Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 2)

Қазақстан жаңалықтары

Елімнің жүрегі – Астана

Шымкентте Астана күніне орай «Елімнің жүрегі – Астана» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. «Shym City» саябағының амфитеатрында ұйымдастырылған айтулы мейрам аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Шымкент концерт» концерттік ұйымы өнерпаздарының қатысуымен арнайы бағдарлама ұсынылды. Салтанатты шара  елдің бірлігі мен ынтымағын дәріптеу және мемлекет тарихындағы бас қала — Астананың ерекше рөлін айшықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Мерекелік кеш жиылған көпшіліктің Мемлекеттік ...

Толығырақ »

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА

Шымкент қаласында «Домбыра – ұлт үні, Конституция – мемлекет тірегі» атты мерекелік акциясы жалғасуда. Бұл жолы өнер ордасына айналған кезекті мәдени алаң – «Shymkent Plaza» сауда-ойын-сауық орталығы. Ісшарада қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың халық әндерінің жанды дауыстағы орындауын үлкен ықыласпен тыңдады. Дәстүрлі өнердің салтанат құрған сәті сауда кешенінің қақ ортасында көрініс тапты. Орталыққа келген бұқара өнерпаздардың шығармашылығына тәнті болып, әуезді ...

Толығырақ »

Шымкентте автобус жолаушыларына концерт қойылды

Мегаполистің «Теріскей» аялдамасынан №35 бағыттағы автобусқа мінген жолаушылар шымкенттік домбырашылардың өнеріне куә болысты. ІІМ мектебіне дейінгі жол аралығында жолаушыларға арнайы концерттік бағдарлама ұсынған «Шымкент-концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен танымал әртістері қала көшелеріне шығып, қоғамдық көліктерде және халық көп шоғырланатын орындарда «Домбырашылар шеруін» ұйымдастырды. Ал кері бағытта өнерпаздар №108 автобуспен ІІМ мектебінен «Теріскей» аялдамасына дейін ұлттық ән-күйді насихаттап, жолаушылардың ыстық ықыласына ...

Толығырақ »

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай еліміздің барлық өңірінде мәдени бағдарлама ұйымдастырылып жатыр. Оның аясында концерттер, фестивальдер, күйші және домбырашылар байқаулары, көрмелер, ғылыми конференциялар, музейлер мен кітапханалардағы арнайы жобалар, шығармашылық кездесулер мен танымдық іс-шаралар бар. Еліміз бойынша 2000-нан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде 20-ы республикалық, 98-і облыстық деңгейде ұйымдастырылады. Қалған іс-шаралар аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ жергілікті мәдениет ұйымдарында ...

Толығырақ »

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

Бүгін «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының конференциясы өтіп, оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды. Конференцияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сонымен қатар, қатысушылар облыстық филиалдың басшылық органдарын қалыптастыру мәселесін қарастырды. Ашық дауыс беру нәтижесінде партияның облыстық филиалының басшысы болып Нұрлан ...

Толығырақ »

Шымкентте «Жаңа Конституция – бірлігіміздің тірегі» атты мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне орай «Жаңа Конституция – бірлігіміздің тірегі» атты мерекелік концерт өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен «Шымсити» саябағында өткен мәдени шара ел бірлігін дәріптеді. Концерттің негізгі мақсаты – Ата Заңның қоғамдағы айрықша рөлін кеңінен насихаттау, жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, тәуелсіздік пен ел бірлігінің маңызын ұғындыру болды. Мерекелік кеш барысында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлар, зорлық-зомбылық жасағандар және мас күйінде көлік жүргізгендер рақымшылық жасауға ілінбейді

​Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған рақымшылық туралы заң – елдің жаңа Конституциясының қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жекелеген адамдарға қатысты қабылданған ізгілік актісі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Рақымшылық қоғамға қауіп төндірмейтін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық қауіпсіздікке және заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің өзге де маңызды мүдделеріне зиян келтіретін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қолданылады. ​Қылмыстық ...

Толығырақ »

Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю вступления в силу Новой Конституции Казахстана

Уважаемые соотечественники! От всего сердца поздравляю вас с поистине эпохальным событием – вступлением в силу Новой Конституции нашей страны! Сегодня начинается новая эра в истории суверенного Казахстана. Мы выходим на магистральный путь поступательного прогресса, политических и экономических реформ, масштабной модернизации. Этот день знаменует собой кардинальную перестройку политической системы, трансформацию ключевых институтов государства и гражданского общества. На общенациональном референдуме 15 марта ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі

Құрметті отандастар! Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз. Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады. 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда ...

Толығырақ »

ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың бірқатар негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандар саны артты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіпте, құрылыста, білім беру саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында өсім байқалды. Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі бұрынғысынша көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласына тиесілі. Бұл салада 1 571,4 мың адам жұмыс ...

Толығырақ »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ҚҰРЫЛТАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ ЖЕТЕКШІ ФАКТОРЫ БОЛАДЫ ДЕП ҮМІТТЕНЕМІН

Былтыр қазан айында өткен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында мен толыққанды e-Parliament жүйесін енгізу мәселесін көтерген едім. Қазақстан e-Government, яғни Электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша жаһандық рейтингте әлемдегі үздік 25 елдің қатарына кірді. Енді Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет. Жаңадан сайланған депутаттар заң шығару ісінде болжамды сараптамаға, Үлкен дерекқорды басқару арқылы кез келген шешімнің ...

Толығырақ »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІНІҢ НЕГІЗІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, елдің қазіргі халықаралық жағдайдағы міндеттері, экономикалық тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және Қазақстанның жаңа даму кезеңіне өту бағыттары туралы айтты. Президент әлемдегі ахуалдың күрделеніп, тұрақсыздық деңгейінің артып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл үрдістер жаһандық экономикаға айтарлықтай әсер етіп, көптеген мемлекеттердің даму жоспарларын жүзеге асыруына қосымша қиындықтар туғызуда. Соған ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, еліміздің заң шығару органының отыз жылдан астам уақыттағы қызметіне, тарихи кезеңдердегі атқарған рөліне және алдағы мемлекеттік өзгерістерге тоқталды. Президент атап өткендей, бүгінгі бірлескен отырыстың тарихи мәні ерекше. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылайтын маңызды кезең. Парламенттің кезекті сессиясы аяқталып, ел мемлекеттіліктің жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Мемлекет ...

Толығырақ »

Ақжан – Астананың жаңа символы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқорасындағы Ақжан есімді келісті байталды Астананың символына балап жүргендер бар. Қылаңбоз Ақжандай аяулы қылқұйрық жоқ болып тұр қазір елорда төңірегінде. Солай болмай қайтсін, Президенттің сүйікті жануары жер бетінде сирек кездесетін түгінің түсімен-ақ, әлеуметтік желінің көзайымына айналып отыр. Қазақ даласында аты аңызға айналған жылқы баласы жетерлік. Елордадан Көкшетауға шыға берісте мен мұндалап тұрған Құлагердің мүсіні соған дәлел. Солардың ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НЫҒАЙТЫЛУДА

Шымкент қаласында цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру, интернет қолжетімділігін кеңейту және ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтуге бағытталған. Қалалық әкімдік пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының бірлескен жұмысы нәтижесінде «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесі негізінде Шымкент қаласының ситуациялық орталығы құрылды. Аталған жүйе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректерді жинауға, ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы: «Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды»

Мемлекет басшысы: «Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды». Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге Қазақстанның Еуропаны Орталық Азиямен, Қытаймен, Кавказбен және Таяу Шығыспен байланыстыратын өңірлік логистикалық хабқа айналуға ұмтылатынын айтты. – Біз инфрақұрылымға, атап айтқанда, мыңдаған шақырым темір жол салуға және Транскаспий халықаралық көлік ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі

Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипатқа ие болғанын атап өтті. – Бүгінде Еуропалық Одақ еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады, оның үлесіне Қазақстанға шетелден тікелей тартылған инвестицияның жартысына жуығы тиесілі. Тек өткен жылдың өзінде ...

Толығырақ »

Шымкентте Қазақстан полициясы күні салтанатты түрде аталып өтті

Шымкент қаласындағы Қызғалдақ сарайында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Іс-шараны ашқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тәртіп сақшылары мен ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі олардың маңызды рөлін атап өтті. Полиция департаментінің ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БРЮССЕЛЬГЕ РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі. Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Бельгияда тұратын ...

Толығырақ »

Саида Мирзиёева кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

– Сізге Өзбекстан Президентінің ізгі сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Шавкат Миромонович Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше мән береді. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі уағдаластықтар мен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын айрықша бақылауда ұстайды. Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық және орнықты даму жолында бірге жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесі байқалады. Біз бірлесе отырып, аймақ үнін жаһандық аренаға жеткізе аламыз. Өзбекстан ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның сапары Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті. – Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ ынтымақтастықты дамыту үшін өте пайдалы болады деп санаймыз. Біздің саяси жүйелерімізде президент әкімшіліктері айрықша рөл атқарады. Мен әкімшіліктер арасындағы жұмыс қатынастарының жанданғанын әрдайым қолдаймын. Бір-бірімізбен байланыстарымыз артқан сайын Орталық Азиядағы тұрақтылық, өңірлік ықпалдастық нығая ...

Толығырақ »

СЫРДАРИЯ ЖАҒАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Түркістан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кезекті іс-шара өтіп, оған өңір журналистері мен табиғат жанашырлары белсенді қатысты. Баспасөз туры барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Сырдария өзенінің бойында атқарылып жатқан табиғатты қорғау жұмыстарымен танысып, кейін өзен жағасын қоқыстан тазарту акциясына қатысты. Танымдық сапар Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар «Сырдария – Түркістан мемлекеттік ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ

Қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен және мегаполис қонақтарымен бірге Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигоны аумағында орналасқан Экопарктің ашылуына қатысты. 2024 жылдың қазан айында басталған жоба қалалық ортаны қайта құрудың ең маңызды үлгілерінің бірі болып табылады. Жаңа қоғамдық кеңістік құрылысының басында қала әкімі мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бірлескен шешімімен Экопарк атауының таңдалғаны символдық мәнге ие. Қысқа ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА 

В День города аким Шымкента Габит Сыздыкбеков вместе с жителями и гостями мегаполиса принял участие в открытии Экопарка, расположенного на территории бывшего мусорного полигона в микрорайоне «Достык». Проект, старт которому был дан в октябре 2024 года, является одним из наиболее значимых примеров преобразования городской среды. Символично, что название нового общественного пространства — «Экопарк» было выбрано совместно акимом города и представителями ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАПОН САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

Қала күні мерекесі аясында Шымкентте жаңа Жапон саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мегаполис тұрғындары мен қонақтары қатысты. Аумағы 2,3 гектарды құрайтын бірегей қоғамдық кеңістік бұрынғы «Кең баба» саябағының орнында бой көтерген. Сабяқтың құрылысы рекордтық қысқа мерзімде 58 күнде аяқталып отыр. Бұл жоба қалалық ортаны дамытудың маңызды қадамы болып, ...

Толығырақ »