Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » «АБАЙ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

«АБАЙ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

На изображении может находиться: Бауыржан Омарбеков, стоит и на улице
Түркістан облысы, Төлеби ауданында Абайдың 175 жылдығына орай Абай аллеясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа аллея аудан орталығындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан. Демеушілердің қолдауымен саябақта Ұлы ақынның еңселі ескерткіші бой көтерді. Мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 2 метрді құрайды.
Абай аллеясының ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Темірғали Көпбаев және арнайы келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты.
На изображении может находиться: один или несколько человек, люди стоят, цветок и на улице
«Бүгін біз сіздермен ақын, дана, қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы кездесіп отырмыз. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ақынның 175 жылдық мерейтойына орай бой көтерген аллея мен Абай ескерткішінің салтанатты жағдайдағы ашылуы тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Біздің бүгінгі бұл шарамыз ұлы Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық»,- деді аудан әкімі.
На изображении может находиться: один или несколько человек, люди стоят, цветок и на улице
Айта кетерлігі, мұнда балалар үшін ойын алаңшалары мен спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар және демалушылар отыратын орындықтар орнатылды. Өз кезегінде аллея тұрғындардың тынығуына, дене шынықтыруы мен серуендеуіне қолайлы жағдай туғызатын болады.
© Төлеби ауданының баспасөз қызметі

Пікір жазу