Түркістан облысы, Ордабасы ауданының білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскерлері Г.Молжігіт пен Ж.Мыңбаеваның ұйымдастырумен Б.Төлепбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте беру ұйымдарындағы бастауыш 4 сынып мұғалімдерімен «Білім сапасын арттырудағы кедергілер, оларды шешу жолдары» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Келген қатысушы мұғалімдер бастауыш сынып мұғалімдерінің білім беру жетістіктерінің мониторингісіне дайындық ретінде алынған сынама тест қорытындылары мен талдаулары және тесттік жинақтарын көріп,, бастауыш сынып мұғалімдерінің баспасөз беттеріндегі және мектепішілік, аудан, облыс көлемінде таратылған іс тәжірибелерінен жасалған шығармашылық көрмесімен танысып өтті.
Ашық есік күнінің барысында, «Бастауыш сынып білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру: шығарманы түсініп, көз жүгіртіп, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып оқуға үйрету» тақырыбында А. Қадыр, Г.Айтбаева «Бастауыш сынып білім алушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру: есептерді шығару үдерісінде жылдамдық, арақашықтық, уақыт шамаларының өзара тәуелділігін пайдалануды үйрету» тақырыбында Қ.Байқонысова,М.Медеубекова «Білім алушылардың жаратылыстану- ғылыми сауаттылығын қалыптастыру: заттың қасиетіне байланысты қолдану аясын анықтау» тақырыбында А.Өтебек, Қ.Қалымбет шеберлік сабақтарын өткізді.
Шеберлік сабақтарында мұғалімдер тақырыпқа сай оқу мақсатына негізделген тиімді әдіс- тәсілдерді қолдануды, тестік тапсырмаларды құру және тексеруде цифрлық ресурстарды қолданудың ұтымды жолдарын үйренді.
Қатысушы мұғалімдер мектеп ұжымына жүрекжарды ақ тілектері мен шығармашылық табыстар тілеп, алдағы уақытта әріптестік тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетте екендіктерін білдірді.