«Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Сайрам ауданының аз қамтамасыз етілген және көпбалалы 200 отбасына азық-түлік таратылды. Қайырымдылық іс- шара «Adal komek» қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Барлығы 200 отбасыға таратылған себеттің әрқайсысының құны — 5000 теңге.
«Мұндай акциялар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Қолдау көрсету және мұқтаж адамдардың қандай да бір жағдайда жалғыздық сезінбеуін қамтамасыз ету – біздің қолымызда. Еріктілер үшін ел ризашылығынан артық сый жоқ» деген «Adal komek» қоры төрағасының орынбасары Раимқулов Қайнарбек азық-түлік себеттерін арнайы көлікпен жеткізіп берді.
© Didarbek.kz