Қазіргі заман талабына сай, білімді, білікті озық ойлы шәкірт тәрбиелеуде мұғалімнің алатын орны ерекше. Білім алушының тұлғалық даму іргетасы бастауышта қаланады. Сол себепті бастауыш сыныпта білім беру жүйесінде инновациялық әдістер, жаңа талаптар қойылып отыр.
Сабақты меңгерту барысында күнделікті қарапайым өмірмен байланыстыру, мысалдар келтіріп айту, сыныптан ұқсас заттарды тапқызу арқылы өз ойларын айтқызу.
Тиімді әдіс-тәсілдерді тек жоғары сыныпта ғана емес, бастауыш сыныпта да жас ерекшелігіне сай пайдаланудың, қолданудың мүмкіндігі мол.
2023 жылдың 23.10-03.11 аралығында «Бастауыш сынып (1-4 сыныптар ) мұғалімдерінің «Математика» «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, «Шаян мектеп лицейі» базасында өтті.
Курстан үйренген дүниеміз көп болды. Сонымен қатар курс барысында тыңдаушыларға бастауыш сынып мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттілікті қалай жүзеге асыру керектігін үйрендік.
Математика сабағында 2, 3, 4 амалмен шығарылатын есеп-терді моделдеу, логикалық және комбина-торлық есептерді шешу жолдарын меңгердік. Қуып жету және қалып қою қозғалысы есептерін шешу жолдарын үйрендік. Әр сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаландық. Сабақ қызықты әрі жаңа техногогиялармен толыққан. Курс тренері Мыңбаева Ақбота Қамзабекқызы А.Т.Стойлованың есептер шығару әдістерінің 4 классификациясын түсіндіріп өтті. Және әр сабақта топқа біріктіріп, түрлі тапсырмалар беру арқылы күнделікті сабақтың тақырыбы ашылып тұрды.
Қазақ тілі пәнінен сөз таптары және синтаксистік талдауды түрлі әдіспен өтті. «Конверт» әдісі арқылы 4 топқа синтаксистік талдау бойынша тапсырма берілді.
Әріптестеріміз практикалық-тәжірибелік сабақтар барысында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Курс барысында қысқа мерзімді жоспарды дұрыс құруды, білім алушы жас ерекшелігіне орай тапсырманы нақты беруді, мұғалімнің қаруы — сұрақ, сұрақты нақты қойып, нақты жауап алуды үйрендік. Әдіс пен тәсілдің айырмашылығын, кері байланыс пен рефлекция қалай жүргізілетінін толық меңгердік. Курстан үйренгеніміз көп болды.
Біз осы курсты ұйымдастарған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты басшылығына шексіз алғыс білдіреміз.
Құрметті Мыңбаева Ақбота Қамзабекқызы!
Курс тыңдаушылары атынан Сізге шығармашылық толағай табыстар тілейміз! Мерейіңіз әрдайым үстем болсын!
Элвира ПАРЫМБЕКОВА,
«Досан жалпы білім беретін мектебінің»
бастауыш сынып мұғалімі.