Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 71)

ОҚО жаңалықтары

«АСТАНА» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай бірінші кезектегі «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Осылайша шымкенттік 96 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үй кешеннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев жаңа қоныс берекелі және ырысы мол үлкен ордаға айналуын тіледі. «Бүгін «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы қалада ...

Толығырақ »

15 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАС АТСАЛЫСҚАН

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, жалпы 13 жыл ішінде 15 мыңға жуық жас атсалысқан. 2017 жылы республикалық бюджеттен «Жасыл ел» бағдарламасына 63,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді. Басқарма басшының айтуынша, облыстағы жастардың саны 750 ...

Толығырақ »

«БІРЖАН – САРА» ПРЕМЬЕРАСЫ

Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театры Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» премьерасын қойды. Әлемдік классикалық музыка қорына енген «Біржан – Сара» операсын сахналау, облыстық опера және балет театры үшін тарихи оқиға, жаңа белес болып отыр. Премьераның ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, қойылымды көрермендермен бірге тамашалады. «Біржан – Сара» – көп актілі лирикалық драмалық опера ...

Толығырақ »

ҚЫЛМЫС АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық көрсеткіші 2017 жылы өткен жылға қарағанда 307-ге азайған. Бұл облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Жас сақшы» және «Жас полиция көмекшілері», «Айбын» жобалары мен мекенжайлық көмек көрсету жұмыстарының нәтижесі. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, «Серпін – 2050» жобасы ...

Толығырақ »

ШАҒЫН ФУТБОЛ АЛАҢЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған елді мекенінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент мерекесі күні қарсаңында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Салыхан Полатов Елбасымыздың халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту тапсырмасының кезең-кезеңмен орындалып отырғанын жеткізді. Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде Созақ өңірінде 236 спорт ғимараты тұрақты түрде ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданының орталығында екі пәтерлі 14 коммуналды тұрғын үй тапсырылды. Ордабасылықтарға тұрғын үйлерді беру салтанатты шарасына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Аймақ басшысы аудан орталығы – Темірлан ауылында «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын үйлердің кілтін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кезекте ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ ҚҰРҒАН БІРЕГЕЙ ИНСТИТУТ

Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы құрған бірегей институт» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың ұйымдастыруымен өткен жиынға ғалымдар, облыстық этномәдени бірлестіктер мен ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, діни конфессиялардың өкілдері қатысты. Мәжілісті ашып, жүргізген ОҚО ҚХА төрағасының ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ АРТТЫРУ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өңірдегі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Жиынға облыс, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма, бизнес-құрылым және коммерциялық ұйымдар басшылары, аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйым басшылары мен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиынды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев жүргізіп отырды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков облыстағы қоғамдық бірлестіктердің қызметі туралы баяндама жасады. ...

Толығырақ »

ЖАҢҒЫРУ ТҮРКІСТАННАН БАСТАЛУ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Елбасы айтқан ұлттық сананың жаңғыруы осы рухани қаладан басталу қажеттігін айтты. Жұмыс сапары аясында Ұласбек Сәдібекұлы бастаған арнайы топ ең алдымен №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының жаңартылған білім беру мазмұны бойынша апробациядан өтуін пысықтады. Мұнан соң, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық Қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілеймін! Тәуелсіз еліміздің қалыптасуынан бастап Мемлекет ретінде дамудың ...

Толығырақ »

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Қадірлі отандастар! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1991 жылы 1 желтоқсанда тарихымызда тұңғыш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз Президентін сайлап, дамудың жаңа жолын таңдаған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтеріп, дамудың даңғыл жолына бет түзеді. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі ...

Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жыл санап жоғары қарқында дамып келе жатқан еңселі еліміздің асқақ мəртебесінің артуына сарабдал саясатты көшбасшысыздың еңбегі орасан. Қазақ халқының алтын əріппен қашалған мəңгілік тарих қойнауының төл беттерінде Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақыл, парасатпен, келешекке із салар айрықша саясатпен ...

Толығырақ »

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті жерлестер! Баршаңызды Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін шардаралықтар барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, Мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды еңсеріп қана қоймастан, бүгінгі ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті аудан тұрғындары! 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Осыған орай, Сіздерді еліміздің айтулы мерекелерінің бірегейі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 1-желтоқсан – қазақстандықтардың өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы таңдау жасаған мемлекеттің мерейлі күні.  Қазақстанның егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болуы Мемлекет басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта ...

Толығырақ »

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті арыстықтар! Сіздерді 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын ықыласпен қызу құттықтаймын! Республика жұртшылығы бұл мерекені биыл алтыншы рет тойлауда. Айқындап атап өтетін болсам: Бұл мереке алғашқы күннен-ақ халқымыз қадірлейтін, жақсы көретін мейрамға айналды. Біз Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы мен өркендеуі кезеңін қалай алып қарасақта, тарихтың осы бір айтулы кезеңінің парақтарын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Еліміздің бұл жеткен жетістігі мен шыққан биігі сөз жоқ егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлел. Сондықтан бұл мереке –Тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз ...

Толығырақ »

ОҚО ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті жерлестер! Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алуына, ел еңсесінің көтерілуіне, халық арманының орындалуы мен мемлекетіміздің қарқынды дамуына іргетас болып қаланған күн. Бүгінгі мереке еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған – Қазақстан Республикасының Президентін алғаш рет сайлаған күні. Осындай тағылымды мейрам қарсаңында облыс аумағында көптеген игі ...

Толығырақ »

ҚАРИЯҒА «КОЗЕЛ» ДЕГЕН ӘДЕПСІЗГЕ!

Әдептен неге сонша тайқып жүрсің – Қарт адамға «козел» деп айтып жүрсің?.. Бойыңды әдепсіздік билеп алған, Бет-моншағың төгілмей қайтып жүрсің?   Бар шығар ойнап өскен көшең сенің? Бар шығар әкең менен шешең сенің? Әкеңнің әкесіндей ақсақалға «Козел» дейтін кетті ме есең сенің?   Бір күні самайыңды ақ басады, Қалың бетті әжім мен қақ басады. Сенен асқан әдепсіз қыздар өсіп, Өзіңді ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өтті. Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен игі шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және өңір тұрғындары қатысты. Қайырымды жандардың басын қосқан шараның басты мақсаты көпшіліктің демеуімен науқас ...

Толығырақ »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен аймақтағы білім саласының басшыларымен кездесті. Басқосу мақсаты – аталған оқу орнының озық педагогикалық тәжірибелерін өзге мектептерге тарату, аймақтағы инновациялық білім берудің сапасын арттыру. Кездесу барысында өңір басшысы бүгінгі таңда елімізде білім беру жүйесінің жаңа бағытқа бет бұрғандығын айтты. «Елбасымыз «Білім – ғылым – инновация» атты үштік ...

Толығырақ »

ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУДЫҢ БАРЫСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ОҚО Ішкі істер департаментінің базасында болып, ондағы өтіп жатқан республикалық штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты. Облыс әкіміне Ішкі істер органының дайындығы мен қабілеттілік деңгейі және материалдық-техникалық базасы көрсетілді. Құқық қорғау саласының қызметкерлерімен тілдескен аймақ басшысы ішкі істер органының жұмысы заманауи техникамен қамтамасыз етілгенінде емес, мамандардың кәсібилігімен анықталатынын атап өтті. Айта кетейік, оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс жағдайы ...

Толығырақ »

7 МЛН. ҚЫЗМЕТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың 10 айында 16 млн 400 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, соның 7 миллионы электронды түрде ұсынылыпты. Бұл туралы әкімдіктің селекторлық отырысында облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары Қанат Төлендиев мәлім етті. Қазіргі таңда облыстық жергілікті атқарушы органдар тарапынан 192 қызмет түрі көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 7 027 180 қызмет электронды түрде көрсетіліпті. Бұл жалпы ...

Толығырақ »

ЖАҢА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАР

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық» аумағында жүрзіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстармен танысты. Қалашықтағы қазба жұмыстарын «Археологиялық сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстарының бірінші кезеңі басталған. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерасты қаласын қазған археолог-ғалымдар көптеген тарихи жәдігер тапты. Осындағы жұмыстарды аралап көрген аймақ басшысы ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

Биыл білім ордасы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына – 80 жыл толып отыр. Аталған ұжымның мерейлі мерекелік шарасына ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары мен ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академиктері, облыстық маслихат депутаттары және жоғары оқу орындарының реткорлары мен проректорлары қатысты. Жоғарғы оқу орнын сексен жылдық меройтойымен құттықтаған ...

Толығырақ »

ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өзімізде өндірілетін және шеттен тасымалданатын азық-түлік тауар түрлеріне сараптама жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ол үшін арнайы жоспар құрып, мониторинг жасалуы қажет. Екіншіден, өзімізде өндірілген тауарларды сақтау мәселесіне мән беруіміз қажет. Бүгін бұл туралы селекторлық жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Күн тәртібінде бірінші боп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағар май бағасын ...

Толығырақ »