Абай ауданы әкімі аппараты ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы аясында аудан тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында кең ауқымды N55 жалпы орта мектебінде аудан тұрғындарына 5 күндік оқыту өткізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
Жобаға қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады.
Курсқа қаржылық сауаттылық курсын оқығысы келетін кез келген азамат қатыса алады. Қаржы алып мақсатты пайдаланғыңыз келсе, құжаттарды дұрыс рәсімдеуді үйренгіңіз келсе осы курсқа тегін қатысуды ұсынамыз.
© Didarbek.kz