 жасымнан бастап қатыстым. Өйткені қазақша күрес, самбо және дзюдо күрестеріне деген қызығушылығым бала кезімде оянды. Спортқа келгеніме өкінбеймін. Өмірімді спортсыз елестете де алмаймын. Қазақ спорты тарихында есімімді өшпестей етіп қалдырғым келеді. Болашақта Жақсылық Үшкемпіров секілді даңқты балуан боласам мен үшін арман бар ма?! Және ол қолымнан келетініне сенемін»,- деді балуан.


Жетістігі туралы тағы тоқтала кетсек. Ол Самбо күресінен 2017 Сербия елінде жастар арасында әлем чемпионы, 2018 Грузия елінде Әлем чемпионатынын күміс жүлдегері. Бұл Бибарыстың тек самбо күресіндегі жеңісі. Ал, қазақ күресі мен дзюдо күресіндегі жетістігі де ауыз толтырып айтарлықтай.
Айта кетейік, Бибарыс 1999 жылы 14-ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ата-анасының үмітін ақтап отырған спортшы әпкесі мен інісі үшін нағыз батыр. Спорт саңлағының әрбір жеңісі мен жеткен жетістігін отбасы мүшелері мақтан етеді.

© Нұртас Мұхтарұлы
«Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы»

заңды тұлғалар бірлестігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу