Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте қайтарымсыз гранттар бағдарламасының екінші кезеңі аяқталды

Шымкентте қайтарымсыз гранттар бағдарламасының екінші кезеңі аяқталды

Шымкентте 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі қайтарымсыз гранттар бағдарламасының екінші кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде 217 адамның бизнес-жобасы мақұлданып, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпарат агенттігі.
Грантқа өтінімдер негізінен атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, көпбалалы және асыраушысынан айырылған отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар мен балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар тарапынан түсті.
Комиссия құрамында қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары, қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, журналистер және кәсіпкерлер болды. Олар жобалардың әлеуетін, бизнес-жоспардың өміршеңдігін мұқият талқылап, қорытынды шешім шығарды.
Мақұлданған жобалар түрлі салаларды қамтиды. Атап айтқанда, 19 жоба мал және құс шаруашылығын, 49 жоба қызмет көрсету саласын, 22 жоба кондитер және нан өнімдерінің өндірісін, 44 жоба тігін өндірісін, 16 жоба жартылай фабрикаттар өндірісін, 5 жоба жиһаз өндірісін және 35 жоба қоғамдық тамақтану орындарын іске қосу бағытында жүзеге асырылатын болады.
Бүгінгі таңда грант жеңімпаздары Еңбек мобильділігі орталығымен келісім-шарт жасасу үстінде. Әрбір грант көлемі 1 476 800 теңгені құрайды және тек бизнес-жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Бұл шаралар қаладағы экономикалық белсенділікті арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.
Шымкенттегі қайтарымсыз гранттар бағдарламасы өз ісін бастауға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін маңызды аспект болып табылатын жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Бағдарламаға қатысу көптеген отбасылар үшін тұрақты табыс пен өмір сүру жағдайларын жақсарту арқылы өмірлерін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік болды. Сонымен қатар, мақұлданған жобаларды іске асыру жергілікті экономиканың дамуына және қалада тауарлар мен қызметтердің ассортиментін кеңейтуге ықпал етеді.

Пікір жазу