
Шымкент қаласының әкімі
Ғабит Сыздықбеков Нұршуақ, Жиделі, Қызылжар, Құрсай, Ақтас шағын аудандарының, сондай-ақ Рысқұлов және Байтұрсынов көшелерінің тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала тұрғындары көшпелі кездесуде жолдарды асфальттеу, кеңейту, спорт және балалар алаңдарын салу, жер учаскелерін заңдастыруға қатысты өзекті мәселелерді қозғады.