Қызылорда облысының «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшылары мен қызметкерлері жұмыс сапарымен Түркістан облысына «Түркістан» ӘКК келді. Сапардың басты мақсаты – агроөнеркәсіптік кешені, құрылыс, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету сияқты салаларда тәжірибе алмасу. Өз сөзінде «Түркістан» ӘКК басқарма төрайымы Ахмеджанова Айгүл қонақтарға бастамашылдығы, ӘКК жұмысын жақсарту және тәжірибе бөлісу ниеті үшін алғысын білдірді. Кездесуге қатысушылар өздерінің мекемелері туралы: мақсаттары, жобалары мен икемділігі, ӘКК-нің тиімді жұмысының әртүрлі міндеттері мен қағидаттарын шешу тетіктерінің айқындығы, сондай-ақ, қызметтің негізгі бағыттары бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, кездесу аясында «Түркістан» ӘКК» АҚ мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес өзара ақпарат алмасу, мамандар даярлау, бизнес өкілдеріне көмек көрсету және т.б. жұмыстары бойынша әріптестік қарастырылады.
Жұмыс сапары аясында «Байқоңыр» ӘКК өкілдері жаңбырлатып суару жүйесінің, «Turkestan – jana qala», «Brownfield» және АБК тұрғын үй массивінің құрылыс алаңының жұмысымен танысып, қаланың әлеуметтік дүкендеріне барып, туризм саласындағы бірқатар жобаларды іске асыру орындарын барып көрді. Жобаларды жауапты департаменттердің директорлары таныстырды.
Қызылордалық әріптестер қала дамуында үлкен серпілісті атап өтті. Жаңа нысандар, тиімді инфрақұрылымдық шешімдер, қаланы жалпы абаттандыру жұмыстары Түркістанды қысқа мерзім ішінде түрлендіруде. Сапар соңында қонақтар киелі Түркістанға туристік сапармен келуге ниет білдірді.
© DIDARBEK.kz