Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 32)

ОҚО жаңалықтары

ҮЗІЛІССІЗ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Түркістан қаласында орналасқан «Яссы құрылыс» ЖШС-на қарасты «Ақжол» нан зауыты төтенше жағдай кезінде де барлық сақтық шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Наубайхана тәулігіне 28 тонна нан өнімдерін өндіреді. Бір күнде сатылымға 50 000 дана нан жөнелтеді. Кәсіпорын облыс орталығындағы сұранысты 80 пайыз қамтып отыр. Жалпы ...

Толығырақ »

ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ — БАСЫМ МІНДЕТ

ҚР Президентінің барлық қызметтерді цифрландыру жөніндегі тапсырмасы Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Барлық ұйымдарда POS-терминалдар орнатылып, азаматтардың өздеріне қызмет көрсету мүмкіндігі кеңейген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен өңірдегі екінші деңгейлі банк,«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Ұлттық Банктің Түркістан облысы бойынша филиалы, Түркістан облысы мемлекеттік кірістер ...

Толығырақ »

«ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН ҚҰС КАФЕДЕН ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам АПБ-ның Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты М.Ботабек және Әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты М.Қуандықов экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында Манкент ауылында орналасқан кафелердің бірінің ауласынан асырауға тыйым салынған үлкен «Үкі» құсын анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы «Сирек кездесетін ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Бүгінгі қоғамда індеттен қорғанатын құралдар жеткіліксіз. Бетперделер, антисептиктер — дәріханалардың өзінен табыла бермейді. Осыны ескерген Түркістан облыстық жол активтері ұлттық сапа орталығы залалсыздандырғыш құралды өз зертханадарында жасап шығарды. Сондай ақ орталық қызметкерлері өз қолдарымен бетперде тігіп, қоғамдық көлік жүргізушілеріне тарту етті, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Індеттен қорғайтын негізгі құрал- антисептик. Мекеме мамандары оны орталық ...

Толығырақ »

2000-ҒА ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҮСТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, коронавируспен күресіп жатқан облысымыздағы 1994 дәрігер үстемақы алды. Қазіргі таңда мамандар 3 топқа бөлініп, COVID-19 инфекциясын алдын алу бағытында аянбай қызмет етіп жатыр. Өңірімізде жұмыс қауіптілігіне қарамастан қызмет көрсеткен мамандардың саны қанша? Үстемақы алуға кімдер лайық? Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» хабарлайды. Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы ақ халатты абзал жандардың ...

Толығырақ »

БЛОК-БЕКЕТТЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облыстық Полиция департаментінің психологтары, еріктілермен бірге блок-бекеттегі қызметкерлерге арнайы тренинг өткізді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы полицейлері күшейтілген жұмысқа көшкені баршаңызға белгілі. Облысымызда коронавирус індетінің таралмауына, алдын алуға бағытталған іс-шараларға сәйкес, құрамында полицейлер мен медицина қызметкерлері, әскерилер қамтылған блок-бекеттер орналастырылды. 1 айдан астам уақыт күні-түні кезекшілікпен қызмет атқарып жатқан осы ...

Толығырақ »

1900-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Елбасы, «Nur Оtan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1900-ден астам отбасыға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылды. Игі іске «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен еріктілер атсалысты. Акция аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймақтың директоры Рысбек ...

Толығырақ »

АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Телеграм мессенджерінде «42500» әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғанын бұрын да хабарлаған едік. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұндай телеграм-боттардың жалған екенін және оларға алданып қалмауыңызды ресми түрде ескертеді. Сіздерді 42 ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АКЦИЯҒА ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Түркістан облысында түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар саны күн санап артып келеді. Жақсылыққа жаны құмар осындай азаматтар аудан, қалаларда тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық- түлік себеттерін үлестіруде. Рамазан айындағы игілікті істен Ордабасы аудандық полиция басқармасы да шет қалған жоқ. Олар Елбасының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» ...

Толығырақ »

ҚАЙРАН ҚАЛАМЫН КЕЙДЕ МЕН ҚАЛАЛЫҚТАРҒА!

Иә, теледидар арқылы, әлеуметтік желілер арқылы, тікелей эфирлерде талай айтылса да, төтенше жағдайдың не үшін қажет екенін, сақтануды ойыншық көретін азаматтарымыз әлі баршылық екен. Бүгін Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторинг тобының күшімен қала көшелерін аралап, адамдар шоғырланған жерлерге барып, карантин мен сақтық шаралары туралы айтып бердік. Түсінгендер тарасып жатты, түсінбегендер (осы жазбамның ең бірінші бөлігінде менің алдымда тұрған жас бала ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ

Төтенше жағдай кезінде Шымкенттегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Карантин жұмысқа қолбайлау болмауы керек. Барлық мүмкіндікті қарастыра отырып, жұмысты жүйелеген жөн. Қайта осындай сәтте өзге өңірлерден келіп, үйінде бос жатқан қолынан іс келетін мамандарды көптеп еңбекке тарту жағын қарастырған дұрыс. Дегенмен, азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Бүгін «Шымкент сити» шағынауданындағы салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын аралап көрген қала әкімі ...

Толығырақ »

ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 1 жағдай туралы ақпарат (15.04.2020 жылғы сағат 00:00-дегі мәлімет бойынша). Ауру жұқтырған азаматша 1997 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, ...

Толығырақ »

СЫРТ КЕЛБЕТІ ЖАҢАРДЫ

«2020 жыл – Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» болып жарияланды. Осыған орай, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың көркін жаңғырту бағытында бірқатар игі бастамалар қолға алынды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаладағы Республика және Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері 12 компанияның демеуімен жөндеуден өтті. Барлық үйлердің сырты заман талабына сай мәрмар тастармен қапталды. Ертеректе салынған үйлердің сыртын ...

Толығырақ »

ТӘРТІП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қала аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазір бөлімшелерден келушілерге арналған күту орындары дайындалған. Мәселен, Темірлан тас жолы бойындағы «Халық Банк» бөлімшесі алдынан күтушілерге 50 орындық қойылды. Онда сақтық шаралары сақталып, күтушілер арасында арақашықтық сақталған. Ал, А.Асқаров көшесіндегі банк бөлімшесінде адам көп болуына байланысты, клиенттер көлікпен Д.Қонаев көшесіндегі филиалға жеткізілді. Төтенше жағдайға байланысты пандемияның алдын алу ...

Толығырақ »

ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Түркістан облысында «Біз біргеміз» акциясы жалғасын тапты. Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте кәсіподақтар халықпен бірге екендіктерін көрсетуде. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық кәсіподақ филиалына қарасты Шардара аудандық комитеттің төрайымы Бақытгүл Биманова, өз қолымен дайындап, Жетісай – Шардара, Шардара – Келес блокбекетіне және карантинде күн-түн демей, отбасына жете алмай, қызмет ...

Толығырақ »

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ҚАШАН?

Қазақстандық оқушылар әдеттегідей 25 мамыр күні жазғы демалысқа шығады, деп жазады Sputnik Қазақстан. Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4-8 мамыр аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау, ал 18-22 мамыр аралығында тоқсандық жиынтық бағалау болады. 25 мамыр күні барлық оқушылар жазғы демалысқа шығады. Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатыр. Соңғы тоқсанда оқушылар бөлім ...

Толығырақ »

«Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті

Спортсүйер қауым көптен күткен «Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті. Аламан додаға қала әкімі Рашид Аюпов та арнайы қатысты. Бәйгені тамашалаған Р. Абатұлы өз сөзінде 66 келі салмақта сайысқа түсіп, Алаш прайдтың үздік спортшысы екендігін сақтап қалған қазақстандық Қаршыға Даутбек пен қарсыласы қырғызстандық Тургунали Абдуллаевқа қала әкімдігі тарапынан қаржылай сыйақы берілетінін және спорт саласы басты назарда екендігін айтты. ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ЖАЙДАРМАНДА ЖҮЗДЕСТІ

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «2020 жыл – Еріктілер жылы» аясында арнаулы орта оқу орындары мен мектеп оқушылар арасында Жетісай қаласы мен қала маңындағы ауылдық округтердің жайдарманшыларының 1/2 ойындары өтті. Жастардың бойындағы мәдениеттілік пен рухани адамгершілікті дамыта отырып өнер-білімге деген шығармашылық ізденістерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 9 команда қатысты. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Қанайұлының қолдауымен өткен жылдың қазан айында бастау ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАНДАНУДА

Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Оларда күні бүгінге дейін жалпы құны 30 млрд теңгені құрайтын 31 жоба жүзеге асқан. Іске қосылғандардың арасында құрылыс материалдары мен жиһаз шығаратындары және тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындар көп. Былтыр сол кәсіпорындар тарапынан мемлекет қазынасына 734 млн. теңгеге салық төленіп, 4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Айта кететін тағы бір мәселе, жүзеге асқан жобалардың 30 пайызы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙДЫ

«Қонақ үй қызметтері барлық стандарттарға сай болуы тиіс». Мейіржан Мырзалиев кәсіпкерлерге осындай талап қойды. Себебі. Түркістан еліміздегі туристер жиі ат басын бұратын орталық. Шетелдік қонақтарды таңдай қақтыратындай қызмет сапасын жақсату жайын сөз етті, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz. Көне шаһарда қазір 40-қа жуық қонақ үй қызмет көрсетеді. Бөлмелердің бағасы-15-45 мың теңге аралығында. Наурыз мерекесі қарсаңында жылдағы үрдіс бойынша мыңдаған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Жаңа мазмұнда оқыту барысында сапалы ұрпақты қалыптастырудың жолдары. Осындай тақырыппен Түркістанда бастауыш сынып оқытушыларына арналған аймақтық семинар болып өтті, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz. Оған 80-ге жуық педагок қатысты. Олардың ішінде бастауыш пәнінің мұғалімдерімен кіші диреторлар және директордың бастауыш сыныптарға жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты. Семинар үш кезеңде өтті. Ұйымдастырушылық, негізгі және соңғы кезең. Үш бөлімде де оқытушыладың шеберліктерін ...

Толығырақ »

Түркістан қаласының әкімі жауапты мамандармен бірге Түркістандағы бірқатар нысандарды аралады.

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов жауапты мамандармен бірге Түркістандағы бірқатар нысандарды аралады, деп жазады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жасыл белдеу құру — Түркістан қаласын жасыл желекке айналдырудың таптырмас жолы. Жазы өте ыстық болып келетін Түркістанда климатты жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай тудыру ерекше назарда. Ал, жасыл белдеу — таза ауамен тыныстауға сеп болатын үлкен орман болмақ. Мұндай орман ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАНЫ КӨРКЕЙТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Экологтар тұрғындарды қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға деген экологиялық мәдениетті арттыруға, қаланы таза ұстауға шақырды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қызметкерлері қалада 350 түп шаған, үйеңкі, талшын көшеттерін отырғызды. Қаладағы бірнеше көшеде көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтарды орнатылуда. Түркістан қаласын көркейту мен абаттандыру үшін аудан, қала әкімдіктері мен басқармалар жұмылдырылып, шаһар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: «ФЕРМЕРЛЕРГЕ БІР ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

​ «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен шаруалар мен фермерлердің, аудан тұрғындарының еңбек белсенділігін күшейту мақсатында «Фермерлерге бір қадам» акциясы қолға алынған. Акция Біртілек ауылдық округі фермерлері мен шаруа қожалық иелерімен кездесумен жалғасын тапты. Жиында партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков семинар-кеңесте аудандық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары өз салалары бойынша фермерлер мен шаруа қожалықтарына қатысты мемлекет ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ – ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІН АРТТЫРУ

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасының сындарлы саясатының арқасында қоғам дамуыны­ң барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Соның ішінде мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастырумен қатар халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ғы бастамалар жүзеге асырылуда. Әкімшілік реформаларды жүргізу барысында мемлекеттің алдындағы ең бірінші мақсат азаматтардың ...

Толығырақ »