Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТҮЛКІБАСТА: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен 04.09.2023 жылы өткен №28 кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық орталықтары ашылу туралы Түлкібас ауданының білім бөлімінің №297 бұйрығы шығарылып, әдістемелік нұсқау хат және бағдарламасымен таныстырылды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына педагогикалық қолдау бағдарламасының тақырыптары 1-қосымшаға сәйкес ұсынылған.
Орталықтың ашылу мақсаты — ата-аналарға педагогикалық дәрістер беріп, балалармен қарым-қатынаста психологиялық, педагогикалық тұрғыдан бағыт бағдар беру. Бұйрыққа сәйкес мектептің педагог-психологы, әлеуметтік педагогы, қббп, сынып жетекшілері ұсынылған тақырыптар аясында оқыту, кеңес беру, тренингтер өткізеді. Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас орнатуға көмек беру, сол бағытта кеңестер мен дәрістер жүргізу.
Сонымен қатар, олардың басты басымдықтары – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы бойынша жұмысты күшейту және ата-аналардың позитивті мәдениетін дамыту.
Жалпы аудан бойынша 60 мектеп директорлары, 70 тәрбие ісі бойынша директор орынбасарларына осы тақырып аясында тағы да таныстыру, бағыт бағдар беру жиыны өткізілді.
Мемлекет басшысы К. Токаевтың Түркістанда өткен құрылтайында жасөспірім мен ата аналарға қатысты тәрбие бойынша айтылған сөздері баяндалды.

Пікір жазу