Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫННАН ШОЛАҚ МЫЛТЫҚ ТӘРКІЛЕДІ

ТҰРҒЫННАН ШОЛАҚ МЫЛТЫҚ ТӘРКІЛЕДІ

Түркістан облысында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғыннан оқтарымен шолақ мылтық тәркіледі, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Бәйдібек АПБ-нің кезекші бөліміне ауылдардың бірінде көше бойында белгісіз ер адам шолақ мылтық асынып жүргендігі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл Бәйдібек АПБ тергеу-жедел тобының қызметкерлері шықты. Тәртіп сақшылары күдікті, Созақ ауданының тұрғынын құрықтады. Айғақты зат ретінде полиция қызметкерлері ер адамнан 16 калибрлі аңшы мылтығы мен 10 оқ-дәрі тәркіледі.
Күдіктінің айтуынша, ол атыс қаруын жолдан тауып алып, оны өзінде қалдырған.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алынған шолақ мылтық және оқтар сот-балистикалық сараптамаға жіберілді. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бәйдібек АПБ қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында тіркелмеген қаруды заңсыз сақтаудың 3 дерегін анықтады.
Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде тіркелмеген атыс қаруын заңсыз сақтау және алып жүру үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу