Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 283 177 АЗАМАТ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАДЫ

283 177 АЗАМАТ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАДЫ

Шымкенттік 283 177 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды, деп жазады Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

2020 жылғы 12 мамыр, сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 633 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 283 177 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 248 119 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 283 177 азаматтың ішінде 270 398 өтініштер бойынша, ал, 12 779-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 280 633 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін бірнеше онлайн платформалар, 42500.enbek.kz, egov.kz, телеграмм бот арқылы әр өңір бойынша өтінім қалдыру қарастырылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу