Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАСТЫ МАҚСАТ – ІНДЕТТІҢ КЕҢ ТАРАЛУЫНА ТОСҚАУЫЛ БОЛУ

БАСТЫ МАҚСАТ – ІНДЕТТІҢ КЕҢ ТАРАЛУЫНА ТОСҚАУЫЛ БОЛУ

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Жиында елде коронавирус пандемиясын алдын алу бойынша жарияланған төтенше жағдай режимінің аяқталғаны туралы айтылды.

Мемлекет басшысы айтқандай, расында да елдегі орын алған індет мемлекетіміз үшін қиынға соқты. Бұл біз үшін үлкен сынақ болды. Ел болып індетпен күресіп, дәрігерлер мен жауапты мамандар қарапайым тұрғындармен біріге отырып карантин режимін сақтау арқылы вирустың кеңінен етек жаюына жол бермедік.

Жаппай жұмыла отырып індеттің шарықтау шегінен өтіп, төтенше жағдай режимі де аяқталды. Сонда да, еліміздің кей аймақтарында аталған дерттің таралуы бәсеңдей қоймағанын Президент те айтып өтті. Сондықтан, бүгінге дейінгі шектеулер жалғаса отырып, шектеулер жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады. Себебі, аурудың алдын алудағы басты мақсатымыз – індеттің таралуына тосқауыл болу үшін күнделікті сақтық шараларын жалғастыру.

Құдайбергенов Ерлан Жұмағалиұлы,
Шымкент қаласы білім басқармасы, «Отырар» колледжі директорының орынбасары

Пікір жазу