Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық Қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілеймін!

Тәуелсіз еліміздің қалыптасуынан бастап Мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына түскенге дейінгі атқарылған жұмыстардың барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасы осы уақыт аралығында Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, көпұлтты халықты игілікті істерге біріктірді. Осылайша, дінаралық келісім мен этносаралық татулықты серік еткен бейбіт елдің басшысы ретінде әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғаға айналды.

Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер – табысты, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын!

Ізгі тілекпен, Рашид Үсіпханұлы Қайыпжанов,
Ордабасы ауданының әкімі.

Пікір жазу