Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2023 (страница 2)

Годовые архивы: 2023

Төлебидегі тынддырымды тірліктер

Бүгінде Төлеби ауданы кірісінің артуына бір жағынан жаңадан ашылған шағын және орта кәсіпкерлік нысандар, екіншіден туристік нысандар ерекше үлес қосқан. Нәтижесінде биылғы жылдың 9 айында ауданның өзіндік кірісі 3,6 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көбейіпті. Ал жалпы өңірлік өнім көлемі 106,4 млрд. теңгеге жетіп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1 млрд. теңгеге артығымен орындалыпты. Құрылыс жұмыстарының көлемі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БӨЛІНІП, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда еліміздегі еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде жаңадан жұмыс орындарын ашу, мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмекпен азаматтардың қамтылуы, жалпы әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелі орындалуы бойынша Үкіметке пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылған. ...

Толығырақ »

Әрекет етсең берекет бар

Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округі, Бейнеткеш елді мекенінің тұрғыны Бағлан Туматаев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грант иегері атанды. Ол қайтарымсыз 1 млн. 380 мың теңге қаржыға ие болды. Еңбек министрлігі халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды ...

Толығырақ »

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИГІЛІКТІ ІСТЕРГЕ ЖОЛ АШТЫ

Бүгінде өз кәсібін ашамын деген жанға мемлекет тарапынан мол мүмкіндік қарастырылған. Сонымен бірге, соңғы жылдары кәсіп ашып, нәсібін көрсем дейтін азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қолынан келген істі табыс көзіне айналдыруды мақсат еткен жаңатастықтар да қайтарымсыз грант алуда. Әрине, грант екінің біріне беріле бермейді. Бағдарламаға негізінен әлеуметтік осал топтағы азаматтар, көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар тартылады. Қайтарымсыз грант ...

Толығырақ »

ЖАПОН МЕМЛЕКЕТІНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КЕТКЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ КЕЛДІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ЖАПОН МЕМЛЕКЕТІНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА КЕТКЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ КЕЛДІ Жапон мемлекетінің білім беру саласындағы Саяси Зерттеулер Ұлттық Институтының қолдауымен «Мұғалім тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson Study)» шетелдік семинары өз жұмысын аяқталды. Іс-сапардың екінші кезеңінде Түркістан облысының педагогтері сабақты зерттеу National Institute for Educational Policy Research (білім беру ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Сарыағаш қаласы, Телемұнара мөлтек ауданында ұлттық жоба аясында құрылысы бастау алған мектеп 900 орындық. Жайлы мектептердің айырмашылығы – олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады. Яғни, пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалармен мен шеберханалар – бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталады. Бүгінгі таңда мердігер мекеме «ART құрылыс» тарапынан мектеп ғимаратының қазан шұңқырын қазу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық Қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен аудан мектептері білім алушылары арасында өткен «Менің Отаныма — менің бастамам» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған жобаға қатысушы Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты 8 оқушы мынадай номинациялар бойынша өз жобаларын қорғады. Атап айтсақ: 1. «Жақсылық керуені» номинациясы бойынша Абай ат. МЛ 9 ...

Толығырақ »

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТТІ «Ауылдық елді мекендердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған өңірлік семинар өтті. Семинарды Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырды. Тәжірибе алмасу мақсатындағы бұл шарада ұстаздар оқу процессіндегі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖДЕРДЕ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНАДЫ

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысының күн тәртібінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Жалпы облыста – 42 860 студент, оның ішінде 30 мыңнан астам студент мемлекеттік тапсырыс аясында білім алуда. Өңір басшысы білім сапасын көтеру, студенттердің білім алуын қадағалау, білікті оқытушыларды жұмысқа шақыру және түлектерді жұмыспен қамтуда шынайы деректер ұсыну жөнінде тапсырма ...

Толығырақ »

САУРАН: «АЛТЫН ТҰҒЫР» ОЛИМПИАДАСЫНА 48 МЕКТЕПТЕН 82 МҰҒАЛІМ ҚАТЫСТЫ

Сауран ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері арасында математика пәнінен «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиада мақсаты — бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмытылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді анықтау, қолдау, ынталандыру және жоғары деңгейдегі ...

Толығырақ »

Төлеби: Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қаралды

Төлеби аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков төрағалық еткен кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша – Ленгір қаласы әкімі М.Жұмабаев Төлеби ауданы Ленгір қаласының №2, 3 мөлтекауданының орталық көшесіне Зетбек Ташев атауын беруге келісім беруді сұрады. Қоғамдық кеңестің мүшелері бұл мәселені жан-жақты зерделеп, талқылады. Әрбір кеңес мүшесі өз ой пікірлерін ортаға салып бір көшені бөліп жарып ...

Толығырақ »

БЕРЕКЕ-ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ БІТЕДІ

Елімізде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың нәтижесінде өңірде ауыл шаруашылығы саласында даму бар. Жыл өткен сайын облыста мал саны көбейіп, тиісінше ет және сүт өнімдерінің де көлемі артуда. Бұл, әрине тұтынушыға табиғи өнімге қолжетімділікті арттырып, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкердің кәсібін өрге сүйрейді. Жалпы оңтүстік –  аграрлық өңір. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында: «Ауыл-аймақты дамыту ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТА: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен 04.09.2023 жылы өткен №28 кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық орталықтары ашылу туралы Түлкібас ауданының білім бөлімінің №297 бұйрығы шығарылып, әдістемелік нұсқау хат және бағдарламасымен таныстырылды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына педагогикалық қолдау бағдарламасының тақырыптары 1-қосымшаға сәйкес ұсынылған. Орталықтың ашылу мақсаты — ата-аналарға педагогикалық дәрістер беріп, балалармен ...

Толығырақ »

Жаңа технологиялар дәуірі жақындап келеді

Сарапшылардың болжамы бойынша, 10 жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы жасанды интеллектіні  қолданатын цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Мұның өзі жаңа салалар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жасайды. Жоғары білім беру жүйесі – цифрлық дәуірге, жасанды интеллектіні қолдануға сенімді түрде көшуді қамтамасыз ететін басты көпір. Ал жасанды интеллект адамдар мен заманауи құрылғылар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге тың серпін береді. Президент Қасым-Жомарт ...

Толығырақ »

Мерей биігіндегі мектеп

Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі – бала тәрбиесі. Ал осы игілікті істе бойында ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік қасиеті бар, ата-анасын, Отанын құрметтей білетін, ұлттық санасы мен кісілік келбеті қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу – барша педагогтер қауымының төл міндеті. Осындай ұжымның басын біріктіріп, жұмысын жоғары деңгейде атқарып отырған басшылардың бірі – Түлкібас ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін ...

Толығырақ »

САУРАН: ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әке. ...

Толығырақ »

ШАРДАРАДА «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ» ЖАНЫНДАҒЫ «ВИРТУАЛДЫ» ЖӘНЕ «КАНИКУЛЯРЛЫҚ МЕКТЕПТЕР» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Шардара аудандық білім беру бөліміне қарасты Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі биылғы оқу жылынан бастап Дарынды балалар мен жұмысты жақсарту, олардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы дербес білім беру ұйымдарында оқулары үшін кейінгі жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ жанынан «Виртуалды» және «Каникулярлы» мектептер жобасы ашылып, осы жобаға қатысуда. Жоба мақсаты – мектептің 5-6 сынып оқушылары арасынан «Назарбаев Зияткерлік ...

Толығырақ »

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» АЯСЫНДА 30-ҒА ТАРТА ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сауран ауданының білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және облыстық білім басқарамысының хаттары негізінде мектеп оқушыларының күзгі демалыс күндері мен бос уақытын тиімді өткізу, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік күзгі каникул, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, 30 қазан — 3 қараша аралығында өткізілді. Іс-шара жоспарына: — ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары ...

Толығырақ »

8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ҚАЙЫҢ ӨРКЕНДЕРІН КОНТЕЙНЕР ЫДЫСТАРҒА БӨЛІП ӨСІРУДЕ

Келес ауданы №37 Рахымжан Қошқарбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Сәрсенбек Нұрсұлтан Еркінұлы қайың ағаштарының бірнеше түрлеріне сипаттама жасау арқылы лабораториялық жағдайда микроөркендерін арнаулы контейнерлік ыдыстарға бөліп өсіріп, оларды жеке торфты таблеткаларға отырғызды. Жас ғалым “Қайың ағашының пайдасы мен ерекшеліктері шаруашылықта және медицинада қолдану” тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Оның мaқcaты қaйың ағаштарының емдік қасиеттері мен ерекшеліктерін ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МЕКТЕП АСПАЗШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Келес ауданы білім бөлімі және Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Н.Ш.Киясова, жетекші маманы М.А.Тағаева аудан аумағында орналасқан мемлекеттік білім беру мекемесінің мектеп директорлары, мектеп асханасының жеке кәсіпкерлері мен аспазшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиында «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы сөз болды. Аталған талаптар ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы ...

Толығырақ »

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТӨЛЕБИДЕГІ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІН АРАЛАДЫ

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Төлеби ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Алдымен Қ.Байболов атындағы жалпы білім беретін мектебіне келген басқарма басшысы мектептің қауіпсіздік деңгейін тексерді. Қоршаудан бастап, бейнебақылау камераларының жұмыс істеуі, видеолардың ұзақ мерзімде сақталуын қарады. Есіктен кіргеннен арнайы күзет қызметінің жұмысын пысықтап, дабыл батырмасының жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізді. Мектептің жылыту маусымына дайындығын да назарға алған Ғалымжан ...

Толығырақ »

«КҮМІС ЖАС » ЖОБАСЫ КӨҢІЛГЕ ҚАЯУ ТҮСІРМЕЙДІ

Егде адамдардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі шектеулі. Әйтсе де зейнетке жасы таяп қалған адамдар мемлекеттік бағдарлама арқылы «екі қолға – бір күрек» тауып отыр. Қалай десек те, орта жастағыларға кәсіби біліміне сай жұмыс табу оңай емес. Осы мақсатты ұстанған орта буындарға Үкімет «Күміс жас» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама елу жастан асқандарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Төлеби ауданының «Мансап » орталығы ...

Толығырақ »

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА АРНАЙЫ САПАРМЕН БАРДЫ

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлының кезекті іс-сапары Қазығұрт ауданында жалғасты. Алғашқы аялдама Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектепке барып, жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Басқарма басшысы білім ұясымен танысып, ағымдағы жөндеу жұмыстарына ұсыныс беруді тапсырды. Қазіргі таңда газға ауыстыру жоспарда. Қазығұрттағы Қызылдихан жалпы білім беретін мекемесіне келген басқарма басшысы аралауды қауіпсіздік шараларынан бастады. Қоршауды қарап, бейнебақылау камераларын түгендеді. Дабыл ...

Толығырақ »

БІЛІКТІ ҰСТАЗ — “ЖАҢА ИДЕЯЛАР ЖАРШЫСЫ”

Қазіргі заман талабына сай, білімді, білікті озық ойлы шәкірт тәрбиелеуде мұғалімнің алатын орны ерекше. Білім алушының тұлғалық даму іргетасы бастауышта қаланады. Сол себепті бастауыш сыныпта білім беру жүйесінде инновациялық әдістер, жаңа талаптар қойылып отыр. Сабақты меңгерту барысында күнделікті қарапайым өмірмен байланыстыру, мысалдар келтіріп айту, сыныптан ұқсас заттарды тапқызу арқылы өз ойларын айтқызу. Тиімді әдіс-тәсілдерді тек жоғары сыныпта ғана емес, бастауыш ...

Толығырақ »

«Білім сапасын арттырудағы кедергілер, оларды шешу жолдары» тақырыбында ашық есік күні өтті

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскерлері Г.Молжігіт пен Ж.Мыңбаеваның ұйымдастырумен Б.Төлепбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте беру ұйымдарындағы бастауыш 4 сынып мұғалімдерімен «Білім сапасын арттырудағы кедергілер, оларды шешу жолдары» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Келген қатысушы мұғалімдер бастауыш сынып мұғалімдерінің білім беру жетістіктерінің мониторингісіне дайындық ретінде алынған сынама тест қорытындылары мен талдаулары және тесттік жинақтарын көріп,, бастауыш ...

Толығырақ »