Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БИЫЛ 70 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

БИЫЛ 70 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Отандық және шетелдік белді құрылыс компаниялары Түркістан қаласында тұрғындардың таңдауына сай, сан түрлі үлгідегі баспаналар тұрғызып жатыр.

Жыл соңына дейін Түркістанда 70 нысан пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 2430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 3604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін болады.

Қаланың сәулеттік келбетіне баса мән беретін өңір басшысы мердігерлермен кездесіп, көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеуді жүктеді. Қолға алған жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді.

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 40 арендалық тұрғын үй құрылысы, тұрғын үйлер құрылысы үшін 30 инженерлік инфрақұрылым нысандары, 88 кредиттік тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

Мемлекеттік бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз арендалық 40 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы да қарқынды жүруде. Жыл соңына дейін

978 пәтерлі 18 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ, әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді дамыту бағытында, 7 қабатты 48, 72 және 84 пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 1452 пәтер жыл соңына дейін тапсырылады.

Құнды қағаздарды сату есебінен (облигация) Түркістан қаласы әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан 7, 9 және 12 қабатты  64 тұрғын үйлер салынып жатыр. 3987 пәтерлі көпқабатты үйлердің құрылысын жүргізуге 4,25%-бен 14,2 млрд.теңге бөлінген.  Облыстағы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу