Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 69)

Әлеумет

ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫ

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы мезгілсіз дүниеден озды. Мұқан Кеңесбекұлы бүкіл саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ақ халатты абзал жан. Өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлесін қосқан білікті дәрігер, көреген басшы болды. Өз ғұмырында қаншама адамға қол ұшын созып, қамқорлық жасап келді. Мұқан Егізбаев 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туылған. Білімі ...

Толығырақ »

БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ

Жер-жаһанды жайлаған вирусқа байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде бірқатар құрылымдардың қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Солардың бірі әрі негізгісі індетпен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина саласының мамандары. ​ Бүгінде қалалық №5 емхананың медағасы болып жұмыс істейтін Айбек Жандарбек Шымкенттегі Қызылсу блок-бекетінде кезекшілікте тұр. Карантин кезінде рұқсат қағазы бар азаматтарды жіті бақылаудан өткізіп, арнайы құрылғылар көмегімен тексеретін маман қандай да бір ауру ...

Толығырақ »

ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ СІҢІРГЕН ЕҢБЕК ОРАСАН

Қазақ халқында «Ынтымақ жүрген жүрде ырыс бірге жүреді» деген сөз бар. Елбасы айқындаған сарабдал саясатты ұстанып, берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды арттырдық. Іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгемен тереземізді теңестірдік, тұрмысымызды түзедік, тарихымызды түгендедік. Бүгінде татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз – Қазақстан ынтымақ ұясына, татулық төріне айналды. Мемлекетіміздің қарқынды дамуына тұрлаулы саясат пен ішкі бірліктің арқасында қол жеткіздік. Рухы биік, ...

Толығырақ »

64 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Қаланың Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін 519 аула абаттандырылған.​ Биыл тағы 64, ​ келер жылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Тоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлім болды.​ Қала басшысы ондағы Мұнайбарлаушылар​ көшесіне салынған ойын алаңшасымен танысты. Мердігер компания ғарыштық үлгіде бой көтерген​ балалар алаңшасына құрылғыларды арнайы Ресейден алдырыпты. Маңында үш спорт алаңы да бар. ...

Толығырақ »

ОТАНДЫҚ ӨНІМ — БЕРЕКЕЛІ ӨНДІРІС

Сайрам ауданы Қарасу ауылында тәулігіне 800 кг ет өнімдерін өндіретін цех бар. «ЖК Алма» ауылшаруашылық өндірістік копертивінде 25-ке жуық адам жұмыс істейді. Өндіріс орнына барған аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс тіледі, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұдан кейін аудан басшысы «Қайып ата» ЖШС-ның мал сою бекетінің, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан ...

Толығырақ »

534 493 АДАМНАН ӨТІНІМ ТҮСКЕН

2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін арнайы портал,сайттарында 534 493 адамнан өтінім түскен. Оның ішінде 277 555 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 253 216 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 555 азаматтың ішінде 264 773 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы ...

Толығырақ »

ГҮЛДЕР ЖАҚЫН ӨҢІРЛЕРГЕ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

«Ханжук» шаруа қожалығының төрағасы Рүстем Абдурасуловтың аула гүлдерін өсіруді отбасылық кәсіпке айналдырғанына жетінші жыл. Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі Ақсуабад елді мекенінің тұрғыны 2013 жылдан бері 3,30 гектар жерге гүл өсіреді. Жылыжайдағы әр гүлді жеке стақанда өндіріп, сәуір, мамыр айларында сатылымға шығаратын кәсіпкер шаруашылығын аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аралап көрді. «Ханжук» шаруа қожалығы өндірген гүлдер еліміздің астанасы Нұрсұлтан қаласынан бастап, Өскемен ...

Толығырақ »

8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Толығырақ »

ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол ...

Толығырақ »

БІРЛІГІМІЗ БЕКИ БЕРСІН!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары — татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы — бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын. ...

Толығырақ »

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта, иманы жолдас болсын! Мұқан Кеңесбекұлы өз қызметін абыроймен атқарып, білікті басшы, іскер ұйымдастырушы ретінде еліміздің өсіп өркендеуіне зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы өзі қызмет еткен денсаулық саласының заман талабына сай дамуына көп еңбек сіңірді. Артында қалған туған-туыстарына сабырлық, денсаулық тілейміз! © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында бүгінде 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп жатыр. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде. Мұнан өзге 20 көпқабатты үйдің жобалық сметасын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жалпы жыл соңында дейін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті түркістандықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ халқында «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген мақал бар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болуы үшін ең алдымен мықты татулық және тұрақтылық керек. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының ынтымақ, бірлігін нығайтуда өте ауқымды жұмыстар атқарып, бірқатар саяси бастамаларды жүзеге асырды. Соның бірі — Елбасы ...

Толығырақ »

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНАН АЙЫҚТЫ

30 сәуірдегі мәліметке сай, Түркістан облысында 9 науқас дерттен айығып үйлеріне оралған. Олардың 7-і бір отбасы мүшелері, Түркістан облысы, Арыс ауданының тұрғындары екені белгілі болды. Аты-жөндерін жариялағысы келмегенімен, дәрігерлерге деген шексіз алғыстарын білдіруді өтінген. Алдағы уақытта уақытша үй карантинінде дәрігерлердің қадағалауында болады. Жалпы, «Арыс аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері Ерғали Әлімбаевтың ұсынысымен карантин жарияланған «Наурыз» мөлтек ауданы мен оған жаппарлас елді ...

Толығырақ »

ТОЛЫҚТАЙ ШЕШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Еңбекші ауданындағы 16 тұрғын алаптың 11-де ауыз су мәселесі бар. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтың Бадам-1 тұрғын алабы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды. Сондықтан, 2020 жылы аудандағы 2 мыңнан астам абонентке су тарту жұмыстарының жобалық сметасы әзірленіп жатыр. Егер құжат осы жылы дайын болса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі Ғалымжан Ілиясовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары жоспар ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте тағы екі науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққандар 1973 және 1970 жылғы қала тұрғындары. Дертінен сауыққан азаматшалар 11 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған қос науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 30 сәуір ...

Толығырақ »

КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкенттегі Бадам өзені бойында салынып жатқан көпірде қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы «Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзенінен өтетін көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілген болатын. Аталған көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр болса, жүріс бөлігінің ені – 11,5 метр және жалпы ені – 28,2 метрді құрайды. Көпір 2 ...

Толығырақ »

ЖОЛ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының қалалық филиалы мен Арнайы мониторингтік топ, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері жол құрылысы барысын бақылау мақсатында рейдтік іс- шаралар өткізді. Бұл жолы «Телман» шағын ауданында салынып жатқан М.Әуезов көшесі қоғамдық және ведомстволық бақылауға алынды. Арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жол төсемесін, тротуарларды, сондай-ақ трасса ...

Толығырақ »

БІР ОТБАСЫНАН 7 АДАМ АЙЫҚТЫ

30 сәуірдегі мәліметке сай, Түркістан облысында 9 науқас дерттен айығып үйлеріне оралған. Олардың 7-і бір отбасы мүшелері, Түркістан облысы, Арыс ауданының тұрғындары екенібелгілі болды. Аты-жөндерін жариялағысы келмегенімен, дәрігерлерге деген шексіз алғыстарын білдіруді өтінген. Алдағы уақытта уақытша үй карантинінде дәрігерлердің қадағалауында болады. Жалпы, «Арыс аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері Ерғали Әлімбаевтың ұсынысымен карантин жарияланған «Наурыз» мөлтек ауданы мен оған жаппарлас елді ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРДІ

Түркістан облысы Төлеби ауданының жастары өз қаражаттарынан ақша жинап, мұқтаж отбасыларға көмек берді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы Төлеби ауданының еріктілері жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантин кезінде бірқатар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тауарларын таратты. Студенттерден құрылған жомарт жандар мұндай игі іс атқару үшін өз қалталарынан қаржы жинап, оған күнделікті ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыруға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу, қашықтан жұмыс істеу, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру, бос тұрып қалу уақытын ресімдеу, сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты табыс көзінен айрылғандарға ең төменгі жалақы мөлшері көлемінде (42 500 теңге) төлемін жүргізу қарастырылған. Осы орайда, Шымкент қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасымен мекемелер, ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыскерлерге еңбек ...

Толығырақ »

22 390 ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНҒАН

Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау үшін communal-komek.kz интернет платформасы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда аталған портал арқылы Шымкентте 22 390 өтінімнің 14 773-інің жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, 7 255 азаматтың өтініші мақұлданған. Тиісінше 7 518 азаматтың жеке (абоненттік) есепшоттары сәйкес келмегендіктен өтініштері қанағаттандырылмаған. 15 000 теңге көлеміндегі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкентте Үкімет басшысына биылғы желтоқсанға дейін салу көзделген, өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысы туралы баяндалды. Премьер-Министр Түркістанда жаңа халықаралық әуежайдың ...

Толығырақ »

БӘЙДІБЕКТІК АЗАМАТ 100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ ТҮЛІК ТАРАТТЫ

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылының тұрғыны Оразалы Ержанов #Bizbirgemiz акциясы аясында төтенше жағдай кезінде жерлестеріне қолдау білдіру мақсатында 100 отбасыға азық-түлік тауарларын таратты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға үлестірілген азық-түлік себетінде бір қап ұн және сұйық май бар. «Айлардың сұлтаны Рамазанға тұспа-тұс келген бүгінгі игі істі айтып өтсем ...

Толығырақ »