Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» және қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп, “Харекет” қайырымдылық қорының Шымкент қалалық жетекшісі Дарбышев Серік Сеилбекұлының қатысуымен қала аумағындағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараны өткізді.
Іс-шара барысында Еңбекші ауданындағы Л.Толстой көшесі бойындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына салынған жалпы 48 есірткі құралдарының жарнамасы ретіндегі жазбалар өшірілді.
Алдағы уақытта Полиция департаменті және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен осы мақсаттағы бірлескен іс-шаралар әлі де жалғасатын болады.
© Didarbek.kz