Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ДЕНСАУЛЫҚ БҰРЫШЫ: ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА 400-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТҚА КЕҢЕС БЕРДІ

ДЕНСАУЛЫҚ БҰРЫШЫ: ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА 400-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТҚА КЕҢЕС БЕРДІ

ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткен “Денсаулық бұрышы” акциясында дәрігерлер 400-ге жуық азаматқа кеңес берді.

Шара барысында «Студенттік емхана», №14емхана және «Kameya Pharm» клиникасының бейінді мамандары тобы «ОӘД», «Север» және «Бекжан» сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындарын қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті.

Хирург, невропатолог, акулист, психолог және акушер-гинеколог, гастроэнтеролог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берді.

«Денсаулық бұрышы» алғашқы көмекке қажетті материалдармен және денсаулық жағдайы мен қысым денгейін анықтауға қажетті құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ, келушілер үшін алкоголь, темекі шегудің және нашақорлықтың қауіпі туралы стенд орнатылған.

«Денсаулық бұрышы» азаматтардың салауатты өмір салтын ұстану, сотқа келушілердің денсаулық қауіпсіздігін сақтау және қажет болған жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсету мақсатында ұйымдастырылған.Жалпы МӘМС шеңберінде сақтандырылған азаматтарға тіркелген емханасы бойынша жоғары технологиялы медициналық көмек, профилактикалық тексерулер мен оңалту шаралары, консультациялық-диагностикалық қызметтер мен есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмектер қолжетімді. Қаладағы медициналық мекемелерде былтыр 120 мыңға жуық науқас стационарлық жағдайда емделген. Оның ішінде 100 мыңға жуығы МӘМС қаражаты есебінен ем қабылдады.

Шара барысында сондай-ақ Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесінің маңыздылығы туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткен «ОӘД» мен «Север» және «Бекжан» сауда орталықтарының басшылығына алғысымызды білдіреміз!

 

Пікір жазу