Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Маусым айының 3 күні Арыс қаласының тұрғыны тонау жайты бойынша Арыс АПБ-не арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, ол орталық базардағы дүкенін ашып, ішін тазалап жатқанында белгісіз азамат дүкен сыртында тұрған 7 дана әмияны мен 1 үлкен қол сөмкесін көзінше тонап кеткен. Аталған жайт Арыс АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бабымен тіркеуге алынды.
Қылмысты ашу үшін полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шұғыл жетті. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай құрықтау мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Куәгерлерден сұрастырып, базардың жан-жағын аралап, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты.
Полицейлердің жедел-іздестіру әрекетінің нәтижесінде, жарты сағат ішінде күдікті анықталып ұсталды. Ол бұрында «тонаумен» сотты болған, Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Айғақты зат ретінде әмияндар мен сөмке тәркіленіп алынып, заңды иесіне тапсырылды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».
Қазіргі таңда АПБ-де «Тонау» жайты бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде жәбірленуші кәсіпкер тұрғын қылмысты ашу барысында кәсібилік пен жеделділік танытқан тәртіп сақшыларына алғысын айтты. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға сақтық танытып, мүліктеріңізді, бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Сізді тонап немесе алдап кетсе полицияның «102» нөміріне қоңырау соғыңыз. Сондай-ақ, міндетті түрде күдіктінің түрін жаттап, есте сақтап қалуға тырысыңыз, бұл өз уақытында қылмыскердің ізіне түсіп, қылмысты жедел түрде ашуға көмектеседі.

©️ ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Пікір жазу