Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 11)

ОҚО жаңалықтары

ІЗІН СУЫТПАЙ ҰСТАДЫ

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне малдары ұрлағаны жөнінде екі жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушілердің айтуынша ағымдағы жылы маусым айының 3-нен 4-не қараған түні белгісіз тұлғалар олардың ауласынан екі жылқыны ұрлап кеткен. Бұл деректерді полицейлер СДТТБТ-да ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «мал ұрлығы» бойынша тіркеді. Ұрланған малдың құны миллионға жуық теңгені құрады. Сарыағаш АПБ-да орын алған мал ұрлығын анықтауға бағытталған тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. ...

Толығырақ »

ТЕРМИНАЛ БҰЗҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Түркістан облысында полицейлер төлем терминалын бұзған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Оның айтуынша белгісіз тұлғалар дәріханаға кіре берісте орналасқан терминалды бұзып, ақша ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 200 мың теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Түлкібас АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі «ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру іс-шараларына ...

Толығырақ »

КАРАНТИНДІК РЕЖИМ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу іс-шаралары 2020 жылы 8 маусым сағат 00.00-ден бастап коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары қолға алынып отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. С.Қалқаманов облыс тұрғындарын жарияланған карантиндік шараларға түсіністікпен қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды. «2020 жылғы ...

Толығырақ »

ПЛОГГИНГ МАРАФОНЫ ӨТТІ

Облыс орталығында «Жастар таза Түркістан үшін!» тақырыбында аймақтық алғашқы плоггинг марафоны өтті. Игі шара Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған. Плоггинг – қоршаған ортаны қорғау бойынша әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал шара. Бұл – қашанда қоршаған ортаны қорғау үдерістерімен байланыста болу дегенді білдіреді. Түркістандық еріктілер мен жастар қаладағы «Жеңіс» саябағына жиналып, плоггинг марафонының ...

Толығырақ »

ӨРГЕБАСТЫҚТАР ӨЗ ҮЙЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ

Мақтарал ауданындағы Өргебас ауылының тұрғындары судан зақымданған үйлерін сүріп, құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Ауыл тұрғындарының әрқайсысына ҚР Үкіметі резервінен 17 млн теңге беріледі. Айта кетерлігі ауылда жалпы 190 үй бар, бүгінде 168 үй иесіне 8,5 млн теңге аударылған. Қалған отбасылармен келесім-шарт жасалуда. Жалпы сомма 3 бөлікпен аударылатын болады. Қазіргі таңда Өргебас ауылында 118 үй сүріліп, 35 үйдің іргетасы қаланып жатыр. ...

Толығырақ »

27 КӨЛІКТІ АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙДЫ

Түркістан облысы полицейлері соңғы қоңырау мерекесі күндері рейд жүргізіп, 27 көлікті айыптұраққа қойды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Баршаңызға белгілі ағымдағы жылдың маусым айының 3-4 күндері аралығында елімізде «Жас түлек-2020» атты мектеп бітіру мерекелік шаралары өткізілді. Осы іс-шараға байланысты Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілердің арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын ...

Толығырақ »

КӨКНӘР ТӘРКІЛЕНДІ

Түркістан облысы полицейлері 4,7 мыңнан астам түп көкнәр тәркіледі, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады. Анықталғандай, егде жастағы ер адам өз ауласында құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін ірі мөлшерде өсірген. Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде ...

Толығырақ »

НЕСИЕНІ ЖАБАМЫН ДЕГЕН АЛАЯҚ

Түркістан облысы полицейлері тұрғындардың несиесін жауып беремін деген алаяқты ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Отырар АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық бойынша арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша ағымдағы жылдың қаңтар айында өзіне жақсы таныс емес жас жігіт алдап, сеніміне кіру арқылы, несиеңіздің 10% берсеңіз, қалған барлық қарыздарыңызды төлеп беремін деп уәде берген. Осылай алдау арқылы ...

Толығырақ »

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қызылорда облысының «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшылары мен қызметкерлері жұмыс сапарымен Түркістан облысына «Түркістан» ӘКК келді. Сапардың басты мақсаты – агроөнеркәсіптік кешені, құрылыс, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету сияқты салаларда тәжірибе алмасу. Өз сөзінде «Түркістан» ӘКК басқарма төрайымы Ахмеджанова Айгүл қонақтарға бастамашылдығы, ӘКК жұмысын жақсарту және тәжірибе бөлісу ниеті үшін алғысын білдірді. Кездесуге қатысушылар өздерінің мекемелері туралы: ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған «Worldskills Turkestan 2020»  байқауында Түркістан облысының 319 студенті 46 мамандық бойынша бақ сынауда. Чемпионат 10 күн бойы жалғасады. Әлемнің 83 мемлекетіне таралған халықаралық біліктілік сайысы колледж студенттері мен жас мамандар арасында білікті кадрларды анықтауға мүмкіндік береді. Мақсаты —  жұмысшы мамандығының беделін және кәсіптік білім сапасын арттыру. Сайыста жастардың тәжірибелік дайындығы мен кәсіптік біліктілігі шыңдалып, шығармашылығы ...

Толығырақ »

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ТҮРКІСТАНМЕН ҚАТАР ДАМИДЫ

Апталық мәжіліс отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Атқарылған жұмыстар жайлы баяндаған Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов шаһардың даму жоспарларымен бөлісті, облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Кентау қаласы бойынша биыл бірқатар инвестициялық жобалар іске қосылмақ. Атап айтсақ, Кентау қаласы Қотыр бұлақ елді-мекенінде салынып жатқан күн сәулесінен қуат алатын электростанция құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. «Hevel Kazahstan» ...

Толығырақ »

ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Маусым айының 3 күні Арыс қаласының тұрғыны тонау жайты бойынша Арыс АПБ-не арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, ол орталық базардағы дүкенін ашып, ішін тазалап жатқанында белгісіз азамат дүкен сыртында тұрған 7 дана әмияны мен 1 үлкен қол сөмкесін көзінше тонап кеткен. Аталған жайт Арыс АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бабымен тіркеуге алынды. Қылмысты ашу үшін полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға ...

Толығырақ »

СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Облыс орталығындағы барлық басқарма қызметкерлері бір кісідей ат салысқан сенбілік — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған. Мемлекеттік қызметкерлер қала көшелерін күл-қоқыстан тазалап, ағаш түптерін әктеді. Демалыс аймақтарының айналасында  абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Игі шараға ұйытқы болған Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «Жасыл аймақ» мекемесі және Түркістан облысы бойынша Экология департаменті. Жыл сайын қоршаған ортаны ...

Толығырақ »

БІРНЕШЕ ҮЙ ШАТЫРСЫЗ ҚАЛДЫ

Түркістан облысы Арыс қаласында 5 маусым күні екпіні қатты жел болып, тұрғындарға қауіп төндірді. Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан Байтоғай ауылындағы жалпы ауданы 653 шаршы метрді құрайтын 14 ғимарат шатырсыз қалды. Олардың қатарында жеке тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандары да бар. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан зардап шеккендер мен адам шығыны болмағанын ресми түрде мәлімдеді. Сала мамандары осыған ...

Толығырақ »

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІЛЕДІ

Түркістан облысында Евро-5 стандартына сай отандық өнім, АИ-92 маркалы бензин, дизель жанармайы мен бензол, толуол, ксилол және үлгілі мазут өнімдері шығарылады. Бірегей жобаның ерекшелігі — бұл өнімдер көмірден өндіріледі. Әлемде теңдесі жоқ жобамен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы танысып қайтты. Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіндегі «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір-химиялық комбинаты жылына 30 мың тоннаға дейін шикізат өндіруге қауқарлы. 1,5 млрд. ...

Толығырақ »

ЖОҒАЛҒАН БАЛАЛАР ТАБЫЛДЫ

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған баласы үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлайды. Үйінен ойнауға кеткен 11 жасар ұлын таппаған ана полицейлерден көмек сұрайды. Бұл жайтты полицейлер полиция бөлімінде тіркеп, жоғалып кеткен жасөспірімді іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары полиция аға лейтенанты Айдана Наханшақызы мен жедел уәкіл Бақберген Оңалбай барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара ...

Толығырақ »

СЕЛ ШАЙҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір топ депутаттармен бірге Төлеби ауданы, Леңгір қаласының тұрғындарымен кездесіп, жаңадан салынып жатқан баспаналарды бақылап қайтты. Мұнда көктемгі сел салдарынан апатты күйге түскен үйлер толық жаңадан салынып жатыр. Қираған 9 үй жаңа жерге көшіріледі. Қалғандары бұзылып, қайта тұрғызылуда. Өңір басшысы «Алатау» мөлтек ауданында бой көтерген осы үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. «Жылдар бойы көктемде күпті көңілмен ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Су басқан ауылдардың жаңа мекенінде 200-ге жуық үйдің іргетасы құйылып, 80-інің қабырғасы көтерілді. Екі үйдің сырты сыланып, шатыры жабылуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Мақтаарал ауданы, Мырзакент маңында бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Айта кетейік, бүгінде мұнда 383 үйдің ...

Толығырақ »

КӘСІБІНЕН НӘСІП КӨРГЕН КӘСІПКЕР

Кентау қаласы Иассы ауылдық округінің тұрғыны Үміт Жүсіпбаев бірнеше кәсіптің түрін игеріп, бүгінде ісі өрге домалаған кәсіпкер. 8 жылдан бері жылыжай шаруашылығын қолға алып, онда көгөністің бір емес, бірнеше түрін егуде. Қияр, қызанақтың сапалы сорттарынан өнім алып, жан-жаққа тасмалдауда, деп жазады Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz  ақпараттық агенттігі. Сондай-ақ шаруа иесі өңірде сирек егілетін үш гектарға жылыжайға ...

Толығырақ »

БІРНЕШЕ ӨНІМ ТҮРІН ӨНДІРЕДІ

Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округінде «Тұран» ШҚ халыққа қызмет жасайды. Меншік иесі Хабибулла Азимов. Аталмыш шаруақожалық 1984 жылы құрылған. Бүгінде кәсіпкер өнімнің бір емес, бірнеше түрін өндіреді, деп жазады Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Нысанның жалпы жер аумағы – 413 га. Шаруа қожалықтың негізгі кәсібі мақта өңдеу, сүт өнімдерін өндіру, мақта сорттарының тұқымын өсіру. Мақта шитін ...

Толығырақ »

КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

Облыс әкімі Ө.Шөкеев аудан әкімдерімен өткізген соңғы селекторлық мәжілісте облыс аумағында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 негізгі бағытты белгілеп берген болатын. Сол бағытардың бірі — Үшiншi бағыт: үй іргелік жерлерді тиімді израильдiк технологияларды пайдалану арқылы мол өнім алу. Осыған орай Түлкібас ауданында облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында карантин режиміне сәйкес барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып Шақпақ ауылдық округінде көшпелі ...

Толығырақ »

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Таза сессия» акциясының жүргізілу барысы бойынша келелі кездесу өтті. «Таза сессия» науқанының негізгі мақсаты — емтиханның объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету және жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттау. Аталмыш акцияның аясында өткен ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ АЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Түркістан қалалық бөлім  қызметкерлері еріктілермен бірге қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, «Қалтадағы ХҚО» атты акциясын Түркістан облысы,  Түркістан қаласының сауда үйлерінде өткізді. Акция барысында еріктілер мен корпорация қызметкерлері тұрғындарға халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс істеу форматымен таныстырып, электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен мемлекеттік қызметтерге «Азамматтарға арналған үкімет» ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

Облысымыздың белсенді жастары үшін керемет жаңалық. Салауатты өмір салтын сақтау-дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеудің негізі екені белгілі. Сол мүмкіндікті бірге жүзеге асырудың бірден-бір жолы — сана экологиясы мен қоршаған орта тазалығын сақтау. Осы ретте, «Таза әлем» бағыты бойынша іріктеу өтетінін хабарлай отырып, ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫ шақырамыз. Жер анамызды қорғауға өз үлесіңізді қосу үшін, белгілі проблемаларды шешуде өтеусіз негізде көмек көрсеткіңіз ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

Бүгінгі Қазақстан Республикасы үшін ең салтанатты, маңызды мерекелердің бірі – «Мемлекеттік рәміздер күнімен» баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл күн қазақстандықтар үшін ең қымбат, құнды байлықтары — Ту, Елтаңба, Әнұраны дүниеге келген күн! 1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері бекітілген. Міне содан бері Туымыз көкте желбіреп, Әнұранымыз әлемнің түкпір-түкпірінде ...

Толығырақ »