Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 33)

Шымкент

​Шымкентте әскери техника жазғы кезеңге дайындалуда

Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жөніндегі жоспарлы іс-шаралары Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында өтуде. Техниканы дайындау жұмыстары кезең-кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезекте ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұйрықтары негізінде мамандар техника санына сай жанар-жағармай материалдары мен материалдық құралдардың есебін жүргізді. Сондай-ақ, әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың әрбір паркінің аумағында тазарту ...

Толығырақ »

Мәдениет тынысы: атаулы даталар кең көлемде атап өтіледі

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясын өткізді. 2024 жылы қала аумағында ауқымды 47 ресми, көпшілік, мәдени іс-шара өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың І тоқсанында оның 10 ресми, мәдени көпшілік іс-шарасы өткізіліп, 15 730 көрерменді қамтыды. Басқармаға қарасты өнер мекемелерінде 1471 іс-шара өткізіліп, 782 389 келуші тартылған. ...

Толығырақ »

ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ САҒАТ ӨТТІ

Биыл КСРО халық әртісі, театр және кино актері, режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми – әмбебап кітапхана мен Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен «Қазақ киносының саңлағы» атты танымдық сағат өтті. Қаламыздың бас кітапханасында өткен мәдени іс-шараға «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. ҚР мәдениет қайраткері, драматург ...

Толығырақ »

Қарттарым — асыл қазынам

Шымкент қалалық мәдениет үйі «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де концерт қойды.  Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға балаша қуанып, өнерпаздарға өз ризашылықтарын жаудырды. Өнер майталмандары дайындаған концерттік бағдарламаға 70 -ке жуық қария қатысты. Көктемнің шуақты күндерінің бірін көтеркі көңіл күйде өткізуді мақсат еткен өнер ұжымы дәстүрлі халық әндерін әуелете шырқады. Мәдениет майталмандары алда келе жатқан 1-мамыр бірлік күнімен құттықтап ...

Толығырақ »

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан сарайында Шымкент қаласы білім басқармасының алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске білім басқармасына қарасты мектеп, балабақшалар мен колледж басшылары және қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты, деп жазады қалалық «Шымкент келбеті» басылымына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиеваның баяндамасы тыңдалып, білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен студенттердің денсаулығы, білім алуы, қауіпсіздігі талқыланды. Басқарма ...

Толығырақ »

Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласында оқу орнын бітіруші курс студенттеріне арналған «ЖАС МАМАН -2024» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде Әл-Фараби және Тұран ауданы Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Жас маман – 2024» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда студенттер мен жұмыс берушілер бетпе-бет кездесуге мүмкіндік алды. Университетте өтіп жатқан осындай іс-шаралар бітіруші түлектердің тұрақты жұмысқа орналасуына оң ықпалын тигізетіні анық. Жәрмеңке ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

«Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарманың қолдауымен мемлекеттік Рәміздер күніне байқау жарияланды. Байқаудың мақсаты — Тәуелсіздік құндылықтары, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, сол арқылы адам бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген терең құрметті қалыптастыру, сапалы контент жасақтау, шығармашылықты шыңдау. Байқау «Үздік іс-шаралар», «Үздік пост»,«Үздік ролик» номинациялары бойынша өтеді. «Үздік іс-шаралар» номинациясы бойынша: Іс-шараның сценариі, ...

Толығырақ »

МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «Жастар ресурстық орталығында» Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарттық агенттігі. Мәжіліске Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері, ардагерлер және белсенді жастар қатысты. Алдымен басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев басқарманың өткен жылы атқарылған шаруалар мен ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Комиссияның бүгінгі отырысы «Еңбек күні» мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылды. Отырыстың күн тәртібі әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек қатынастарын, оның ішінде кәсіподақ қызметін реттеудің бірқатар маңызды мәселелерін қамтыды. Атап айтқанда, кәсіподақ бірлестіктері мен кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2024-2026 ...

Толығырақ »

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ АУЛАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Бұл апта- «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Бұл апталық аясында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтары тазаланады, абаттандырылады. Ондағы мақсат — қаладағы жалғыз ілікті қарттарға, ардагерлерге, қарттарға көмектесіп жылулық сезімін жеткізу, сол арқылы басқаларға өнеге көрсету. Өйткені, «Атаңа не қылсаң, алдына сол келеді» – дейді қазақ, сондықтан қай уақытта болмасын ересектерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық ...

Толығырақ »

Шымкентте халықтың 81 пайызы МӘМС жүйесімен қамтылған

Шымкент қаласында тұрғындардың басым көп саны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылып отыр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 миллион 229 мың адамды құраған болса, олардың 81 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. 220 мың 554 адам сақтандырылмаған. Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді жалғастыруда. Сондай-ақ, Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ IT HUB АШУҒА МҮМКІНДІК КӨП

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңызын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтіп, Astana Hub тәжірибесін кеңінен насихаттап, өңірлерде дамыту міндетін қойған болатын. Өңірлік хабтар ұйымдастыру, аймақтарда IT-саланың дамуына жол ашады. Осыған орай, қаламыздағы Көрме орталығында «Google Devoloper Groups» тақырыбында ІТ конференция өтті. Конференцияға мегаполистегі стартап жобалары бар жоғары оқу орындары, сала бойынша білім ...

Толығырақ »

ШИРЕК ҒАСЫР БЕКЗАТ ӨНЕРГЕ БАУЛЫҒАН МЕКТЕП

Бүгін “Түркістан сарайында” сұлулық пен нәзіктік салтанат құрды десек болады. Талдырмаш мүсін, аққу құстай әсемдік, сырбаздық концерт залын баурап алды. Шіркін, сұлу өнердің костюмдерінің өзі бір төбе ғой. Бұл бекзат өнерді дәріптеген “Мейір” балет мектебінің 25 жылдық “Ширек ғасыр шыңдары” атты мерекелік концерті еді. Республикаға танымал мектептің мерейтойына елімізге белгілі өнер ұжымдары, “Гүлдер” ансамблі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы ұжымынан ...

Толығырақ »

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЖЕЛАЯҚТАР

Адам жаны қашанда мейірімділік пен саулықты қалайтыны ақиқат. “Бірінші байлық – денсаулық” деген аталы сөз де оның маңыздылығын көрсетеді. Сол себепті елге жаңа ауруханалар салу мен заманауи медициналық технология әкелуге баса көңіл бөлініп отыр. Ал денсаулық сыр бермей, көңіл қош болсын десек, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Осы орайда, бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан ...

Толығырақ »

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: “ЖАСЫЛ АЙМАҚ” СЕНБІЛІККЕ ҰЛАСТЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы аумағында орналасқан мазараттар мен зират орындарын күтіп-баптауға арналған «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ТІРІГЕ МІНДЕТ» атты республикалық тазалық шарасы өткізілді. Тазалық шарасына қаладағы 92 мешіттің діни қызметкерлері мен ерікті 3574 азамат қатыстып, 37 мұсылман зираттарының аумағын күл-қоқыстан, шөптерден тазартылып, қураған ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ “ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — БҮГІНГІ МІНДЕТ” ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық аймағында кең өріс алуда. Бұл игілікті жұмыс Шымкентте де ауқымын кеңейте түсті. Бүгін таңертеңнен бастап қаладағы барлық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, тұрғындар мен ерікті жастар, ардагерлер мен оқушылар бұл игілікті шараға белсенділікпен атсалысуда. Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары мен көріктендіру, абаттандыру шаралары, шөп ору, ағаштарды әктеу, қоршаулар ...

Толығырақ »

​Шымкенттік кәсіпкерлер қытайлық делегациямен кездесті

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Қытайдан келген делегация өкілдерімен В2В форматындағы кездесу өтті. Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің аясында өткен жиында жергілікті және қытайлық компаниялардың жетекшілері өзара тілдесті. Қытай делегациясының құрамында қаптау-орау, электрмобильдер мен электрскутер шығару, жел және күн энергиясын өндіру, жол салу салаларындағы Шыңжан, Гуандун, Ичун өңірлері компанияларының өкілдері болса, Шымкенттен UNIT-CO.KZ, «Берен моторс», «Састөбе цемент зауыты», «РК Спектр» ...

Толығырақ »

Шымкенттік әлеуметтік сала өкілдері жаңа заңды талқыға салды

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында жуырда мемлекет басшысы қол қойған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңына енген өзгерістермен толықтырулар талқыланды. Басқарма басшысы Жанат Өтебаеваның жетекшілігімен өткен жиында Адам құқықтары жөнінде уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Әбдезов, «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының төрайымы Баян Жандосова, балалар құқықтары жөніндегі Шымкент ...

Толығырақ »

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІН ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Ведомство басшысы «АйМар Құс» ЖШС жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Кездесу барысында шаруалармен бірге сүт-тауарлы фермалар мен көкөніс қоймаларын жеңілдікпен несиелендіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, шаруалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге салықтың тарифтік ставкасын төмендетуді және асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізуді сұрады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ауыл шаруашылығы министріне ...

Толығырақ »

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ЖАС ЭКОЛОГТАР ТАЛ ЕКТІ

Таза Қазақстан тазалық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығына мектеп оқушылары да атсалысты. Іс- шара барысында Шымсити шағын ауданында орналасқан N135 ші жалпы орта мектебінің ауласына ағаштар, гүлдер отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға экология, өлкетану және туризм орталығының жас экологтары мен N 135 жалпы орта мектебінің оқушылары бірлесіп 30-ға жуық декоративті шырша ағашы мен 200 түп гүл отырғызды. Сонымен қатар жасыл ...

Толығырақ »

Шымкенте медицинские организации за счет ОСМС обеспечены финансовой стабильностью

В Шымкенте медицинские организации полностью обеспечены финансовой стабильностью за счет ОСМС. На сегодняшний день 182 организации уже получили 40 процентов положенных за год денежных средств. Также без задержек производится оплата услуг вспомагательных исполнителей, оказывающих диагностические услуги населению на договорной основе с лечебными учреждениями. Об этом сегодня было заявлено в ходе встречи руководства ФСМС, филиала НАО «Фонд обязательного социального медицинского страхования» ...

Толығырақ »

Шымкентте медициналық ұйымдар МӘМС есебінен қаржылай тұрақтылықпен қамтамасыз етілген

Шымкентте медициналық ұйымдар МӘМС есебінен қаржылай тұрақтылықпен толық қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңға 182 мекемеге жылдық қаражаттың 40 пайызы алдын-ала төленген. Емдеу мекемелерімен келісім-шарт негізінде халыққа диагностикалық қызмет көрсететін қосалқы орындаушылардың қызметтеріне төлем жүргізуге де еш кедергі жоқ. Бұл туралы ӘМСҚ, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ филиалы мен Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы басшылығының кездесуі барысында айтылды. Тараптар халықты сапалы қызметпен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЧЕРНОБЫЛЬ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

26 сәуір —Чернобыль апат құрбандарын халықаралық еске алу күні. Биыл атом электр станциясында орын алған апатқа 38 жыл толды. Кеңес одағы тарихында миллиондаған адамның өмірінде қаралы күн болып қалған осы оқиғаның салдары өшпес із қалдырды. Қаншама жаңа ұрпақ дүниеге келгенімен, талай отбасын қара жамылдырған жойқын апат әлі күнге ұрпақтарының жадында. Айта кетейік, 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр стансасында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессия отырысына әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Сондай-ақ, жиында бірқатар басқарма басшылары атқарған жұмыстары ...

Толығырақ »

ГАБИТ СЫЗДЫКБЕКОВ ОЗНАКОМИЛ МИНИСТРА СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА РК С ПРОЕКТОМ СТРОИТЕЛЬСТВА КРУПНЕЙШЕГО ТЕПЛИЧНОГО КОМПЛЕКСА

Министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров посетил с рабочим визитом город Шымкент. Глава ведомства ознакомился с деятельностью ТОО «АйМар Құс», а также встретился с фермерами. На встрече с фермерами Айдарбек Сапаров обсудил вопросы льготного кредитования молочно-товарных ферм и овощехранилищ. Кроме того, аграрии обратились к министру рассмотреть возможность снижения тарифной ставки земельного налога на земли сельскохозяйственного назначения, а также внести изменения в ...

Толығырақ »