Облыс орталығына «Түркістан – Түркі әлемінің жүрегі» атты аудан, қалалардың мәдениет күндері аясында Сайрам ауданының рухани-мәдени керуені келді. Үш күндік бағдарламаның алғашқы күні «Ақсу» фольклорлы халықтық ансамблінің, «Самұрық» би тобының «Ақсукентім – арайлым» атты концертімен бастау алды. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш.Убайдулаев, Облыстық мәдениет басқармасының Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы М.Кенжетайұлы, аталмыш бөлімнің бас маманы Е.Сартаев бастаған қонақтар алдымен қолөнер ...
Толығырақ »ОҚО жаңалықтары
КЕНТАУДА ІШКІ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елді мекенінде «Байсал Керім» демалыс орнында Кентау қаласының ішкі туризм саласын дамыту бойынша көшпелі семинар өткізілді. Семинарда Кентау қаласының туризм бағытын дамыту бойынша жан-жақты ақпараттар берілді. Алғы сөзді қала әкімі Рашид Аюпов бастап ашып берді. Қала басшысы Кентау туризмді дамытуға потенциалы мол өңір екенін атап өтті. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры А.Ниязов қорықтың туристік бағыттағы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері түркістан облысының кәсіпкерлері 274 жобаға 9,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Өңір кәсіпкерлеріне көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соған қол жеткізу жолдарын түсіндіру үшін облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізілуде. Бұл туралы халықпен кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берген болатын. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы, яғни жеңілдетілген несие беру ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: АЛҒАШ РЕТ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ
Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Жаңа форматтағы кітапханалар. Жаңашыл кітапханашылар» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Алғаш рет өткен шараны Облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Алдымен қатысушы кітапханашылар «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорық музейіне барды. Содан соң ашық аспан астында Жабағылы ауылдық кітапханасының жұмысымен танысты. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова модераторлық еткен жиында жалпы Түркістан облысындағы кітапханалар туралы, сонымен қатар ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНҒА «ЕУРОПА-АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ШЕРУІ КЕЛДІ
Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан шаһарына «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі ат басын бұрды. Үш елдің, яғни Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 16 қаласын аралауға ниетті жандар көне шаһардың көрікті жерлерін аралап, өлкеміздің тарихымен танысты. Алдымен түрлі этнос өкілдерінен жиналған 30-ға жуық марш қатысушысы Түркістандағы Қ. А. Ясауи маңындағы саябақта көк туды көкте желбіретіп, салтанатты түрде жүріп өтті. ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ 92,2 ПАЙЫЗЫНА АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті биыл жыл басынан 366 білім беру ұйымының 181-іне аттестаттау жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 106 балабақша, 73 мектеп, 2 колледж бар. Нәтижесінде 14 білім беру ұйымы аттестатталып, талаптарға сәйкес келмегені — 167. Бұл көрсеткіш мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 92,2% құрайды. Бұл туралы департамент басшысы Ғалымжан Алматов мәлімдеді. «Жыл басынан бері электрондық ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістанда 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс сапасы қатаң бақылауда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарында болды. Тұрғын үй кешені мен әкімшілік ғимараттар бірге орналасқан 20 қабатты екі тұрғын үй құрылысының жұмыс барысымен танысты. Каскадты өру үлгісінде салынған көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды. Құрылысшылармен кездескен облыс басшысы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТҮРЛЕНЕ ТҮСПЕК
Түркістан қаласында заманауи үлгідегі спорт нысандары салынып жатыр. Олардың құрылысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту бағытында облыс басшысының бастамасымен бірнеше жаңа спорт орталықтары бой көтерген. Спорт саласына үлкен көңіл бөлетін облыс әкімі қаладағы жаңа спорт нысандардың құрылыс алаңдарын аралады. Жауапты сала басшыларымен кездесіп, жұмыстың сапасына баса назар аударуды тапсырды. Түркістанда салынып жатқан ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫ ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ ЕТУ ҰСЫНЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 2023 жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін екенін айтты. «Түркістан — еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде бұл қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЛАДА 16 ЕГІЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН
28 жастағы Қымбат Сарыбайқызы, Раяна, Рәзия және Рәбия есімді үшемді дүниеге әкеліп,алты баланың анасы атанды. Бүгін анасының және сәбилердің жағдайы жақсарып, облыстық перинаталды орталықтан шығарылды. — Қазір үш қыздың жағдайы бір қалыпты. Алдағы уақытта да жағдайларын қадағалап, тұрақты түрде бақылап отыратын боламыз- деді перинаталды орталықтың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы. «Керемет сезім, ештеңе айта алмаймын, қатты қобалжып жүрмін. Бүкіл перзентханаға үлкен ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ДЕРБЕС МӘЛІМЕТТЕРІН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 136 және 137 баптарына сәйкес салық төлеушілерді бағалау және тәуекел дәрежелері бойынша оларды санаттарға бөлу арқылы тәуекел дәрежесін анықтау қарастырылған. Яғни, салық төлеушінің дербес мәліметтерін зерделеу нәтижесінде тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық бағдарламасымен автоматтандырылған олардың тәуекел дәрежесі «жоғары», «орташа» және «төмен» деп бөлінеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қарағанды қаласында төрт жылда бір рет өтетін Бұқаралық ақпарат қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада аяқталды. Спорт додасына еліміздің барлық аймақтарынан сала мамандары қатысты. Журналистердің Олимпиадасына баланатын бұл республикалық жарыста Түркістан облысы құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Спорттың бес түрін қамтыған сайыста ақпарат құралдары өкілдері қазақ күресі мен футбол, волейбол және үстел теннисі, бильярд спортынан республика бойынша іріктелген құрамалар бақтарын сынады. ...
Толығырақ »МӘСЕЛЕМЕН КЕЛГЕН ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары Елшиева Альбина мен Исабеков Данабек қабылдауға келген бірнеше азаматтардың мәселелерінің шешілуіне қолдау көрсетті. Соның ішінде аз қамтылған, үйі өртеніп кеткен көп балалы анаға (7 бала) үйін қалпына келтіруге көмек көрсетуге шешім қабылдаған болатын. Қасиетті Рамазан айында өртенген көп балалы үйге барып, уәде етілген тоңазытқыш және төсеніш кілемдерін табыстады. Алдағы күндері әлеуметтік ...
Толығырақ »ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫ АРТАДЫ
Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінде берген тапсырмаларының бірі – халық табысын арттыру. Бұл мақсатта Үкіметпен арнайы бағдарлама әзірленеді. Оның ішінде, инфляция, халықты жұмыспен қамту, жекелеген топтағы азаматтардың жалақысын өсіру мәселелері қамтылмақ. Осыған байланысты Шымкент тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бойынша маңызды ұсыныстар ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды. Азаматтық қызметшілердің (білім, денсаулық сақтау, мәдениет т.б.) жалақысын жыл сайынғы 20 пайыздық өсіммен қамтамасыз ...
Толығырақ »ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Фракция мәжілісін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы ашып, жүргізді. Фракция отырысына партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева, төрағаның орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, фракцияға мүше депутаттар және жауапты басқарма басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты ...
Толығырақ »ТӘУЕЛСІЗДІК — ЖАНМЕН ҚҰНДАС ҰЛЫ ҰҒЫМ.
30 жылда ғасырға бергісіз даму жолынан өттік Еліміз Тәуелсіздік алғалы да 30 жыл өтті. Бұл ата тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан экономикасы дамыған және әлем елдері мойындап үлгерген елдердің қатарына қосылды. Тарихқа шегініс жасасақ, елімізде 1990 жылдың 25 қазанында ел қатарлы Егемендік туралы декларация қабылдады. Одан әрі 1991 ...
Толығырақ »ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовпен бірге Нұрсат м/а және Шаяхметов көшесінің жол құрылысымен таныстық. Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның ...
Толығырақ »ОРДАБАСЫДА ОҢДЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСУДА
Ордабасы ауданың әкімі Бағлан Батыршаев тілшілердің басын қосып, баспасөз мәлихатын өткізді. Бағлан Данебекұлының мәлімдеуінше, 2021 жылдың 9 айында ет 17 мың тонна, сүт 37 мың тонна, жұмыртқа 8 миллион дана өндіріліп, ірі қара мал басы 78 мың, қой-ешкі 446 мың, жылқы 29 мың, түйе 822, құс 366 мың бірлікті құрады. Ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал басын 550 басқа жеткізу жоспарланса, ...
Толығырақ »БІР АЛҚАПТАН ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛУ
Ордабасы ауданына қарасты 9 ауылдық округтегі 201 шаруа қожалық иелері 517 гектар жерге бірінші рет егілген дақылдан 10 мың 379 тонна өнім алса, екінші рет себілген дақылдың өнім көлемі 3 мың 816 тоннаны құрады. Жалпы аудандағы жылыжайлардың көлемі 87 гектар болса, оның 21 гектары өндірістік, 41 гектары фермерлік, 25 гектары үй іргелік жылыжайлар. Бұған қоса, биыл жылыжай алаңдарын 15 га ...
Толығырақ »АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР
Ордабасы ауданы экономикасының жетекші бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 9 айда 50 миллиард 372 миллион теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 миллиард 381 миллион теңгеге ұлғайған. Осылайша нақты көлем индексі 101 пайызды құрады. (оның ішінде 21 миллиард 904 миллион теңге мал шаруашылығы, 28 миллион 437 миллион теңге егін шарушылығы). Жыл қортындысымен өнім ...
Толығырақ »ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕТІ БОЙЫНША АҚПАРАТ
2021 жылға Ордабасы ауданының бюджеті 22 миллиард 541 миллион теңгеден 30 миллиард 559 миллион теңгеге артты. Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев мәлімдеді. Оның ішінде ауданның өзінің кірістері 1 миллиард 807 миллион теңгеден 3 миллиард 39 миллион теңгеге өсті. Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер 9 айдың қорытындысымен 2 миллиард 139 миллион теңгені құрап, жоспар 105%-ға артығымен орындалды. ...
Толығырақ »ОТБАСЫЛЫҚ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ
«Елбасы Медалі» жобасының қатысушылары «Отбасы күніне» арналған спорттық отбасылық эстафета жарысына қатысты. 12 қыркүйек “Отбасы күні” мерекесіне орай “Елбасы академиясы” қоғамдық бірлестігі мен “Қазақстан жастар конгресінің” бастамасымен ата- аналар мен жасөспірімдер арасында тығыз қарым – қатынасқа болуға шақыру, отбасылық құндылықтарды сақтау, сонымен қатар қатысушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру, шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту мақсатында ...
Толығырақ »КӨЛІКТЕРІН САҚТАНДЫРА АЛАДЫ
Шымкенттіктер көліктерін мамандандырылған ХҚО-ларда сақтандыра алады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының пилоттық жобасы аясында шымкенттіктер мамандандырылған ХҚО-ларда көліктерін бірден сақтандыруға мүмкіндік алды. Бұған дейін бұл қосымша сервис «пилот» ретінде 2021 жылдың маусымында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Айдос Ашетовтың айтуынша, клиентке автокөлікті қайта ресімдеу кезінде оператор электронды сақтандыру ...
Толығырақ »ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ
ШЫМКЕНТТЕ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ҒИМАРАТТАР ҰЛЫ КҮЙШІЛЕРДІҢ ПОРТРЕТТЕРІМЕН БЕЗЕНДІРІЛДІ Шымкентте Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты бұқаралық-мәдени іс-шаралардың көпшілігі онлайн форматта өтті. Десе де, екі ерекше оқиға мегаполис тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды. Шаһардағы «Түркістан» сарайы мен Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының ғимараттарына поп-арт стиліндегі ұлы күйшілердің үлкен портреттері ілінді. Осылайша, билік аңызға айналған Құрманғазы, Дина, ...
Толығырақ »АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысының кездесуі өтті. Кеңес отырысында «Жастарды қолдау, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бойынша және «Жас отбасыларды қолдау және жастарға қолжетімді баспана» беру бойынша ұсыным жинақталды. Аталмыш мемлекеттік бағдарламалар аясында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Қыпшақбаев Нұрлан Бейсенұлы және Шымкент қаласының ...
Толығырақ »